+2 дауыс
162k көрілді
Жоспар бойынша жазу керек.
1. Кіріспе. Жырдың тақырыбы.
2. Негізгі бөлім.
а. Қамбар бейнесі.
б. Назым бейнесі.
с. Өзге де кеіпкерлер.
3. Қорытында. Жырдың көркемдік ерекшелігі.

10 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

«Қамбар батыр» жыры өзге эпикалық туындылар тәрізді батыр тұлғасын, оның ел үшін еткен еңбегі мен ерлігін дәуір рухына сай көркемдеп жеткізуді мақсат еткені анық. Жырдың 12 варианты бар. Осыған орай кейбір нұсқаларда біршама ауытқушылықтар кездеседі. Алайда барлығына ортақ нәрсе - өз бойына көне сюжеттерді сақтай отырып, ел қауіпсіздігі маңызды болған тарихи кезеңді жырлау болғаны ақиқат. «Қамбар батыр» жыры батырдың есейіп, ел қамқоры болған тұсынан басталады. Күмістен тағып қарғысын, соңына ертіп тазысын, аңшылықпен айналысып жүрген Қамбардың белсенді қимыл-әрекеті кереметтей тартымды. Күш-қуаты кемеліне келген нағыз жігіттік шағынан басталған оқиға сол рухта аяқталады. Өз ауылы, Әзімбай ауылы және жау елі (қалмақ) - жырдағы кеңістік осылар. Батырдың ерекше болмысы екі жағдайда көрінеді. Біріншісі, көне эпос салтына тән жолбарыспен алысқандағы ерлігі болса, екіншісі - ел шетіне жау келгенде қорған бола білген қаһармандық іс-әрекеті. Сондай-ақ әлеуметтік жігі айқындала бастаған екі түрлі өмір сипатталады.

Қамбармен алғашқы ерлігіне дейін тұтас бір рудың қамын күйттеп, аш-арығын тойдырып, жетпегенін жеткізу жолында жүрген қарапайым аңшы-мерген бейнесінде танысамыз.
Түске дейін ілгені,
Төбедей болып қалады.
Көтеріп тастай береді,
Жарлының шығып көңілінен,
Қызыққа мейірі қанады, - деген жолдар оның аңшылық қасиет пен осы кәсіпке ерекше мән беретіндігінің дәлелі болса керек. Тіптен аң-құс атаулы мергеннің атының сыбдырын ес­тігеннен-ақ қашып жасырынады екен. Жыр бол­мысын ерекшелендіретін елеулі оқиға - Қам­бардың жолбарыспен жалғыз айқасып жеңуі.
Қамбар да қайтпай ұмтылып,
Бар қайратын шақырды.
Құйрығынан көтеріп,
Айналдырып басынан,
Лақтырып кеп жіберді,
Қырық қадам жерден асырып,
Мықтылығын ел көрді.
Жырдың айтарлықтай тағы бір ерекше­лігі - Назымның күйеу таңдап жар салған сынағына Қамбар қатыспайды. Бұл жағдайды жыршы әртүрлі себептермен түсіндіреді. «Бір жаман келіп малы көп, Алып кетсе айырып, Қайғыменен басылар, Ат басындай жүрегім», - деп сұлудан тартынуына кедейлігін сылтау етеді. Осыған қоса «Кедей демесең, одан артық адам жоқ» дейтін хабаршының сөзі бар. Демек, сол жерде Қамбардың бар кемшілігі - кедейлігі екені айқын айтылады. Қыздың құрған өрмегіне де мән бермей, кідірмей өте шығады.
Қамбар бейнесінде жеке отбасын құрудан гөрі руының, тобының қамын жеу басым. Назым тарапынан өзіне деген көңілді сезгенімен оған құлай кетпейді. Қайта бойын аулақ ұстаудың түрлі жолдарын табады. Батырдың ойы былайша беріледі:
Осыған көңілім бөлініп,
Ұмытып кетсем жұртымды,
Құдайдың мені ұрғаны.
Назыммен сөйлесіп тұрғанын көріп қалып, дау-жанжал шығарған қыздың алты ағасының ғайбат сөздерінен Қамбарды кемсіту байқалады.
Назымға қалмақтың ханы сөз салғанымен, жүрегін жаулай алмайды. Қалың нөкеріне сенген жат жұрттың билеушісі қызды зорлықпен алмақшы болған әрекеттеріне байланысты ел ішінде түрлі жағдайлар орын алады.
Ноғайлы билері Қамбарға тарту-та­рал­ғыларымен келіп, сырт жаудың басым­дылығынан қорғау жөнінде ұсыныс айтады. Сол кезде Қамбар тоғыз күннен кейін баруға уәде етеді. Өйткені өзіне қараған тоқсан үйлі тобырының қамын жасап, яғни аң-құс атып, азық-түлікпен қамтамасыз етіп кетуді ойлайды. Қамбар Әзімбайдың сәлеміне «Әуелі, Алла, екінші жұрт үшін белді буайын. Әзімбайдың ақымақ алты ұлына өкпелеп, Жаманның ісін қылмайын» деуі батырдың табиғатының зеректігін айғақтайды. Қамбар мен Назымның алты ағасының арасында болған реніштер елдің тәуелсіздігі ұғымының жанында жай кикілжің есепті болып қалыс қалады.
Қалмақ ханының Назым қызды тартып аламын деп келген тұсынан бастап оқиға күрделіленеді.
Әзімбайды жүдетіп,
Сансыз қолды түнетіп,
Жерімнің шүйін қашырып,
Берекесін кетіріп,
Күйеумін деп Назымға,
Шынтақтайсың мамықты,
Аяғыңды көсілтіп, - деп батыр жауына қарсы батыл ұмтылады. Шекесіне құрама болат дулыға қойған, үстіне бадана көзді берік сауыт киген Қамбар жекпе-жекке шыққан шақта Қараманды өлтіреді.
Қыз Назымға таласып,
Екі батыр соғысты.
Бұлт шайнап, мұз бүркіп,
Үркер мен айдай тоғысты.
Түртіп өтіп кеткені,
Тақиядай ұшады.
Екпініне шыдамай,
Атының жалын құшады, - деп қайратты ер Қамбардың күші суреттеледі. Туған еліне деген сүйіспеншілік сезімнің құдіреті қасиетті жеріне ат ойнатқысы келген озбыр топқа тосқауыл жасайды. Күл төгіп, ірге бекіткен, кіндік қаны тамған қасиетті топырақты бар жан-тәнімен қорғайды. Сондай-ақ қыз баланы діні, ділі, тілі бөлек жат елге жіберуді 18 жасар Қамбар намыс санайды.
Үш күн, үш түн бойы шайқасып, ақыры Қамбар жеңіске жетеді. Басына қиын-қыстау іс келгенде ғана батырды керексінетін, байлық пен мансапқа мастанған байлардың келеңсіз әрекетіне тұтас елді жаудан құтқарған Қамбардың ерлігі қарсы қойылады. Барлық ізгі қасиеттер халық өкілі - батырдың бойына жинақталып суреттеледі. Батырлығы асқанымен әлеуметтік жағынан қызына тең көрмегендіктен, Әзімбай қызын Қамбарға бергісі келмейді. Алайда өзі дәрежелес Аршаханның ақыл-кеңесі арқылы ғана Әзімбай батырға қызын қосуға мәжбүр болады. «Күмістен керегесі, уығы алтын, Оңаша сегіз қанат тікті үйді». Осылайша қатарлап қазынаның бәрін жиып, Әзімбай қырық күн той жасайды.
Жырда батырдың серігі, яғни Қамбардың қарақасқа аты көркем кестеленеді.
Мойның алтын табақтай,
Қамыстай екі құлағың.
Төрт аяғың қазықтай,
Төңкерген кесе тұяғың,
Сұлулығың сүмбідей.
Мінеки, ұшқан құстан озатын ересен жүйріктігі, алыс жолға алқынбай жететін қайраты мен төзімділігі, батырдың тілегін танитын, дұшпанның пиғылын сезетін қасиеті, қысылтаяң тұстарда «тіл бітіп сөйлеп, кеңес беретіндігі» - тек қана батыр тұлпарына тән айшықталған белгілер екені анық. Сондай-ақ батырдың өз басына қатысты «аш бөрідей жалақтап, нар бурадай алысты», «жолбарыстай ширығып», т.б. метафоралы теңеулер қолданылады. «Хан сүйекті Қамбар-ау, қара атыңда жал бар-ау» дейтін Назымның монологының өзі-ақ көп жайды білдірсе керек-ті.
Батырдың көңіл-күй сәттерін, ішкі буыр­қанған толғаныс иірімдерін білдіретін диалог, монологтар да, ұлғайту (гипербола) мен әсірелеу (гротеск) де мол орын алады. Жауын жеңгендегі ерлігін «Қойға кірді бір бөрі, Бөріктіре қырады, Талай қалмақ сұлады», - деп көтермелей жеткізеді. Жеңілген жаудың сипатын «қызыл қаны ағып жосылды», - деп суреттейді.
Дәстүрлі құдалық салт рәміздік ұғымдардың түрлері көңіл аударарлық. Мысалы, күйеуді «алтын сұңқарға, қалыңдықты «қазға» балап, сұңқарға қазды ілдіру арқылы құда түсуді тұспалдайды. Қалыңдық - «қызыл түлкі», күйеу - «жүйрік тазы» немесе қалыңдық - «піскен түйнек», күйеу - «өткір кездік» сияқты көркемдік образдар молынан кездеседі.
Қорыта айтқанда, елді жаудан қорғау идеясы - жырдың алтын арқауы. Бір шүйке басқа алданып, көңіл бөлмей, Қамбар бірінші кезекте өз тобырының жағдайын ойлайды. Кедейлерге көмектесуді парыз санайды.
Дүниеге келіп кетті не асыл зат,
Жаманнан дат, жақсыдан қалады хат.
Бір дұға оқыңыздар аруағына,
Қамбардың болып жатсын көңілі шат, - деген жолдар бар жырдың соңында.
Олай болса, елдік, ерлік рухын асқақтататын Қамбар бейнесі ғасырдан-ғасырға жетіп, әрбір ұрпақтың рухани азығына алдағы уақытта да айналуға тиіс.

