0 дауыс
"Когда бедность входит в дверь, любовь вылетает в окно" мақалын қалай аударуға болады?

Жалпы орыстың ұлағатты сөзін аудара алмай жатырмын. Тура мағынада емес, өз мәнін сақтап қалуы керек. Мәні кедей бола бастағаныңда, махаббатың сені тастап кетеді дегенге саяды.
15.02.2015 866 қаралым

4 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Кедейшілік есіктен кіргенде,
Махаббат терезеден шығып кетеді
04.08.2015
+1 дауыс
Кедейлік есік қаққанда, махаббат күл боп ұшады.
15.02.2015
Күл деуге келмей қалады. Мұнда өмірді бөлме деп есептегенде, кедейлік есігін қағады, ал махаббат (өмір-бөлменің ішінде) терезеден "ұшады." Келіңкіремейді, идеяңызға рахмет. :))
ал бөлмеде пеш болуы мүмкін емес пе?)мен мағынасына қарай аудардым)
+1 дауыс
Кедейлiк есiктен кiрдi,
Махаббат терезеден шықты )
15.02.2015
+1 дауыс
"Жомарттың қолын жоқтық байлайды" - деген қазақта әдемі мақал бар,
04.08.2015
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы