0 дауыс
29.1k көрілді
Тез арада Қамбар батыр жырының толық нұсқасы керек, немес сілтеме болса да болады!!

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
«Қамбар батыр» эпосы да қазақ халқына көптен мәлім, мейлінше кең тараған. Қазақстанның қай түпкірінде болсын, ел сүйсіне тыңдап, сүйіп оқитын шығармасының бірі.

«Қамбар батыр» туралы аңыз ел аузынан жазылып, алғашқы рет 1865 ж. басылады. Бұдан кейін 1868 ж. «Қисса Қамбар», 1903 ж. «Тоқсан үйлі тобыр» деген аттармен Қазанда басылып, ең толығырақ түрі «Қамбар батыр» деген атпен 1922 ж. Ташкентте шығады. «Қамбар батырдың» бұл вариантын баспаға даярлаған А.Диваев. Бізше, Диваев варианты тек толығы ғана емес, ең көркемі, ең жақсы варианты. Диваевтың 1922 жылы бастырған «Қамбар батырын» Сәкен Сейфуллин (1933 ж.), Сәбит Мұқанов (1939 ж.) жолдастар шығарған батырлар жинағында өзгертілмей, қайта басылды. Ең соңғы рет басылуы - 1957 ж. Мұнда «Тоқсан үйлі тобыр», «Қамбар батыр» екі вариант қатар берілген. Бұл баспасында «Қамбардың» басылу тарихы, версия, варианттары жайлы ақпар, мәліметтер болғандықтан, ол жағына біз тоқталмайық.

Бізде күні бүгінге дейін дұрыс көңіл аударылып, анықталмай келген бір мәселе - «Қамбар батыр» эпосын қазақ халқы тарихындағы қай дәуір, қай кезеңге жанастыруымызға болады деген мәселе. Бұл айтуға оңай болса да, дәлелдей қою қиын. Әйтсе де шығарманың мазмұны суреттелетін оқиға, тартыстарға сүйене отырып, кейбір топшылаулар жасауға болмайды емес.

Бүгінгі қазақ атанып отырған елдердің көптеген рулары ноғайлы, өзбек хандықтарының қарауында болғандығы, ноғайлы хандығының өзі сол рулардың құрамасы екендігі Қазақ ССР тарихында да, басқа тарихи еңбектерде әлдеқашан дәлелделініп, қорытылған пікір. Бұл мәселе жөнінде «Ер Тарғын» эпосымен байланысты толық айтылады. Бізше, «Қамбар» эпосы да сол ноғайлы дәуіріндегі қалмақ пен ноғайлылықтардың араларындағы қарым- қатынастардың негізінде туған эпос. Бірақ бұл ноғайлы хандықтарының өзара туыстарының қырсығынан әлсіреген, сондықтан қалмақ хандықтарының ноғайлыларды өзіне бағындырып алуға ұдірет-күшіміз жетеді деген сенім туа бастаған кезді меңзейтін тәрізді. Эпоста екі елдің аттары аталады: ноғайлы және өзбек. Бірақ жырдың ұзын-ырғасын алып қарасақ, Әзімбай да, Қамбар да ноғайлылықтар екендігі аңғарылады. Алдымен Қамбар жайлы. «Қамбар батырдың» бас жағында-ақ:

Қазақ емес, сарт емес,

Қамбардың түбі ноғайлы - десе, Назымды Қамбарға беру туралы Алшыораздың сөзін қостаған ағасы Дараз:

Осы екен істіңмақұлы,

Кекті болып кетпесін,

Ноғайлының батыры.

Азулымен өшіксең,

Тигізер зиян ақыры, -дейді.

Келмембет:

Ноғайдың Қамбар деген батыры бар...

Келмембет ұрып мініп жорғасына,

Жөнелді ноғайлының жолбарысына...

Назым:

Туғызып сіздей сұлтан ноғайлыдан,

Құдайдан айналайын батыр қылған, - деген сөздерден біз Қамбардың ноғайлы батыры екенін көрсек, сонымен қатар Қамбар мен

Назымның сөйлескен сөздеріненол «Алпыс үйлі арғын, тоқсан үйлі тобырдың батыры да» екендігі байқалады. Кейбір баспада

(арабша жазылған текстіде) «Алпыс елді Арғын» деп те келеді.

Қамбар:

Қабатыма аламын,

Алпыс үйлі арғын мен

Тоқсан үйлі тобырды, - десе, Назым:

Мейман бол, қонып кет дей келіп:

Алпыс үйлі арғынға

Асықпасаң барарсың,

Қардар емес, бізден ол, - дейді.

Назым «арғын, тобыр», «ноғайлы» деген сөздерді бір мағынада қолданады. Бұл жерде «Асықпасаң барарсың, алпыс үйлі Арғынға» десе, екінші жерінде:

Туғызып сіздей сұлтан ноғайлыдан,

Құдайдан айналайын батыр қылған. -

дейді.

Назымның бұл сөздері «арғын, тобырлар» сол ноғайлы атанған елдің бір

бұтағы, бөлімі екендігін меңзейді. «Тоқсан үйлі тобырда» Қамбардың ата-тегі

кім, қай елге жатады, эпос осыдан басталады:

Бұрынғы өткен заманда,

Ер Қамбар деген бар екен.

Әзімбай деген бай екен,

Солардан қалған сөзімді

Баян қылып айтайын:

Он сан үйлі Аят бар,

Қырық сан үйлі Қият бар,

Алпыс үйлі Арғын бар,

(Сексен үйлі Ыбыр бар)

Он сегізде жасы бар,

Адал қара дегеннен

Қара тұлпар аты бар,

Қамбар деген ері бар, -

деп келеді. Бұл

үзіндідегі кейбір рулардың аты қазір белгісіз. Ондай рулар болды ма, жоқ па, ол

- өз алдына мәселе. Бірақ Қамбардың тегі арғын, қият елдері болушылық пен

жоғарыда келтірілген үзінділердің бәрінде де оны Ноғайдың батыры деушіліктің

тамырын іздесек, тағы да сол ноғайлы дәуіріне тірелеміз.

Әзімбайдың кім екені жөнінде де эпос

көп дерек береді.

Бір вариантында:

Сол уақытта ноғайда

Әзімбай деген бай болған,

Төрт түлігі сай болған, -

десе, екінші

вариантында:

Теңіздің

бойы ноғайлы

Ел

екен өскен жағалы, -

дейді.