0 дауыс
жырдың 19 нұсқасы бар грамматикалық қателер көп алайда жақсы жазылған
0 дауыс

Қамбар батыр эпосы да қазақ халқына көптен мәлім, мейлінше кең тараған. Қазақстанның қай түпкірінде болсын, ел сүйсіне тыңдап, сүйіп оқитын шығармасының бірі.

«Қамбар батыр» туралы аңыз ел аузынан жазылып, алғашқы рет 1865 ж. басылады. Бұдан кейін 1868 ж. «Қисса Қамбар», 1903 ж. «Тоқсан үйлі тобыр» деген аттармен Қазанда басылып, ең толығырақ түрі «Қамбар батыр» деген атпен 1922 ж. Ташкентте шығады. «Қамбар батырдың» бұл вариантын баспаға даярлаған А.Диваев. Бізше, Диваев варианты тек толығы ғана емес, ең көркемі, ең жақсы варианты. Диваевтың 1922 жылы бастырған «Қамбар батырын» Сәкен Сейфуллин (1933 ж.), Сәбит Мұқанов (1939 ж.) жолдастар шығарған батырлар жинағында өзгертілмей, қайта басылды. Ең соңғы рет басылуы - 1957 ж. Мұнда «Тоқсан үйлі тобыр», «Қамбар батыр» екі вариант қатар берілген. Бұл баспасында Қамбардың басылу тарихы, версия, варианттары жайлы ақпар, мәліметтер болғандықтан, ол жағына біз тоқталмайық.

Бізде күні бүгінге дейін дұрыс көңіл аударылып, анықталмай келген бір мәселе - «Қамбар батырэпосын қазақ халқы тарихындағы қай дәуір, қай кезеңге жанастыруымызға болады деген мәселе. Бұл айтуға оңай болса да, дәлелдей қою қиын. Әйтсе де шығарманың мазмұны суреттелетін оқиға, тартыстарға сүйене отырып, кейбір топшылаулар жасауға болмайды емес.

Бүгінгі қазақ атанып отырған елдердің көптеген рулары ноғайлы, өзбек хандықтарының қарауында болғандығы, ноғайлы хандығының өзі сол рулардың құрамасы екендігі Қазақ ССР тарихында да, басқа тарихи еңбектерде әлдеқашан дәлелделініп, қорытылған пікір. Бұл мәселе жөнінде «Ер Тарғын» эпосымен байланысты толық айтылады. Бізше, «Қамбар» эпосы да сол ноғайлы дәуіріндегі қалмақ пен ноғайлылықтардың араларындағы қарым- қатынастардың негізінде туған эпос. Бірақ бұл ноғайлы хандықтарының өзара туыстарының қырсығынан әлсіреген, сондықтан қалмақ хандықтарының ноғайлыларды өзіне бағындырып алуға құдірет-күшіміз жетеді деген сенім туа бастаған кезді меңзейтін тәрізді. Эпоста екі елдің аттары аталады: ноғайлы және өзбек. Бірақ жырдың ұзын-ырғасын алып қарасақ, Әзімбай да, Қамбар да ноғайлылықтар екендігі аңғарылады. Алдымен Қамбар жайлы. «Қамбар батырдың» бас жағында-ақ:

