Сіздің тұрмыс жағдайыңызды өзіңізден басқа ешкім де – еліңіз де, мемлекет те, заң да жауапкершілігіне алмайды. Алдыңызга койған мақсатты іске асыру үшін, бізге басқа ойлау ағымы, басқа көзқарас, басқа тәжірибе қажет. Адамның миындай жетілген нәрсе жоқ, тек қана осынын мүмкіншілігін қолдануды үйренуіміз керек. Айналамыздағы адамдардың 98 пайызы ескі, қатып қалган ойлау жүйесімен ойлайды. Бұлар біздің туыстарымыз, достарымыз, таныстарымыз. Бәрінің де айтатындары: ақшам болса өз ісімді бастар едім, ақшам жоқ, амал не, ештеңе істей алмайсың. Ақиқат олай емес. Бай болу үшін іске кірісу қажет, өз арманыңды іске асыру үшін, жаңа біліммен өзіңді жетілдіру шарт. Өзіңізден сұраңыз: «адамдар алдымен байып барып ақылды бола ма, алде ақылды болып барып бай бола ма? – деп. Әрине, алдымен ақылды болып барып, молшылыққа қолын жеткізеді. "Несібе берген Алла тағала, саған ақыл парасат әділеттілікті берді. Солай екен артықша нәрсені сұраудан ұял». Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.г.с.) Кедейлік пен жоқшылыктың себебі: баюға, молшылыққа жетуге болатыны болатыны туралы еш уақытта ойланбайды. Ойланбағаннан кейін осы бағытқа қарай қадам басып әрекет қылмайды.