Қалмақ ханынан елші болып келген

Келмембет Әзімбайға:

Осы айтқаным болмаса,

Тұғырға сұңқар қонбаса

Ноғайлы

елің бүледі ...

Құда

түсіп, құйрық жеп,

Қыламыз

қызық ойынды;

Ноғайлыңды

шақырма,

Өзіме

бер тойыңды ...

Қараман:

«Түбіңе қап, ноғайлы жетермін» деп,

Қараман ашуланып қапа болды ...

Бес мың алды адамнан,

Ноғайлыға бармаққа.

Әзімбай атынан Қамбармен сөйлесе

барған Жәдігер:

Ноғайлыны шаппаққа

Қалмақтар ішті қасамды¹.

Әзімбай Жәдігерді аттандырып жатып,

Қамбармен өзінің туыстастығын, мұндай қиын-қыстауда көмекке келуі, халқын

қорғауы батырлық борышы екендігін баса айтып, айрықша ескертеді.

Әзімбай айтты жақсылап

Ер Қамбарға сәлемді.

Түбіміз бірге туыс-ты

Ағайын кісі үсте ме,

Қалайша бізбен суысты?

Сүйегін батыр қорлай ма?

Ойласын батыр бұл істі

Жауың жаман сенің-ай,

Тастасын басқа жұмысты ... -

дейді.

Қамбар келіп, қалмақтарға қарсы ұрыс

ашқанда, өзінің ноғайлылары мен Алшыораз да оған көмектеседі. Ұрысты суреттеген

бір жерінде:

Өшігіп қалған ноғайлы

Қоймайтұнға ұқсады.

Қаласына жеткізбей

¹ Қасам - ант, серт.

Көбісін қырып қалмақтың

Қайратты туған ер Қамбар,

Шығарды іштен құсаны, -

дейді.

Бұл келтірген үзінділердің бәрі де

Әзімбайдың өзінің де ноғайлы екендігін дәлелдейді. Эпостың бір-екі жерінде

өзбек елінің аты аталатыны рас.

Он екі баулы өзбекте

Келмей қалған кім бар? деп

Шақырушыны шақырды.

Өзбек елінің аты тек Назымның тойына

байланысты ғана айтылады да, эпоста суреттелінетін оқиғаға қатынаспайды. Әңгіме

тек қалмақ пен ноғайлы арасында ғана болады.

«Тоқсан үйлі тобыр» деп аталатын

«Қамбар» вариантында өзбек көршілес, іргелес отырған ел есебінде

ноғайлылықтардың атынан шақырылады. Бір жерінде:

Ат шаптырды Әзімбай

Он екі баулы өзбекке.

Ат кекілін өрмекке,

Шақырғанның мәнісі -

Лазым деген сұлуды

Сүйгеніне бермекке,

Ноғайлы салған шабарды, -

десе, екінші бір

жерінде:

Көп өзбекті шақырттым

Келсін деп өңкей сабазға;

Келсін деп, сірә, айтпадым

Бурыл сақал қақпасқа,

Ноғайлы

жаман болды ма

Біреуі

саған жақпасқа?

Ақылсыз,

балам, тудың ба

Бір

ер таңдап таппасқа? - дейді.

Сөйтіп, бұл келтірген мысалдар Қамбар да, Әэімбай да Ноғайлы, өзара туыстас, бір елдің адамдары екендігін және эпостың дүниеге келуіне себеп те осы ноғайлы мен қалмақтардың араларында болған

соғыс, қанды майдандар болғандығын аңғартатын сықылды.

Бірақ эпостың жалпы мазмұны

суреттелінген оқиға, адамдардың қарым-қатысы, тартысқа қарағанда, бұл ноғайлы

елдерінің ыдырап, әлсіреген кездеріндегі жағдайды көрсететінге ұқсайды. Бұл

«Тарғындағы» Торғауыттың қамалын бұзып, ескі кегін алмақшы болған Ақша ханның

хандығына да, Тарғынның күшімен Шаған бойындағы қалмақтарды көшіретін Ханзадаға

да ұқсамайды. Ақша ханға қарағанда, Ханзада анағұрлым әлсіз еді десек те, оның

қарауында ноғайлылық деп аталатын іргелі елі бар, бірақ айтулы батыры жоқ, егер

ондай адамы болса, недәуір белді ел боларлық шамасы бар екендігін көрсек,

Әзімбайға қараған ноғайлылықтар, хандықтан айырылған, іргесі сөгіліп, әбден

тозып кеткен ел. Әзімбайды эпостық жырлардың ескі дағды бойынша, кейде «хан»

деп атаса да, шындығында онда ешбір хандық қасиет жоқ. Жай ғана бай адам.

«Тоқсан үйлі Тобырдың» бір жерінде:

Әзімбай деген бай болған,

.

. . .

. . .

. . .

. .

Ішкендерін сұрасаң,

Шекер менен шай болған.

Байлығы шалқар көл еді

Көп ноғайдың бірі еді, -

дейді. Эпостағы

оның іс-әрекеті де осыны аңғартады.

Тарихтың айтуынша, Қалмақ

хандықтарының дәуірлеген кездері болды. Олар осындай кездерде көршілес елдеріне

жойқын шабуыл, қанды жорықтар жасады. «Қамбар батыр» эпосындағы оқиға сондай

күндердің бір алуан көрінісі. Бұл ноғайлылықтардыңәлсіздігі, әсіресе Қараман келіп Әзімбай

ауылын қамаған жерінде айқын аңғарылады:

Өзіңменен қосылып

Қамбар неге келмеді?

Қарсыласып менімен

Ноғайлы да ел ме еді?

Алдыңа салып айдамай,

Қол-аяғын байламай

Кеткенің тастап жөн бе еді?

Бұйрығыма бұл күнде,

Қай мұсылман көнбейді, -

деген тәрізді

«қарсыласса ханды, егессе елді» алып, әбден мейманасы тасқандығын көрсететін

Қараманнның сөзін есепке алмағанда, еліне жау тигенде, Алшыораздан басқа қолына

қару ұстарлық бір адам болмайды. Оның өзі

де тек ауыл арасындағы ғана мықты жігіттердің бірі. Мұндайда ду

көтеріліп, күш біріктірерлік көпшілігі жоқ ноғайлылықтар аз ғана ауыл

бейнесінде суреттеледі. Әрқайсы әр сайды өрлеп жүргендіктері, байлығына

мастанып, алпыс үйлі Арғын, тоқсан үйлі Тобыр тәрізді кедей руларды менсінбей,

елдің іргесін босатып алғандығы енді естеріне түсіп, ноғайлы билерінің

кеңескендегі тапқан ақылы Қамбарға бару, оның да ноғайлы, туыстас, ақсүйектігін

бетке ұстау болады. Сөйлеуге барған Жәдігер:

Қарқын су келіп қаптады,

Ондағы жатқан халқыңды;

Өз теңіңнің ішінде

Ақылың асқан данасың

Жұбатасың жыласа,

Ноғайлының баласын, -

дейді.