Қазақ емес, сарт емес,
Қамбардың түбі ноғайлы -
десе, Назымды Қамбарға беру туралы Алшыораздың сөзін қостаған ағасы Дараз:

Осы екен істің мақұлы,
Кекті болып кетпесін,
Ноғайлының батыры.
Азулымен өшіксең,
Тигізер зиян ақыры, -
дейді.
Келмембет:
Ноғайдың Қамбар деген батыры бар...
Келмембет ұрып мініп жорғасына,
Жөнелді ноғайлының жолбарысына...
Назым:
Туғызып сіздей сұлтан ноғайлыдан,
Құдайдан айналайын батыр қылған, -
деген сөздерден біз Қамбардың ноғайлы батыры екенін көрсек, сонымен қатар Қамбар мен Назымның сөйлескен сөздерінен ол «Алпыс үйлі арғын, тоқсан үйлі тобырдың батыры да» екендігі байқалады. Кейбір баспада (арабша жазылған текстіде) «Алпыс елді Арғын» деп те келеді.

Қамбар:
Қабатыма аламын,
Алпыс үйлі арғын мен
Тоқсан үйлі тобырды, -
десе, Назым:
Мейман бол, қонып кет дей келіп:
Алпыс үйлі арғынға
Асықпасаң барарсың,
Қардар емес, бізден ол, -
дейді.
Назым «арғын, тобыр», «ноғайлы» деген сөздерді бір мағынада қолданады. Бұл жерде «Асықпасаң барарсың, алпыс үйлі Арғынға» десе, екінші жерінде:
Туғызып сіздей сұлтан ноғайлыдан,
Құдайдан айналайын батыр қылған. -
дейді.
Назымның бұл сөздері «арғын, тобырлар» сол ноғайлы атанған елдің бір бұтағы, бөлімі екендігін меңзейді. «Тоқсан үйлі тобырда» Қамбардың ата-тегі кім, қай елге жатады, эпос осыдан басталады:
Бұрынғы өткен заманда,
Ер Қамбар деген бар екен.
Әзімбай деген бай екен,
Солардан қалған сөзімді
Баян қылып айтайын:
Он сан үйлі Аят бар,
Қырық сан үйлі Қият бар,
Алпыс үйлі Арғын бар,
(Сексен үйлі Ыбыр бар)
Он сегізде жасы бар,
Адал қара дегеннен
Қара тұлпар аты бар,
Қамбар деген ері бар, -
деп келеді. Бұл үзіндідегі кейбір рулардың аты қазір белгісіз. Ондай рулар болды ма, жоқ па, ол - өз алдына мәселе. Бірақ Қамбардың тегі арғын, қият елдері болушылық пен жоғарыда келтірілген үзінділердің бәрінде де оны Ноғайдың батыры деушіліктің тамырын іздесек, тағы да сол ноғайлы дәуіріне тірелеміз.

Ноғайлы басындағы шындық жайт осылай бола тұрса да, халық - әрдайым оптимист. Жақсылықты алдағы өмірден күтеді. Болашаққа сенімі мол. Сондықтан ол Қамбарды мықты жаулары қалмақтарға қарсы шығарып жеңдіреді. «Ноғайлы да ел ме еді» деп менменсінген Қараман ақыры күлкі болып қалады. Елдікті аңсаған ел тілегі Қамбар сықылды ерді, оның атымен байланысты эпостық поэманы туғызды.
Қысқаша мазмұны төмендегіше:
Қамбар батыр Әзімбай дегеннің алты ұлы, бір қызы болады. Әзімбай қызын сүйгеніне бермек болып, Ноғайлы он екі баулы өзбекті шақырып, қызының алдынан өткізеді. Іштей Қамбарды сүйетін Назым ешкімді ұнатпайды. Тойға қатынаспаған Қамбар тоқсан үйлі Тобырын аңмен асырап күнелтуші батыр, бір күні арыстанға жолығып, оны өлтіреді. Сондай бір күндері қыз Назымның ауылының үстінен өтіп бара жатып Назымға көзі түседі. Қыз қанша амал-айла жасаса да, Қамбар оған тоқталмайды. Екінші оралғанында қызбен тіл қатысып, аулақ жүргенін мақұл көретіндігін аңғартады. Бұлардың сөйлесіп тұрғанын қыздың ағалары көріп, Қамбарды өлтірмек болады. Бірақ Назымның кіші ағасы Алшыораз басқаларын тоқтатады. Қамбар өз бетіне кетеді.
Назымның сұлулығын естіп, көршілес қалмақтың ханы Кедей ұлы Келмембетті жіберіп, Әзімбайдан қызын сұратады. Қыздың ағасы Алшыораз Келмембеттің құлақ, мұрнын кесіп кейін қайтарады. Хан әскер жиып келіп, күшпен алмақ болады. Әзімбайлар «береміз» деген амал, айла қолданып, Қамбарға елші жібереді, Қамбар барамын деп уәде береді. Келеді. Ноғайлының батырын көрмекші болып, Қамбарға қалмақ ханы Қараман да кісі жібереді. Қамбар келісімен-ақ хан екеуінің арасында алыс-шалыс сөз болып, жекпе-жекте Қамбар Қараманды өлтіреді. Қалмақтармен соғыс салып, Қамбар мен Алшыораз оларды жеңіп қуады. Қамбарға Назымды қосады. Той жасап, жасау жабдықтап, еліне қайтарады.
Біз жоғарыда Қамбар батырдың атымен байланысты эпостың бірнеше версия, варианты бар дедік. Соның бірі - «Тоқсан үйлі тобыр» . Бұл варианттың жоғарғы, қысқаша мазмұнын келтірсек, өткен варианттан өзгешелігі аз. Оқиға желісі, ондағы тартыстардың себебі, дәлелі, байланыс іздері бір, тек кейбір кісі аттарында өзгешеліктер бар: Қараман - Махтым, Керей ұлы Келмембет - Кедей ұлы Келмембет, Назым - Лазым т.б. кейбір сөз сөйлемдері басқаша болып келеді. Бірақ, негізінен алғанда, бірінен бірі не идея жағынан, не құрылысы жағынан пәлендей айырмашылығы жоқ. «Қамбар батырда» әртүрлі өмір құбылысы молырақ, кеңірек қамтылады да, «Тоқсан үйлі тобырда» сол құбылыс, эпизодтар қысқа көлемде баяндалып, қысқаша түрде суреттеледі.

