0 дауыс
1.1k көрілді
Жаһандану кезінде кедейліктің белең алуына не себеп бар?

1 жауап

0 дауыс

Жаһандану (“глобализация”, “глобализм”) ұғымдары XX ғасырдың 80-жылдары АҚШ-та қолданыла бастады. Алғашқы еңбектердің аттары “Шекарасыз әлем”, “Біртұтас әлем”, “Біртұтас экономика” деген аттармен жарық көрді.

Жаһандану дегеніміз не? Орыс ғалымы В.М.Межуев «жаһандану – әлемдік қауымдастықтағы ұлттық мемлекеттер мен аймақтардың бір-біріне өзара тәуелділігінің артуы, олардың жалпыға ортақ экономикалық, саяси және мәдени ережелері бар бір жүйеге бірте-бірте тартылуы, интеграциялануы», деп атап көрсетеді. Оған мысал – ЮНЕСКО, компьютерлендіру бағдарламалары, ғарышты игеру, бүкіләлемдік қуатты корпорациялар, Халықаралық сауда ұйымы, Халықаралық туристік ұйым сияқты әлемдік қаржы институттары тағы сол сияқты.

Жаһандануды былай сипаттауға болады: бір ел мен екінші елдің арасындағы кедергілер азаяды, кең көлемде қауымдасудың мәні мен мағынасы артады, ақпараттар беру ісі жеңілдейді, қаржылық, ақпараттық салаларда біртұтас кеңістік жүйесі қалыптасады.

Қазір әлемдік қауымдастықта жаһандану үрдісі туралы оны жақтайтын және оны тіптен қабылдай алмайтын екі топ бар. Жақтаушылар, жаһандану нарық жүйесінде баға біркелкілігін жүзеге асырады, сондықтан, түбінде бағаның реттелуін, бірыңғай әрі салыстырмалы түрде төмен болуы мүмкіндігін алға тартады. Олардың пікірінше, жаһанданудың басты мақсаты – дамудың біркелкілігіне жету, мысалы, бір елде жаңғыртылған іс екінші елде артта қалып қоюы жан-жақты тиімсіз. Егер бірнеше ел компьютер жүйесінің бір бағдарламасын ұстанып, екінші бір елдер екінші бағдарламасын ұстанса, олар біріне-бірі қиюласпаса, байланыстың қай түрі болмасын қиындайтыны сөзсіз.

Толығырақ: http://startinfo.kz/buisness/jahandany-jahandany-keibir-masele/

Ұқсас сұрақтар

+3 дауыс
6 жауап
0 дауыс
2 жауап
Белгісіз 21.05.2020 Тарих сұрақтары сұрақ қойды
...