Ноғайлы басындағы шындық жайт осылай

бола тұрса да, халық - әрдайым оптимист. Жақсылықты алдағы өмірден күтеді.

Болашаққа сенімі мол. Сондықтан ол Қамбарды мықты жаулары қалмақтарға қарсы

шығарып жеңдіреді. «Ноғайлы да ел ме еді» деп менменсінген Қараман ақыры күлкі

болып қалады. Елдікті аңсаған ел тілегі Қамбар сықылды ерді, оның атымен

байланысты эпостық поэманы туғызды.

Қысқаша мазмұны

төмендегіше:

Қамбар батырӘзімбай

дегенніңалтыұлы, бір

қызы

болады. Әзімбай қызынсүйгеніне

бермек

болып, Ноғайлы он

екібаулы өзбекті шақырып, қызының

алдынан өткізеді. Іштей Қамбарды сүйетін Назым ешкімді ұнатпайды. Тойға

қатынаспаған Қамбар тоқсан үйлі Тобырын аңмен асырап күнелтуші батыр, бір күні

арыстанға жолығып, оны өлтіреді. Сондай бір күндері қыз Назымның ауылының

үстінен өтіп бара жатып Назымға көзі түседі. Қыз қанша амал-айла жасаса да,

Қамбар оған тоқталмайды. Екінші оралғанында қызбен тіл қатысып, аулақ жүргенін

мақұл көретіндігін аңғартады. Бұлардың сөйлесіп тұрғанын қыздың ағалары көріп,

Қамбарды өлтірмек болады. Бірақ Назымның кіші ағасы Алшыоразбасқаларын тоқтатады. Қамбар өз бетіне

кетеді.

Назымның сұлулығын естіп, көршілес

қалмақтың ханы Кедей ұлы Келмембетті жіберіп, Әзімбайдан қызын сұратады. Қыздың

ағасы Алшыораз Келмембеттің құлақ, мұрнын кесіп кейін қайтарады. Хан әскер жиып

келіп, күшпен алмақ болады. Әзімбайлар «береміз» деген амал, айлақолданып, Қамбарға елші жібереді, Қамбар

барамын деп уәде береді. Келеді. Ноғайлының батырын көрмекші болып, Қамбарға

қалмақ ханы Қараман да кісі жібереді. Қамбар келісімен-ақ хан екеуінің арасында

алыс-шалыс сөз болып, жекпе-жекте Қамбар Қараманды өлтіреді. Қалмақтармен соғыс

салып, Қамбар мен Алшыораз оларды жеңіп қуады. Қамбарға Назымды қосады. Той жасап,

жасау жабдықтап, еліне қайтарады.

Біз жоғарыда Қамбар батырдың атымен

байланысты эпостың бірнеше версия, варианты бар дедік. Соның бірі- «Тоқсан үйлі тобыр» . Бұл варианттың

жоғарғы, қысқаша мазмұнын келтірсек, өткен варианттан өзгешелігі аз. Оқиға

желісі, ондағы тартыстардың себебі, дәлелі, байланыс іздері бір, тек кейбір

кісі аттарында өзгешеліктер бар: Қараман - Махтым, Керей ұлы Келмембет - Кедей

ұлы Келмембет, Назым - Лазым т.б. кейбір сөз сөйлемдері басқаша болып келеді.

Бірақ, негізінен алғанда, бірінен бірі не идея жағынан, не құрылысы жағынан

пәлендей айырмашылығы жоқ. «Қамбар батырда» әртүрлі өмір құбылысы молырақ,

кеңірек қамтылады да, «Тоқсан үйлі тобырда» сол құбылыс, эпизодтар қысқа

көлемде баяндалып, қысқаша түрде суреттеледі.

Қолдағы мәліметке қарағанда, «Тоқсан

үйлі тобыр» варианты «Қамбар батырдан» әлдеқайда бұрын жазылынып, бұрын басылып

шыққан. Бұл екеуінің қайсысы ескірек, қайсысы жаңа, ол жөнінде үзілді-кесілді

пікір айту қиын. Кейбір жолдастар «Тоқсан үйлі тобыр» варианты «Қамбар батыр»

аталатын варианттан гөрі ескірек деп жүр. Бірақ келтірген дәлелдері әлсіз.

«Қамбар батыр» вариантының кейін жиналып, кейін басылуы ол дәлел болып

жетпейді. Бұрын шығып, кейін басылуы, кейін шығып, бұрын басылуы екеуі де

мүмкін нәрсе.

Ал толығырақтығы, көркемдігі жағынан «Қамбар

батыр» деп аталатын нұсқа анағұрлым артық. Сондықтан эпостың құрылысын, адам

образдарын т.б.жақтарын талдауға осы вариантты алуды мақұл көрдік.

«Қамбар» жырының негізгі идеясы да

«Қамбар

батыр»елдік-бірліктіңтуын

жоғарыұстау.

эпосындағы образдарСондайлық ел

санасы бұл жырда

нақтылы

шыншылдықпен баян етілген деуге болады. Бұрынғы жырларда фантастика, әсірелеу

көбірек болса, «Қамбарда» олар аз.

Батырлар қылған қайратын

Қартаймай тұрып әріде,

Ертедегі ерлерден

Нұсқа болып соңғыға,

Қалған өлмей бәрі де, -

дейді.

Эпоста ең басталарда айтқан осы сөз,

ішіндегі оқиға дамуы, жеке адамдардың іс-әрекеттерімен толық дәлелденіледі.

Эпостың мақсаты: ертеде өткен ерлердің ісін кейіңнгілерге үлгі ету болса,

Алшыораз, Назым, Қамбарлар оны істерімен ақтайды. Бұлардың үшеуі де кейінгі

ұрпаққа үлгі боларлық, ел сүйсінерлік істер істейді.