Қолдағы мәліметке қарағанда, «Тоқсан үйлі тобыр» варианты «Қамбар батырдан» әлдеқайда бұрын жазылынып, бұрын басылып шыққан. Бұл екеуінің қайсысы ескірек, қайсысы жаңа, ол жөнінде үзілді-кесілді пікір айту қиын. Кейбір жолдастар «Тоқсан үйлі тобыр» варианты «Қамбар батыр» аталатын варианттан гөрі ескірек деп жүр. Бірақ келтірген дәлелдері әлсіз. «Қамбар батыр» вариантының кейін жиналып, кейін басылуы ол дәлел болып жетпейді. Бұрын шығып, кейін басылуы, кейін шығып, бұрын басылуы екеуі де мүмкін нәрсе.

Жай оқығанда, әңгіме сұңқар, қаз, қарақұс, құмай тазы, аққу, төбет ит туралы. Бірақ бұл - символ, айтайын дегенін, ой-пікірін бейнелеп сөйлеу. Қамбар өзін сұңқар, құмай суретінде бейнелесе, Қараманды зорлықшыл қарақұс, төбет ит кескінінде бейнелейді.

Сөйтіп, айтайын дегенін кейде ашып айтпай, әдейі бүркемелеп бейнелеу түрінде берушілік - «Қамбар» эпосының өзіне тән ерекшелігі. «Қамбар» эпосындағы поэтикалық тілдің ерекшелігі «Тарғындағыдай» психологиялық параллелизм болмай, символ болуының өзі де, бұл поэманың анағұрлым бергі заманда шыққандығын аңғартады.

Қорыта айтқанда, «Қамбар» бір кезде ноғайлы хандығына қараған қазақ руларының соңғы бір кезеңдерін елестетін жаулаушыларға қарсы елдің бірлігі мен елдігін, ердің ел үшін қызмет етуін аңсау тілегінен туған, құрылыс, көркемдігі шебер, құнды мұрамыздың бірі.<!--QuoteEnd-->

0 дауыс

«Қамбар батыр» – қазақ халқының қаһармандық жыры. Жырдың 19 нұсқасы бүгінгі ұрпаққа жетті. Жырдың басты тақырыбы – жер мен ел намысын қорғау. «Қамбар батыр» жыры батырдың есейіп, ел қамқорлығы болған тұсынан басталады. Негізгі кейіпкер оқиғаға араласпас бұрын Әзімбайдың қисапсыз мол байлығы, оның алты ұлы және сұлу қызы – Назымның сән-салтанаты марапатталады. Онан соң қыз баланы есейгенше мәпелеп, күтіп еркелете өсіріп, ал үлкейген кезінде ескі заманның құдаласу сияқты қатаң заңына көндіре салатын әдет-ғұрыпқа қайшы бір оқиға баяндалады. Ол – Әзімбайдың өз қызына жар болатын кісіні Назымның өзіне таңдатуы. Тоғыз қабат торқадан қынама қамзол киген Назымның толқыған көңілі кереметтей әсерлі беріледі. Алтын тұғыр үстінде ақ тұйғындай еріккен қыздың көркем сәулесі көпке түседі. Тотықұстай түрленген Назым қыз қаракөк жорғаға күймелі арбаны жеккізіп, сайран құрады. Ерте туған бағыландай болып уызына жарыған Назымның толықсыған тұсында «Қасқа мен жайсаң, бектердің» біріне де назар аудармауы жыр оқиғасын қоюлата түседі. Міне, осы арада ғана тойға келмеген Қамбар есімі бірінші рет аталады.

Қамбар ата-анасы мен ауыл жұртының бар сенгені жалғыз өзі екендігін жолбарыспен айқасқанда да, Назым құрған өрмектен өтер­де де, Назымның шақыру сөзі­нен кейін кері қайрылғанда да қайталап айтып отырады. «Тоқсан үйлі тобырды» асырап отырған аңшы, саят­шы кедей жігіт елден асқан бай қызына тең емеспін деп ойлайды.
Бір жаман келіп малы көп,
Алып кетсе айырып.
Қайғыменен басылар,
Ат басындай жүрегім, – дейтін Қамбардың сөзі – бұған дәлел. Кейін Назыммен сөйлесіп қалғанын көріп қалып, қыздың ағалары – Қораз, Дораз, Қарымсақ, Қабыршақтар Қамбарды кемітіп, намысына тиеді. Алайда батырдың азаматтық, адамгершілік қа­сиеттері көзге түседі.

Эпостағы үйлену сарынының бөлекшелігі – батырдың сынаққа қатыспауы, танысуға алғашқы қадам мен басқосу ниетіне қыз тарапынан ғана әрекеттердің жасалуы шынайы баяндалады. Назым тарапынан өзіне деген ықылас-көңілді сезінгенімен, Қамбар оған құлай кетпейді. Қайта неғұрлым одан бойын аулақ ұстаудың түрлі жолдарын табады. «Осыған көңілім бөлініп, ұмытып кетсем жұртымды, Құдайдың мені ұрғаны», – дейтін батырдың ойына қарап Қамбардың ел-жұрт қамын бірінші орынға қоятындығын бірден байқауға болады.
Әңгіменің негізгі түйіні қалмақ ханының Назым қызды тартып аламын деп келген тұсында шиеленісе түседі.
Әзімбайды жүдетіп,
Сансыз қолды түнетіп,
Жерімнің шүйін қашырып,
Берекесін кетіріп,
Күйеумін деп Назымға,
Шынтақтайсың мамықты,
Аяғыңды көсіліп, – деп Қара­ман­ға келіп Қамбардың уәж айтуы, жекпе-жекке шақыруында үлкен мән жатыр. Сұлу Назымды зорлықпен алмақ болған қалмақ ханы тыныш елге ша­буыл жасағанда Әзімбай Қамбарды көмекке шақырады.

«Қойға кірді бір бөрі, бөріктіре қырады, талай қалмақ сұлады», – дейтін жолдар ел үшін Қамбар­дың әзір екендігін аңғартады. Жаудың қалың нөкерінің қызыл қанын жосылтып ағызады.
Бай да мінді бір атқа,
Жоқ та мінді бір атқа, – деп басталатын жыр жолдарынан Қамбар батыр жауын жеңіп, жақынын жат жерліктен азат еткен тұстағы мамыражай өмір, байы мен кедейі мүдделес, шат-шадыман тұрмыс көрсетіледі.
Бұл орайда жырдың көркемдік кестесінде айрықша теңеулердің алатын орны ерекше. Батырдың сенімді серігі ретінде тұлпары былайша суреттеледі:
Мойның алтын таяқтай,
Қамыстай екі құлағың,
Төрт аяғың қазықтай,
Төңкерген кесе тұяғың,
Сұлулығың сүмбідей.
Қамбардың қара қасқа аты бұдан кейін ұшқан құстан озатын ерекше жүйрік, алыс жолға алқынбай жететін қайратты болып бейнеленеді. Осы орайда қара қасқа аттың шабысы шамадан тыс көтермелей суреттеледі.
Астындағы бедеуі,
Суытуы түскен соң,
Құйындай шаңы бұрқырап,
Ұшқан құспен жарысты.
Атқан оқтай зырқырап,
Қылады жақын алысты.
Сонымен қоса батырдың тілегін, дұшпанның пиғылын сезетін қасиеті де бар болып шығады. Қысылтаяң тұстарда «тіл бітіп» сөйлеп, ақыл-кеңес те бере алатындығымен ерекшеленеді. Ал батырдың өз басына қатысты «аш бөрідей жалтақтап, нар бурадай алысты», «жолбарыстай ширығып», т.б. метафоралы те­ңеулер қолданылады. Батырлық жырларға тән кейіпкерлердің көңіл-күй сәттерін, ішкі буырқанған толғаныс иірімдерін білдіретін диалог, монологтар айтарлықтай көркемдік жүк көтеріп тұр. Мәселен, Назым мен Қамбардың, Қамбар мен Қараманның, Келмембет пен Әзімбайдың тіл қатысулары арқылы образдардың мінездемесі толық танылады.

Қалмақ ханы Қараман бейнесі баламалау әдісімен тікелей сұңқарға, құмай жүйрік тазыға, ал Назым – көлдегі үйрек, қазға, алтайы қызыл түлкіге ұқсастырады. Жырдағы дәстүрлі құдалық салтына қатысты рәміздік ұғымдардың әртүрлі формалары да көңіл аударарлық. Мәселен, күйеуді «алтын сұңқарға», қалыңдықты «қазға балап», сұңқарға ілдіру арқылы құда түсуді тұспалдау – көне замандардағы мифтік түсініктермен тамырлас. Тағы бірде «қалыңдық – қызыл түлкі», «күйеу – жүйрік тазы» немесе қалыңдық – піскен түйнек, күйеу – өткір кездік түсініктері көркемдік образдарға нақты мысал бола алады.

Әсіресе, батырдың ерлігі мен Назым сұлудың келбетін мадақтаған тұста ұлғайту (гипербола) мен әсірелеу (гротеск) де мол орын алады. Жырда «Түске дейін ілгені, төбедей болып қалады» деп Қамбардың аңшылық қасиетін дәріптесе, енді бірде жолбарыспен алысқан сәтін «Қырық қадам жерден асыр­ды» деп жүректілігін, қолы­ның қуаттылығын әсіре­лей сипат­тайды. Тіптен аң-құс атаулы­ның мергеннің атының сыбды­рын естіген бойда қашып, жасы­рынады деген жолдар да бар.

Жауын әшкерелеп, жағымсыз образын шегіне жеткізе шебер бейнелеудің озық үлгісі – Келмембеттің сатиралық портреті. «Құлағы кесіліп, құнтиған», «мұрны кесіліп шұнтиған», «мойыны қыл ішектей қуарып», «тоқпақтай басы сымпиған», «көзі қояндай бадырайып», «беті бүйректей бұлтиып», «екі танауы қазылған індей үңірейген» жанның кескін-келбетіне істеген ісі үйлесе кетеді. Өйткені қалмақ ха­нының жандайшаптарының бірі Келмембет – ел арасын бүлді­ріп жүретін, алайда өзінен күшті­нің алдында құрдай жорғалай­тын ұнамсыз адам.

Қалмақты қырып-жойып, қа­нын шашып болып, ақ ордада Қам­бар демалып отырған кезде На­зым келіп: «Жаным құрбан, кө­зіме көрінбейді сіздей бір жан», – деп өзінің ынтықтығын білдіреді.

Дүние-боқтың аздығын,
Қайратты жігіт елей ме?!
Сақа қылған бар ма екен,
Қорғасын құйып кенейге,
Жаны бар кісі қонаққа,
Қыз шақырса келмей ме?! – дейтін ақылды, өжет, сұлу Назымның көңілі қашан да Қамбарда. Жауды жеңген қуа­ныштың үстінде Әзімбай қызы Назымды Қамбарға қосады.
«Күмістен керегесі,
уығы – алтын,
Оңаша сегіз қанат тікті үйді
Қосылып екі асылзат
ойнап-күлді,
Отырып Мұқыш молда
неке қиды.
Кедейдің жалғыз атты
заманы деп,
Дұшпанның даладағы
іші күйді».
Той салтанатының ғажап көріністері де, жақсылықты көре алмайтындардың іштарлығы да көркем тілмен баяндалады.
Қыз Назым шықты бұраңдап,
Он сегіз толған жасына.
Қыз Назым шықты басына,
Салдырып биік мұнара,
Қыз Назым шықты бұраңдап,
Кәмшат бөрік келісіп,
Бриллиант қойды басына.
Назым қыздың сұлулығы, бай­­лығы тойға жиналғандарды айтар­лықтай тәнті етеді. Жырда Назым­ның ажар-көркі он төртінші айдай, ашылған гүлдей, кірсіз қағаздай деген теңеулермен сипатталады.
«Қамбар батырда» жырланатын оқиғалар өте ертедегі өмірден елес береді. Осыған байланысты жыр тілінде өмір тіршілігіне, тұрмыс-салтқа, әдет-ғұрыпқа қатысты бұрын пайдаланылып келген, қазір қолданылмайтын пешене, медет, күрзі, дулыға, алмас тая, шері, хадиса сияқты сөздер кездеседі.

0 дауыс

Қазақ халқының көп вариантты, кең тараған және кеңестік кезеңдегі солақай сыннан аман қалып, көп зерттелген «Қамбар батыр» жыры алғаш қағазға түсіп, жариялануы «Киргизская степь Оренбургского ведомcтва» (СПб., 1865, құрастырған Л.Мейер) атты кітапта баяндалған жырдың қысқаша мазмұнынан — халықтың жыр оқиғасын ңалмақ билігінен азат етумен байланыстыратындығы жайлы хабардан бастау алады. В.Карлсон 1906 жылы жарияланған «Қырғыз (қазақ) халық ақындары архив комиссиясында» атты мақаласында Орынбор облысы, Орал уезі, Жиренңопа болысынан келген жыршылар Қазақпай мен Көшелектің басқа жырлармен қатар «Қамбар» жырын да орындағаны туралы мәлімет келтіреді. Жырды жинау, зерттеу жұмыстары жариялануымен қатар жүрген. Мысалы, жырдың 1888 жылы У.Тухфатуллин деген татар азаматы Зайсан өңірінен жазып алған нүсқасын Қазандағы Университет баспаханасынан «Қисса Қамбар» деген атпен жарияласа, 1903 жылы бүл эпос Қазанда ағайынды Каримовтер баспаханасынан «Тоқеан үйлі тобыр» деген атпен жарық көрген (баспаға дайындаушысы көрсетілмеген). Жыр жарияланымдарының ішінде 1890 жылы Санкт-Петербург қаласында басылған «Түрік хрестоматиясы» жинағында (3-том, 2-бөлім) «Қамбар баһадүрдің жыры» атты белгілі шығыстанушы И.Н.Березин жариялаған нұсқасы мен 1922 жылы Тәшкенде этнограф ғалым Ә.Диваев баспаға дайындаған «Қамбар батыр» нүсқаларының мәні зор.