Халық эпостарының бәріне өзек болған

патриоттық, өз елін, өз жерін жауға бермеу, ел қорғайтын елді дәріптеу, соны

сүю «Қамбар» эпосына да өзек. Бір елдің бар адамын қалдырмай таңдауға салғанда,

Назым біріне көңіл бөлмейді. Арман еткені Қамбар болады:

Көк жорғаны жектіріп,

Келтірді барқыт күймені,

Жақсы көріп жүр еді,

Мақтауын естіп белгілі.

Сұлу да қайтты үйіне,

Ер Қамбар болып сүйгені, -

дейді.

Назым Қамбарды көрмесе де ғашық.

Өйткені ол - аты шулы батыр. Бұл жалғыз «Қамбар» эпосында ғана емес,

«Қобыланды», «Алпамыс», «Ер Тарғындағы» Ақжүніс, Қарлыға, Гүлбаршын, Қаракөз,

Құртқа тәрізді арулардың бәріне тән салт. Назым «теңіз бойлы ноғайлы» «он екі

баулы өзбектердің» ішінде, мол дәулет, алты ағаның ортасында бұлаңдап өскен

ерке, өркөкірек, паң қыз. Назым жиылған жұрттың бірін менсініп, көзін салмайды.

Қамбар қарамай кеткен жерде де, өрмектің талқанын шығарып, жұртты тасқабақтай

қағыстырады.

Ашуы

келіп Назымның,

Асау тайдай тулады.

Қапаланып Қамбардан

Жүрегі қатты зулады,

Қылышын алып қолына,

Адыра қал деп сен өрмек

Алты жерден турады.

Жібекке кетті жаны ашып,

«Не болды, - деп, - шырағым»,

Жеңгелері шулады.

Қаны қашып бетінің,

Реңі құмдай қурады,

Тоқтай тұр, - деп, - ер жігіт», -

Өтіп кеткен Қамбарға

Шақырып қолын бұлғады.

Бұл үзіндіден жоғары айтылған

еркелігі де, менмендік, ерлігі де айқын көрінеді. Бірақ халық ол үшін Назымды

даттамайды. Өйткені Назым ел сүйген ерді сүйіп, өз тұғырына отырғызбақ. Ел

қорғарлық ерді кім де болса сүйсін, жүрегінен қадірлі орын берсін деген ел

тілегі, халық мүддесіне Назым ісінің қайшы келетін жері жоқ. Қамбар - халық

батыры. Оның жолына басын бәйгеге тіккен қызды ардағы етіп дәріптейді, Назымды

да кейінгіге үлгі етеді.

Назым ісінің дұрыстығын Алшыораздың

сөздерімен толықтыра түседі. Қамбар мен Назымға ызаланып кек ойлаған Қарымсақ,

Қораз, Дараздарды жыр кекетіп келеді:

Ашуға мінді Қарымсақ,

Адамда жаман сол еді.

Сақалы ұзын ақымақ

Айқайын салып келеді.

Бақырауық неме еді,

Әңгі есектей аңқылдап, -

деп онымейлінше міней, шеней суреттейді.

Батырдың батырлығын елемейтін

ездерге қалай қарайтындық, ел емеуріні осында-ақ байқалады. Әзімбайдың

Алшыораздан басқа балаларының бәрі де көкірегіне нан пісіп, байлығына мас

болған, алды-артын болжамайтын ойсыз, озбырлар. Оларды жыр үстем таптың өрескел

жиренішті бейнесі етіп кейіптейді. Мұндай сотқар, басбұзар байларға халықтың

қатал сынын, қарсылығын көрсетеді.

Қорлағаны емес пе,

Жалаң аяқ жарлының

Жүргені бізге жақындап, -

дейді.

Қарымсақ «дәрежесіне» ғана

мастанушы, өрісі тар, даңғой адам бейнесінде көрсетіледі. Оған қарсы батырды

бағалай біле алатын Назымның ойын дұрыс түсініп, оның тілегімен тілегі ұштасқан

Алшыораз образы алдыңғыларға қарама-қарсы қойылады:

Алтауының ішінде

Ақылы көп артықша

Алшыораз еді зерегі.

Екіталай іс болса,

Паналарсың тығылып

Осының барып жеңіне.

Қарындасың кем болса,

Батырдың түссе жеміне

Ағайынмен ойласып,

Назым жанды қосайық,

Қаласа құдай теңіне, - дейді.

Алшыораздың айтқаны дәл келіп, ел басына күн түскенде паналары Қамбар болады. Алшыораз тек өз басының ғана пайдасын ойлаушы, сол көзқарастан ғана қарайтын, өрісі тар адам емес, алды-артын әріден болжайтын адам. Сондықтан да ол Қамбарға қарындасын қосуға әзір. Сонымен қатар ол күштінің бәрі күшті деп қарамайды. Оған қымбат: өз елінің батыры. Қалмақтың Қараманы жіберген Келмембеттің құлақ- мұрнын отап, кері қайырады. Сүйеккке таңба болады деген жерде, өлімге басын байлап, соғысуға әзір:

Біз таласып бармаймыз,

Қыз-келіншек, бойжеткен,

Тікелеп алған жарыңа

Қазақ пен қалмақ қастасып

Құда болған бар ма екен,

Бұрынғыдан соңғыға?

Алшыораз аңдысқан дұшпанның қызға

құда түсемін деуін тек өзін, әкесін қорлау деп ұқпайды. Елін басыну деп ұғады. «Біз

сендердің қыз-келіншектеріңе көз сүзгеніміз жоқ, бұларың ел дәстүрі, ескі заңды

аттау, арға кір, сүйекке дақ, беліңді басамын» деген сөз дейді.

Бірақ Назым да, Алшыораз да жаңа

образ, жаңа адамдар емес, бұрынғы эпостардағы ұнамды қаһармандардың сыңары.

Басқа жағдайларда кездескендіктен ғана, жаңа адамдар болып көрінеді. Эпостағы

ерекшелік те, басқалардан өзгешелік те басты қаһарман Қамбардың бейнесінде.

Бұрынғы эпостарда батырлардың

балалық шағын, туысын басқалардан өзгеше етіп және тарығып-зарығып жүрген

біреудің жалғызы етіп, әке-шешелерін өте бай, дүниесін мол етіп көрсетсе,

Қамбар, ең алдымен, кедей. Бүкіл ауыл-аймағы Қамбардың қолына қарайды. Тоқсан

үйлі тобырда, алпыс үйлі арғында содан басқа қалт етер біреу жоқ, бәрін Қамбар

асырайды. Эпоста Қамбардың бастыөмірі,

балалық шағы мүлде айтылмайды. Салғаннан тыңдаушыны ержеткен жігіт, аңшы

батырмен таныстырады.