Қазақ ғалымдарының ішінде «Қамбар батыр» жайлы алғаш ғылыми ой-тұжырымдар түйіндеген М.О.Әуезовтің жырдың өзге эпос үлгілерінен ерекшелігі, ондағы образдар жүйесі, оқиғалардағы көпқабаттылық (полистадиялың) туралы ой қорытындыларының өз кезеңі үшін де, бүгінгі күні де құны жоғары. Ғалым 1927 жылы Қызылордада басылған «Әдебиет тарихы» атты оқулығының «Батырлар әңгімесі» аттытарауында кіші батырлар санатында «Қамбар батыр» жырына тоқталады. Зерттеуші сол кездегі еуропалық ғылыми мектептерде қалыптасқан дағды бойынша қазақ қаһармандық эпосын «аға батырлар», «іні батырлар» деп жіктеген. Ұлы батырларға Едіге, Қобыланды, Ер Тарғын, Ер Сайын мен Нәрікұлы Шора батырды, ал кіші батырларға Қамбар мен Алпамыс батырды жатқызады. М.О.Әуезов Қамбарды «кіші батырлар» санатына жатқыза отырып, батыр образының жасалымындағы өзіндік ерекшелікті былайша сипаттайды: «Біздің батырлардың бір алуаны — аңшыдан шыққан батырлар. Бұл батыр да ертерек мезгілдің адамы болады. Тарихи кезіне қарағанда, Қамбар ұлы батыр».

М.Әуезовтің жырдың негізгі тақырыбы жөніндегі ғылыми пікірлері екі түрлі тұрғыда көрініс табады. Жыр оқиғалары шиеленісуінің шарықтау шегі — қалмақ ханының Назым қызды тартып алмақ болуы. Сол эпизод жаумен арадағы соғыс ел мен жер үшін емес, қалыңдық үшін күрес екенін аңдатады. «Сондықтан бұл әңгіменің тізілуі берірек заманда болғандығын білдіреді», — деген тұжырым жасайды. Жырдың рулық-тайпалық дәуірде туа бастағанымен, онда бір кезеңнің емес, бірнеше дәуірдің оқиғалары көрініс беретініне көңіл аударды. Ол кейінгі зерттеулерінде «Қамбар бір қыздың төңірегінде, Назым үшін жаумен соғысты» деген пікірін қайта қарап, батырдың жер үшін, ел намысы жолында қалмақпен шайқасқандығына ерекше мән береді. 1937 жылы орта және орталау мектептің 6-сыныбы үшін М.Әуезов құрастырған «Әдебиет хрестоматиясында» Ә.Диваев нұсқасынан үзінді жарияланып, жырдың мазмұнына, түр ерекшелігіне қысқаша түсінік берілген. Хрестоматия түзетіліп, толықтырылып, 1938 жылы қайта басылған.

Жыр жөнінде фольклордың өз заңдылығын ескермей, оған саяси тұрғыдан баға беру әсерінен сыңаржақ айтылған пікірлердің жырдың зерттелу тарихнамасында өзіндік орны бар. С.Сейфуллин «Қамбарды ағайынның аш-арығына қайырымшыл, құрбыға, үлкенге кішіпейіл, кедейден шыққан батыр», «Қамбар билер дәуіріндегі үстем таптың санасынан аса алмайды», — дейді. Эпостағы соғыс жөнінде «Ноғайлы заманынан бергі қазақ пен қалмақтың күрес тарихынан хабардар етеді» деп дұрыс жорамал жасайды. С.Сейфуллин өзінің жоғары оқу орнына арналған «Қазақ әдебиеті» атты оқулығында «Қамбар батыр» жырын 1922 жылғы Диваев бастырған нұсқа негізінде талдайды және сол мәтінді «Батырлар жырларының жинағында» жариялайды.