Эпоста ең алғаш шығарушы ақынның

сөзі ме, әлде кейінгі жыршылардың қоспасы ма, ол арасын ашып айту қиын. Басқа

эпостардан гөрі мұнда бай табы, кедей табы барлығы да екеуінің арасындағытеңсіздік те айқын көрінеді. Әрине, әңгіме

таптың барлығында ғана емес. Әр таптың адамдары сол кездегі әлеумет өміріндегі

өз орнындәл танытып, таптық тұрғыдан

дұрыс кейіптелуінде. Назымның даңгой ағалары Қамбардың деңгейінен анағұрлым

кем, анағұрлым алыс жатса да, малы мен дәрежесін жоғары санап, биіктен қарғығысы

келеді.

Қорлағаны емес пе.

Жалаң аяқ жарлының,

Жүргені бізге жақындап, -

десе, байлық,

дәреже жағынан Әзімбай балаларымен тең еместігін Қамбардың өзі де сезеді.

Назымға айтқан сөзінде:

Қатарыңа қарасаң,

Мен емес таңдап тиерің.

Іздегенің асылық,

Ыңырсытып байлаған,

Мастығы шығар биенің...

Қол ұстасып, қыз Назым,

Уәде қылсам сенімен,

Бір жаман келіп малы көп,

Алып кетсе, айырылып,

Абыройы ашылар,

Қайғыменен басылар,

Ат басындай жүрегім, -

дейді.

Қамбар - жас. Сұлуды сүйерлік жүрек

онда да бар. Әйтсе де өзінің кедейлігін еске алып, Назымның сүйетіндігіне еркін

сене алмайды. Сенсе де, малы көптер «малы көптігін жасай ма» деп сақтанады.

Назымға басы тең болғанымен, малы тең еместігін батыр сезеді. Екеуі - екі тап

адамы. Бұл жағынан арасы алыс жатыр. Ол өзінің азаматтық, адамдықборышын ұмытпайды және жастықпен желіксем

асырап отырған елім не болады деп алдымен соны ойлайды.

Бірақ елдің ардақты ұлына аяулы

аруын қосуы, күнкөрісі, тіршілігі жағынан арасы алшақ жатқан екі жасты қосып

екеуін де тілегіне бас игізу деген жырдың негізгі идеясы. Эпоста олардың өмір

тіршіліктеріндегі өздері айқын сезіп отырған теңсіздіктерін, кейінгі оқиға

тартыстарымен жойғызады да, ақыры бір-бірін сүюлеріне мойындатады.

Сайратып тілді көмейден,

Жағымды қайрап безеймін.

Бөтен туған бала едің,

Жұртқа тұлға болғандай

Сол себеп сені тежеймін.

Ақылың болса ойлап тұр,

Ендігісін өзің біл,

Асырып бұдан не дейін, -

дегенНазымның ең соңғы, үзілді-кесілді сөздері

Қамбарды ел ері деп, Назымға сүйгізеді, ол ел тілегінің ұлы сорабы тәрізді.

Бір қарағанда, «Қамбар» эпосы бай

мен кедейдің тілегін ұштастырған, кедейді байдың қолжаулығыетпек болған жыр тәрізді. Бірақбұлай десек, үстірт қарағандық, жалаң

социологиялық көзқарас болар еді. Өйткені эпос оқиғасының негізгі өзегі болған

басты қаһарман - Назым, Қамбар образдары, эпос идеясының тамыры халық тілегінде

жатқандығын айқындайды. Бұл пікірдің дұрыстығын тек Назым, Алшыораздың сөзімен

ғана емес, Қамбардың өз сөзімен де дәлелдеуге болады.

Эпоста Қамбардың батырлығы да,

аңшылығы да, азаттығы да, кекшіл намысқорлығы да әрі көркем, әрі шебер суреттелінеді.

Оны батыр образы етіп шығаруды жалаң, бір жағынан алып көрсетпей, қиыннан

қиыстырып және ол іс-әрекеттері бір адамның басына сыйғандай етіп суреттеу

әуелгі ақынның да,кейінгі жыршылардың

да шеберлігін көрсететіні сөзсіз. Басқа эпостарға өзек болған патриоттық мотив

Қамбар эпосында берік сақталады. Қамбардың Әзімбай ауылын қорғауы - сол ауыл

үшін емес, бірден ел намысы үшін, екінші мұның өзі сүйген жазықсыз, жақсы қыз -

Назым үшін.

Ел басына күн туғанда, қара бастың

кек, шамдарын Қамбар елемей кетеді.

Әзімбайдың Қарымсақ тәрізді

даңғойлары батырдың кедейлігін бетіне басып, өлтірмек болғаны, оның қара басы

үшін осал соққы емес еді. Оны Қамбар кек тұтып, ішінде сақтайды. Қатты

өкпелейді де, бірақ жалпы ел басына күн туғанда, өз басының кегін кек демейді.

Қамбар айтты: Жәдігер,

Қылмаңыз көп уайым.

Әуелі алла, екінші,

Жұрт үшін белді буайын.

Отыңды жанған өшіріп,

Асырып қырдан қуайын.

.

. . .

. . .

. . .

Әзімбайдың ақымақ

Алты итіңе өкпелеп,

Жаманның ісін қылмайын, -

дейді.

Жоғарғы айтылған пікірлердің

дұрыстығын Қамбардың сөзі де, ісі де дәлелдейтін тәрізді.

Эпоста Қамбар әр жағынан

көрсетіледі. Ең алдымен, ол өзінің адамдық, азаматтық борышын берік сақтайды.

Батыр «Алпыс үйлі арғын, Тоқсан үйлі тобырын» асырауды негізгі міндеті деп

біледі. Назымға кездескен жерінде:

Қамбар айтты өзіне:

Осыған көңілім бөлініп

Ұмытып кетсем жұртымды

Құдайдың, - деді, - ұрғаны, -

дейді.

Жәдігермен кездескенде де, аузына

түскен бірінші сөзі қарт әке-шешесі мен бағып отырған тобырлары болады.