Фольклорлық мұралардан тарихтың дәл көшірмесін іздеу үрдісі «Алпамыс, Қамбар тағы басқалар туралы тарихта ешбір дерек жоқ. Оған қарағанда, бұлардың ойдан шығарылуы да мүмкін» дейтін пікірлерді туғызған. Жыр жайында С.Мұқанов эпостың тәрбиелік мәні мен композициялық ерекшелігі жөнінде пікір білдіріп, жырдың тарихи негізін шежірелерден іздейді. Ол жырдың Ә.Диваев нұсқасын өзі құрастырған «Батырлар жыры» атты жинаққа енгізді. Ә.Марғұлан жырлардың шығу төркіні мен тарихпен байланысына көңіл аударып, қазақ қаһармандық эпосын бес дәуірге бөліп, «Қамбар батыр» жырын үшінші — Ноғайлы дәуіріне — Жошы ұлысының ыдырауы мен өзара қырқысқан соғыстарды бейнелейтін екінші кезеңіне жатқызса [8, 81], Ә.Қоңыратбаев қазақ эпосын он салаға бөліп, «Қамбар» жырын үшінші — тайпалық эпос тобына жатқызады [9,18]. Орыс зерттеушісі А.С.Орлов жырды орыс былиналарымен салыстырады. 1948 жылы жарық көрген «Қазақ әдебиеті тарихының» батырлар жыры туралы тарауында Қ.Жұмалиев «Қамбар батыр» атты мақалада жырдың бас кейіпкерінің аңшылығын жырдың басты ерекшелігі ретінде сипаттап, фольклортану тұрғысынан сараптады, бұл туындының композициялық, тілдік ерекшеліктеріне талдау жасады. Кейін 1958 жылы ғалым бұл мәселеге «Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері» атты еңбегінде арнайы тоқталып, күйеу таңдаудың көне мотив екенін дәлелдейді. Кеңестік әміршілдік жүйенің әдебиет пен мәдениетті өз құрсауында, белгілі бір шеңбер аясында ұстауға тырысқан саясатының кесірі қазақ эпосына да кері әсерін тигізді. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1947 жылғы 21 қаңтарындағы «ҚазКСР ҒА-ның Тіл және әдебиет инсти-туты жұмысындағы өрескел саяси қателіктер туралы» деген қаулысында М.О.Әуезовтің басшылығымен жазылған «Қазақ әдебиеті тарихының» бірінші томының алғашқы редакциясы қатты сынға алынып, халқымыздың эпостық мұрасы таптық тұрғыдан сұрыпталды. Осы саяси науқанның жалғасы 1953 жылғы Қазақ ССР ҒА-ның Президиумы ұйымдастырған эпос жөніндегі пікірсайыс қорытындысынан соң «Қамбар батыр» мен «Ер Тарғын» жырынан басқа эпос үлгілері мансұқталды [13, 112]. «Қамбар батыр» жыры халықтың пайдалануына «жарамды» деп танылғанымен, жырдың көркемдік қуаты мен жанрлық бітіміне, образдар жүйесіне ғылыми тұрғыдан талдау жасалмады, ондағы әлеуметтік астар мен таптық жік қана негізге алынды. Осы тұстағы М.Ғабдуллиннің және Н.С.Смирнованың мақалалары басқа жырларды қарастырған зерттеушілердің кемшілігін көрсетуге, ал «Қамбар» жырын дәріптеуге арналды. М.Ғабдуллин жазған оқулықтар мен оқу құралдарында тек бір ғана жыр зерттеу нысанына алынды. М.Ғабдуллиннің «жырдың барлық варианттарын тұтас қарастыру» туралы пікірлері іске аспады, қайта қатты сынға ұшырады. Н.С.Смирнованың «Қамбар батыр» жырының негізгі кейіпкерлерін әлеуметтік тұрғыдан ғана талдайтын еңбегінен кейін Мейер (1865) оқиғасын орысша баяндаған жыр сюжетінен басқасы назардан тыс қалды.
1956 жылғы «Алпамыс» (өзбек варианты) жөніндегі Тәшкенде өткен республикааралық кеңес және 1958 жылғы Мәскеуде өткен СССР халықтары эпосын жинау, бастырып шығару және оны тыңғылықты зерттеу мәселелеріне арналған Бүкілодақтың кеңес жұмысынан кейін эпостық мұраға деген көзқарас біршама жұмсарды. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1957 жылғы қаулысындағы көне мұраларды жинау, зерттеу, әділ бағалау туралы нұсқаулардың оң ықпалы болды. Жинау, іздестіру, жариялау жұмыстарының қарқын алуының нәтижесінде зерттеуші М. Ғұмарова «Қисса Қамбар» жырының 1888 жылғы басылымын тауып, оның осындай мазмұнды варианттардың негізі екендігін анықтаған. Осыдан соң «Қамбар батыр» жыры жайлы тың деректер мен мол мағлұматтар берген ғалымдардың ой-пікірлері жарық көрді. 1959 жылы жырдың ғылыми басылымы (Ред. басқ. М.О.Әуезов және Н.С.Смирнова. Басылымды дайындағандар: Н.С.Смирнова мен М.Ғұмарова) жарық көрді. Жырдың төрт нұсқасы (Ә.Диваев, Б.Мұқамбаев, «Тоқсан үйлі тобыр» және Р.Мәзқожаев нұсқалары) мен ертегілік нұсқасы және олардың орыс тіліндегі аудармасы дайындалып, қосымшада жырдың негізгі нұсқалары туралы Н.С.Смирнованың көлемді мақаласы, түсініктер мен әр түрлі нұсқаларындағы өзгерістер (разночтения) және «Қамбар батыр» күйі, осы жырдың ноталық жазбалары берілді.
1959 жылғы «Әдеби мұра және оны зерттеу» атты ғылыми-теориялық конференцияда Т.Сыдықов «Қамбар батыр» жырының 17 нұсқасы жиналғаны туралы мәлімет берсе, осы конференцияда мәскеулік ғалым В.М.Сидельников: «Вся работа была сосредоточена вокруг семи богатырей, и особенно Камбара. Большей частью велась работа по подготовке текстов эпоса к публикации. Не было углубленного рассмотрения эпоса. Надо познакомить читателя со всем эпическим богатством казахского народа», — деп сын айтты. Орта және жоғары оқу орындарына арналған «Қазақ әдебиеті» оқулықтары мен оқу құралдарында, педучилище мен жоғарғы мектеп бағдарламаларында жырдың Ә.Диваев варианты қарастырылып, хрестоматияларда жарияланды. 1960 жылы жарияланған «Қазақ әдебиетінің тарихындағы» (1-том, 1-кітап) «Қамбар батыр» жыры туралы тарауды жазған Н.С.Смирнова мен М.Ғұмарова Ә.Диваев нұсқасын негізге алып, өзге нұсқалар жөнінде де пікір білдірді. Өзге де батырлық жырларды талдау барысында ғалымдар «Қамбар батырға» көңіл аударып отырды. 1961 жылы баспадан шыққан «Алпамыс батыр» жырының ғылыми басылымына жазған түсінікте Н.С.Смирнова екі жырды салыстырады, М.Ғабдуллин мен Қ.Жұмалиев 1958 жылғы «Қазақ эпосы» жинағының және 1963 жылғы «Батырлар жырының» I томының алғы сөзінде, 1958 жылы жарияланған «Қазақ эпосы туралы» атты бірлесе жазған мақалаларында, М.Ғабдуллин мен Т.Сыдықовтың 1968 жылы жарық көрген «История казахской литературы» атты ұжымдық монографиядағы жырға арнап жазған тарауында, 1972 жылғы «Қазақ халқының батырлық жыры» атты еңбегінде «Қамбар» жырының бұрын жарық көрмеген өзге варианттары да сөз болады.

0 дауыс
Шыгарма жазып берыныздершы "Камбар батыр бейнесы " деген такырыпка
0 дауыс
«Қамбар батыр» жыры өзге эпикалық туындылар тәрізді батыр тұлғасын, оның ел үшін еткен еңбегі мен ерлігін дәуір рухына сай көркемдеп жеткізуді мақсат еткені анық. Жырдың 12 варианты бар. Осыған орай кейбір нұсқаларда біршама ауытқушылықтар кездеседі. Алайда барлығына ортақ нәрсе - өз бойына көне сюжеттерді сақтай отырып, ел қауіпсіздігі маңызды болған тарихи кезеңді жырлау болғаны ақиқат. «Қамбар батыр» жыры батырдың есейіп, ел қамқоры болған тұсынан басталады. Күмістен тағып қарғысын, соңына ертіп тазысын, аңшылықпен айналысып жүрген Қамбардың белсенді қимыл-әрекеті кереметтей тартымды. Күш-қуаты кемеліне келген нағыз жігіттік шағынан басталған оқиға сол рухта аяқталады. Өз ауылы, Әзімбай ауылы және жау елі (қалмақ) - жырдағы кеңістік осылар. Батырдың ерекше болмысы екі жағдайда көрінеді. Біріншісі, көне эпос салтына тән жолбарыспен алысқандағы ерлігі болса, екіншісі - ел шетіне жау келгенде қорған бола білген қаһармандық іс-әрекеті. Сондай-ақ әлеуметтік жігі айқындала бастаған екі түрлі өмір сипатталады.

Қамбармен алғашқы ерлігіне дейін тұтас бір рудың қамын күйттеп, аш-арығын тойдырып, жетпегенін жеткізу жолында жүрген қарапайым аңшы-мерген бейнесінде танысамыз.
Түске дейін ілгені,
Төбедей болып қалады.
Көтеріп тастай береді,
Жарлының шығып көңілінен,
Қызыққа мейірі қанады, - деген жолдар оның аңшылық қасиет пен осы кәсіпке ерекше мән беретіндігінің дәлелі болса керек. Тіптен аң-құс атаулы мергеннің атының сыбдырын естігеннен-ақ қашып жасырынады екен. Жыр болмысын ерекшелендіретін елеулі оқиға - Қамбардың жолбарыспен жалғыз айқасып жеңуі.
Қамбар да қайтпай ұмтылып,
Бар қайратын шақырды.
Құйрығынан көтеріп,
Айналдырып басынан,
Лақтырып кеп жіберді,
Қырық қадам жерден асырып,
Мықтылығын ел көрді.
Жырдың айтарлықтай тағы бір ерекшелігі - Назымның күйеу таңдап жар салған сынағына Қамбар қатыспайды. Бұл жағдайды жыршы әртүрлі себептермен түсіндіреді. «Бір жаман келіп малы көп, Алып кетсе айырып, Қайғыменен басылар, Ат басындай жүрегім», - деп сұлудан тартынуына кедейлігін сылтау етеді. Осыған қоса «Кедей демесең, одан артық адам жоқ» дейтін хабаршының сөзі бар. Демек, сол жерде Қамбардың бар кемшілігі - кедейлігі екені айқын айтылады. Қыздың құрған өрмегіне де мән бермей, кідірмей өте шығады.
Қамбар бейнесінде жеке отбасын құрудан гөрі руының, тобының қамын жеу басым. Назым тарапынан өзіне деген көңілді сезгенімен оған құлай кетпейді. Қайта бойын аулақ ұстаудың түрлі жолдарын табады. Батырдың ойы былайша беріледі:
Осыған көңілім бөлініп,
Ұмытып кетсем жұртымды,
Құдайдың мені ұрғаны.
Назыммен сөйлесіп тұрғанын көріп қалып, дау-жанжал шығарған қыздың алты ағасының ғайбат сөздерінен Қамбарды кемсіту байқалады.
Назымға қалмақтың ханы сөз салғанымен, жүрегін жаулай алмайды. Қалың нөкеріне сенген жат жұрттың билеушісі қызды зорлықпен алмақшы болған әрекеттеріне байланысты ел ішінде түрлі жағдайлар орын алады.
Ноғайлы билері Қамбарға тарту-таралғыларымен келіп, сырт жаудың басымдылығынан қорғау жөнінде ұсыныс айтады. Сол кезде Қамбар тоғыз күннен кейін баруға уәде етеді. Өйткені өзіне қараған тоқсан үйлі тобырының қамын жасап, яғни аң-құс атып, азық-түлікпен қамтамасыз етіп кетуді ойлайды. Қамбар Әзімбайдың сәлеміне «Әуелі, Алла, екінші жұрт үшін белді буайын. Әзімбайдың ақымақ алты ұлына өкпелеп, Жаманның ісін қылмайын» деуі батырдың табиғатының зеректігін айғақтайды. Қамбар мен Назымның алты ағасының арасында болған реніштер елдің тәуелсіздігі ұғымының жанында жай кикілжің есепті болып қалыс қалады.
Қалмақ ханының Назым қызды тартып аламын деп келген тұсынан бастап оқиға күрделіленеді.
Әзімбайды жүдетіп,
Сансыз қолды түнетіп,
Жерімнің шүйін қашырып,
Берекесін кетіріп,
Күйеумін деп Назымға,
Шынтақтайсың мамықты,
Аяғыңды көсілтіп, - деп батыр жауына қарсы батыл ұмтылады. Шекесіне құрама болат дулыға қойған, үстіне бадана көзді берік сауыт киген Қамбар жекпе-жекке шыққан шақта Қараманды өлтіреді.
Қыз Назымға таласып,
Екі батыр соғысты.
Бұлт шайнап, мұз бүркіп,
Үркер мен айдай тоғысты.
Түртіп өтіп кеткені,
Тақиядай ұшады.
Екпініне шыдамай,
Атының жалын құшады, - деп қайратты ер Қамбардың күші суреттеледі. Туған еліне деген сүйіспеншілік сезімнің құдіреті қасиетті жеріне ат ойнатқысы келген озбыр топқа тосқауыл жасайды. Күл төгіп, ірге бекіткен, кіндік қаны тамған қасиетті топырақты бар жан-тәнімен қорғайды. Сондай-ақ қыз баланы діні, ділі, тілі бөлек жат елге жіберуді 18 жасар Қамбар намыс санайды.
Үш күн, үш түн бойы шайқасып, ақыры Қамбар жеңіске жетеді. Басына қиын-қыстау іс келгенде ғана батырды керексінетін, байлық пен мансапқа мастанған байлардың келеңсіз әрекетіне тұтас елді жаудан құтқарған Қамбардың ерлігі қарсы қойылады. Барлық ізгі қасиеттер халық өкілі - батырдың бойына жинақталып суреттеледі. Батырлығы асқанымен әлеуметтік жағынан қызына тең көрмегендіктен, Әзімбай қызын Қамбарға бергісі келмейді. Алайда өзі дәрежелес Аршаханның ақыл-кеңесі арқылы ғана Әзімбай батырға қызын қосуға мәжбүр болады. «Күмістен керегесі, уығы алтын, Оңаша сегіз қанат тікті үйді». Осылайша қатарлап қазынаның бәрін жиып, Әзімбай қырық күн той жасайды.
0 дауыс
Жок ол дурыс емес)
0 дауыс
"Батыр баян " поэмасындағы батыр беинеси. Деген шыгарма жазу керек

Жоспар боиынша

1кириспе бөлим

"Батыр туса ел ырысы..."

2.негізгі болим
А)поэмасындағы котерилген негізгі мәселе .

Ә)баян батыр -ел мақтанышы .

Б) батырды намыс өлтіреді...

3.корытынды .
0 дауыс
Қамбар батыр шығармасына жоспар:

1.Қамбар батыр жыры - ауыз әдебиетінің ерекше түрі.

2.Қамбар батыр бейнесі:

А) жырдың негізгі идеясы - ел бірлігі.

Ә) Батырдың адал жары және тұлпары.

3.Жырдың өзіне тән ерекшеліктері.
...