Өзінің туыстарын да, халқын да ол

тереңнен сүйеді. Бұл жерде аңғарылатын оның батырлық, ерлігі емес, кәрі ата,

ана мен «тоқсан үйлі тобырға»деген

махаббат, достығы. Бірақ жауымен шендескенде

Қамбар - екінші адам. Қараманға кездескен жерде ол бопсаға шыдарлық

төзімділігін де, өжеттік, ерлігін, елдессе елдікке, жауласса жаулыққа жарайтын

батырлығын да анық байқатады. Қараманды кекей сөйлеп:

Жолымнан қалдым кешігіп,

Шатыр тігіп шаңдатып,

Зорлығыңды андатып

Ноғайлының сазында

Сіз де отырсыз шешініп

Әзімбайды жүдетіп,

Сансыз қолды түнетіп

Жерімнің шөбін қашырдың

Берекесін кетіріп,

Сіз бенен біз жауласып,

Жаманның ісін қылмайық,

Қалаңа қайт, Қараман,

«Кінәмді» менің кешіріп, -

дейді.

Қамбар Қараманның зорлығын да, ауыр

қолмен келіп елдің үрейін алып жатқандығын да бетіне басып, бұл істері ел

намысы, ер намысына тиетіндігін айтса да, оның іздегені соғыс емес бітім, қан

төгуге Қамбардың құмарлығы жоқ. Бірақ басқа елді жаулап алуға үйреніп қалған

қалмақ ханы өзінің бітімге көнбейтіндігін білдіріп, ұрысқа шық дегенде ғана

батырдың ит арқасы қозып, атқа мінеді. Бұл жерде де оның ерлігі мен адамдық

қасиеті қатар суреттеледі.

«Қамбар» эпосында Қараман, Келмембет

секілді жаулап аламын деушілер ұнамсыз етіліп көрсетіледі. Әңгіме, әрине,

олардың тек қалмақтығы ғана емес, жаулап аламын деулерінде, қызды сұратуы

елшіге көрсеткен жәбір, ұрынудың себебі ғана. Өзінің күшіне сенген Қараман мен оның

өкілі Келмембеттердің сөздерінен де менмендіктері анық көрінеді. Келмембеттің

Әзімбайға, Қараманның Қамбарға айтқан

сөздері олардың күш басымдығына сеніп, әлсізге шеккен айбаты, момынға

көрсеткен қыры болатын.

Біз жоғарыда «Қамбар» эпосын да

басқа эпостармен салыстырғанда, мифологиялық ұғым да, өмір құбылысын әсірелей

суреттеу де аз ұшырайды дедік. Эпоста кездесетін уақиғаның бәрі де тұрмыста

болған не болуы мүмкін жайттар. Мына көрінісіне қиял қосылған деу қиын. Қараман

оқ атқанда «Битуажа бабасықағып қалды»

деген бір сөзден басқа, мифтік ұғым кездеспейді.

«Қамбар батырды» эпостың санына

қосатын оның идеялық мазмұны. Жаудан өз елін, өз жерін қорғай алатын асқан күш,

қайтпас жүректі батыр ұл туса деген ел арманы, жұрт тілегін қамтушылық. Сол

тілек, мақсатқа сай қандай мықты дау, қалың қол келсе де, жалғыз шауып елге

жүлде салушылығы.Халық эпосына тән

әсірелеушілік тек осы батырдың күш-қуатын сипаттаудың айналасында. Басқа қимыл,іс-әрекет - бәрі де шындықтың шеңберінде

суреттеледі.

Оған эпостық түс беретін және бір

нәрсе - аңшылық. Аңшылық өзінің ескі түрінде қаһармандардың ерлік, мергендігін,

күшін, жүректілігін, қапылыста қалжырап қалмай, қайрат көрсете алатындығын

сипаттайтын күрес майданы. Сондықтан негізгі күнкөрістің бір жағы аңшылық

болған елдерде аңшы, мергендер біздің батыр, ер деген ұғымымызбен барабар

ұғымда қолданылады.

Әрине, Қамбардың батырлығы аңшылық,

мергендік ұғымында емес, шет жауларға қару жасай алатын, асқан күш иесі және

саналы, шын мәніндегі батырлық, ерлік ұғымында. Ол көзін аңшылықпен ашып, өмірі

аң аулаумен өтсе де, оны сол үшін батыр демейді, ел қорғауға құдырет, күші

келгендіктен батыр дейді. «Қамбар» эпосында суреттелінетін аңшылық өмір жалғыз

жолбарыспен кездесетін эпизодында болмаса, басқа жақтары өмір шындығына дәл

келеді. Жолбарыспен кездесуі, оны жеңуі де мүмкін нәрсе. Ал оны тым әсірелей

суреттеуі - эпостың өзіне тән ерекшелігі.

Әйтсе де аңшылық эпизоды - сол екі

эпостардың ұлы сорабы немесе соңғы айтушылардың эпостың ескі түрлеріне

жақындатпақ болған талабынан туған деуге болады. Қайсысы болса да, бұл жайт

«Қамбар» поэмасына эпостық әр береді.

Батырлық эпостар жай қарағанда

біріне бірі ұқсас көрінсе де, тереңірек зерттеп, үңіле қарасаң, ел өмірін

танытуда өздерінше ауыз әдебиетіне қосқан үлестері барлығын көреміз.

Басқа эпостарымызда атүсті ғана

көрсетілетін халықтың аңшылық өмірі «Қамбарда» тамаша түрде суреттеледі.

Күмістен тағып қарғысын,

Соңына ертіп тазысын,

Ау қылып Қамбар шығады,

Қасындағы құмайы

Таңынан тартып талайын

Тау текені жығады,

Айрылады жарылып,

Киікпен жатқан құланы

Ат бетіне қарамай,

Ақ бөкендей жосытып,

Айқайын салып қуады.

Найзаменен шабақтап,

Тазысы жетіп тамақтап,

Қасапқа сойған ешкідей

Қан сасытып қырады...

Аңшылық өмірдің бұл сықылды әдемі

суреті қай елдің болсын эпосындағы осы көріністі суреттеген эпизодтармен қатар

қоюға жарайды. Бұл эпизодтек өзінің

әдемі, көркемдігімен ғана емес, аңшылық халықтың сол кездегі күнкөрісінің

негізгі қорларының бірі болғандығын да аңғартады.

Бұл эпостыңқұрылысындағы бір

Эпостың құрлысы ерекшелік

- шегініс. Бір оқиғаны айтып

және тілікеле жатыпоны

тоқтататұрып, сонымен байланысты әңгімені екінші жақтан бастау басқа эпостарда да там-тұмдап кездеседі. Бірақ күрделі жүйеге түсіріп, басынан аяғына дейін сол әдісті толық қолданған эпостың брі деп «Қамбарды» ғана айтуға болады. Әңгіме Назымнан басталады да, оны қоя тұрып, Қамбардың аңшылық өмірін, мұны қоя тұрып, Қараманның елшісінің келуі жырланып, ауысып, өзгеріп отырады. Бірақ «Сайын» эпосындағы тәрізді оқиға үзіліп те қалмайды. Кейбір эпостардағыдай үзілген оқиға аралығын қара сөзбен де баяндамайды, өзінің алғашқы бағытында өрби береді. Әйтсе де оқиға желісі алыстан жалғасып, үзілмей отыратындығы оқушығатүсінікті. Мұның себебі: барлық оқиға Назымның айналасына құрылғандықтан. Той да, Қараман елшісі де, Қамбар да, аттанып келген ауыр қол да, соғыс, отыз күн ойын, қырық күн той да Назымның төңірегіндегі мәселе. Оқиға шешуі Қамбардың Назымға үйленуімен бітуі, яғни көп түйіннің бір қазықтың төңірегінде өзінің дамуын, шешімін табады.

Назым образын сөз еткенде, кейбір зерттеушілер оның күйеу тандауын ескі «әдет-ғұрыпты бұзып, еріксіз қалың малға сатылуғакөнбейтін қыз»деп дәлелдемекші

болады. Бізше, бұл - дәлелсіз, тым ұшқалақ айтылған пікір. Назым дәуірі қалың малға қарсы күресу дәуірінен ертерек және бұл мотив жалғыз«Қамбарда» ғана емес, барлық эпостық жырларда да кездеседі. «Қобыланды», «Алпамыс», «Тарғын» тағы басқа эпостарда халық ел қорғаған батыр ұлына, елден озған сұлуын өздері қосады. Ғашықтық жырларда арулар арманына жете алмаса, батырлық жырда оқиғаның шешуі олардың үйленуімен тынады.

Әкесі не шешесі жар салып, қызын өзінің сүйгенін тандату үшін, әдейі той жасау, бәйге тігіп, сол бәйгедеаты да, өзі де озық шыққан адамға ғана қыздың тиюі де белгілі, әріден келе жатқан мотив. «Қобыландыда» Құртқаның шешесі Көкеман кемпір той жасап, қызына күйеу тандатса, «Алпамыста» бәйгені Гүлбаршынның өзі жариялайды. Егер қазақ эпостарындағы күйеу таңдау мәселесі әдет-ғұрыптағы қалың малға қарсы шығу деп қарасақ, онда бұл мәселе жөніндегі

бірінші қаһарман Құртқа болуы керек.

Эпостардағы бұл мотивті қалың малға қарсылықтан туды деп түсіндірсек, онымыз, әрине, жалаң социологизмге бой ұру болар еді.

Қазақ эпостарында аты озу, палуан күресінде жығып шығу, алтын қабақ атып түсіру т.б. жігіттің күшін, мергендігін, ер серігі атының жүйріктігін негізгі шарт етіп, сол шарттарды орындап шығушыға кім де болса тием деушілік негізгі мотив. «Қамбар» эпосындағы тойда бұл шарттардың бірі де қойылмайды. Бірақ Назымның ойлағаны - бұрынғыдай әр жақты қасиет, өнері бар батыр. Жігіт тандауға арналған тойдың бұл кемшілігін Назымның өзі толтырады. Тойға жиналған көпшіліктің ішінен оның іздегені Қамбар болады.

Сұлудың батырды іздеушілігі «Қамбар» эпосындағы жаңалық емес. Керісінше, бұрынғы эпостардағы дағдылы салттың жаңа жағдайдағы көрінісі ғана. Ескірек эпостардағы сұлулардан гөрі Назым тереңірек. Назым басқалардай батырдың адал жары болып, сол арқылы өз елі, өз Отанын қорғау ісіне көмек етуші ғана емес, елдік мәселелерді әкесі Әзімбай, ағалары Қарымсақ, Дараздан да анағұрлым жақсы, анағұрлым тереңірек түсінетін қыз.

Эпоста Назымның осы жағын баса көрсетеді.

Назым әкесіне берген жауабында:

Он екі баулы өзбекті

Сынап келдім, ата-еке,

Тал бойыма бір берен

Таба алмадым жарастық,

Жамандарға көз салсақ,

Жақсы жолдан адастық.

Мұсылман аз, қалмақ қау,

Бір күні келер бетпақ жау

Даңқымыз кеткен әр жерге.

Елде туған бір ер жоқ.

Жекпе-жекке шығарға.

Жауға шығар бір ер жоқ

Қынабы алтын көк алмас

Тасты кесер жібектей.

Назар көзім салмаймын,

Еш теңдікке алмаймын

Ақылы жоқ немені, - дейді.

Бұл үзіндідегі Назымның нені аңсап, кімді көздейтіні қосымша түсінікті керек етпейді. Егер біз Назым образының өзіне шейінгі ұнамды қыз образдарынан ерекшелігі бар десек, осы айтылған өзіне серік жар тандаушылықты ел қорғау мәселесімен саналы түрде байланыстыруынан іздеуіміз керек. Бұл «Қамбар» эпосының кейінірек шығуымен байланысты болуы да мүмкін. Бірақ қолдағы материалға қарағанда, ел мәселесін саналы түрде ашық сөз ететін қазақ эпостарындағы бірінші қыз - Назым. «Қамбар» эпосының және бір ерекшелігі - халық юморы, оның кейбір элементтері «Алпамыста» да кездесетіні рас. Бірақ мұнда одан гөрі нәзігірек және жай халықтың психологиясына тән мінездерді зілсіз әзіл, ажуа, сықақ түрінде астарлап, өте шебер түрде бере білген.

Айтулы ару, аты шулы сұлудан үміт еткен көпшіліктің Әзімбай аулына қарай ағылған көрінісін оқыған адам күлмей оқи алмайтыны, сол халық юморының күші, суреттеуінің табиғилығы.

Ноғай салған шабарды,

Есіткесін қабарды,

Аз да кетіп барады,

Көп те кетіп барады,

Алтын тақтың үстінде

Би де кетіп барады;

Сақал, мұрты ағарған

Шал да кетіп барады;

Самайынан тері аққан

Таз да кетіп барады;

Сексен қойға ат алған

Селдір мұртты сықаққой

Жарлы да кетіп барады.

Бай тойына барғалы,

Жетсе Лазым алғалы

Шара барма құдайға

Қалың борышқа қалғалы.

(«Тоқсан үйлі тобыр»)

«Назым қызды алмаққа,

Шалдар да жаман желіккен,

Қартайған адам көп екен

Кемпірден көңіл зеріккен.

Жарасты деп киеді

Елтірі қара бөріктен.

Қатындары үйінде

Қайғыланып жылайды:

«Сұлуды алса байымыз

Айырылдық», -деп, - серіктен»

Үміткер болып барша тұр

«Сабағынан үзіп ап

Жесем, - деп, - піскен өріктен».

Осы эпизодты суреттеуде әр варианттың сөздері әр басқа болса да, «Қамбар батыр» әдісі біреу-ақ. Ол - халықтық юмор. Зілсіз күлкі.

«Қамбар» эпосы өзінің тілі жағынан да құнды эпостардың бірінен саналады. Жоғарыда айтылып өткен өмір құбылысын реалистік тұрғыдан суреттеу әдісі басымдығына орай, өз образдарында да дәлдік, шындыққа қабысушылық басым. «Қамбар» эпосын бұрынғы талдап өткен «Қобыланды», «Тарғынмен» салыстырсақ, ол жырларды айтушы Мергенбай, Марабайлардың эпостық жыршы ақын есебіндегі кейбір өзгешеліктері сөз образын қолдануларында да кездеседі. «Қобыланды», «Тарғындарда» ең алдымен айрықша көзге түсетін нәрсе - өмір құбылысын әсірелей суреттеу, дамыту (градация) және психологиялық параллелизм («Тарғын»), оларда оқиғаның эпикалық сарында дамуына сәйкес, өмір құбылысын суреттеуде тіл көркемдігіне көп көңіл бөлушілік. Сондықтан, бәлкім, тыңдаушысы,

оқушыларына әсерлілігі де басымырақ болуы мүмкін.

«Қамбар» эпосында, ең алдымен әсірелеу аз. «Үлкендігі басының он екі қарыс қазандай» деген тәрізді бірен-саран әсірелей теңеу болмаса, оған тән сөз образдар өмірдегі шындыққа дәл не дәлге жақын болып келеді. Сөйлемдері де көпке ұғымды, бергі заманның тілінен құралған сөз тізбектеріне ұқсайды. Жеке сөздіктерінде де архаизмнан гөрі, өз кезеңінің шеңберінде алып қарағанда, бергі заманға тән сөздіктер көп кездеседі. «Тұғырға сұңқар қонбаса, ноғайлы елін бүледі», «Киіз ілмес кешқұрым», «Пайікелік» деген сықылды архаизмдар ұшырайды. Бірақ «Күймеден басқа нәрсеге, арба екен деп мінбеген», «Қамқа тонын киіпті», «Киіп алды қос манат», «Алтыннан соққан терезе» т.б. Кейде тіпті, орыс тілінен алған сөздер де жиі ұшырайды:

«Алтыннан қамыт, доғасы», «Шиделкесі күмістен», «форымына қараса» т.б.

Бұл келтірілген мысалдар тілшілер үшін мәні зор. Әйтсе де біздің бұл жердегі тоқталайын дегеніміз, «Қамбар» эпосының жалпы тілі емес. Өйткені бұл тәрізді мысал бірен-саран болса да, басқа эпостардан табылуы мүмкін.

Біздің тоқталмағымыз осы эпостың өзіне тән, басқаларда кездеспейтін поэтикалық тіл, сөз образы қайсы, оның эпосты тануда мәні қандай деген сұрақтарға жауап іздеу.

Біз әр эпосқа тоқталып талдау жасағанша, мүмкін, табылып қалар, өздеріне тән сөз образдарының да ерекшелігіне тоқталдық, мұның себебі бірінде бір түрлі, екіншісінде басқа түрдегі ерекшеліктерін білу арқылы, эпостарды тану ісіндегі көзқарас, ой-пікіріміз де кеңи түспек.

Осы тұрғыдан қарағанда, бізше, «Қамбар» эпосының поэтикалық тіл жағынан өзіне тән бір ерекшелігі - символ.

«Тарғын» эпосын талдағанда, психологиялық параллелизмге айрықша мән бердік. Әрине, символ мен психологиялық параллелизмнің бір-біріне жақындығымен қатар, үлкен айырмасы да бар. Бірлігі - екеуінде де екі нәрсе, екі өмір құбылысы қатар алынады. Тарихи даму жолынан алғанда, психологиялық параллелизм анағұрлым ерте. Символдың өзі сол психологиялық параллелизмнен таралады, соның бір бұтағы саналады.

Мысал үшін татар ауыз әдебиетінен мына бір үзіндіні келтірелік:

Суда балық көп болар,

Шортан балық бір болар.

Елде матур көп болар,

Сүйген жарың бір болар.

Бұл - параллелизмнің таза түрі.

Мұнда судағы көп балық пен елдегі көп қыз, шортан мен сүйген жар баланбайды да, теңелмейді. Екі объектінің екеуі де көз алдыңда тұрады.

Символда да екі нәрсе параллельге алынса да, екеуі бірдей көз алдыңда тұрмайды. Символда сол екі нәрсенің біреуін айтады да, екіншісі соның ар жағында, қабатында қалады. Бірақ айтайын деген ой, пікір құлаққа естіліп, көзге елестейтін бергі айтылған нәрсе емес, соның қабатындағы көңіліңмен сезіп, ойыңмен топшыларлық бүркеулі пікір не бір құбылыс болады. Сондықтан да оны символ, бейнелеу деп атайды. «Сұңқар - жігіт мағынасында, гүл - қыз мағынасында, бірінің орнына екіншісі ауыстырылып қолданыла береді. Өлеңде әңгіме «сұңқар» туралы, «гүл» туралы болса да, біз жігітті, қызды ұғамыз. Мұның элементі қазақтың ертеден келе жатқан қара өлең, қайым өлеңдерінде де кездеседі.

Аққу ұшып көлге кетті,

Ақ сұңқар ұшып шөлге жетті,

Ол өз бетімен кеткен жоқ,

Әркім де баратын жөнге кетті.

Әңгіме дүние салған адам туралы.

Оның өлгендігін естірту үшін әуелі осы тәрізді жұмбақтау, бейнелеу арқылы психологиялық даярлық жасап, сосын барып болған оқиғаны ашық баяндайды.

Бұл айтылған халық поэзиясындағы символдыңең күрделі, әдемі үлгілерін «Қамбар» эпосынан табуға болады.

Келмембет:

Саусағы алтын сұңқарға

Ілдірейін деп келдім,

Көлдегі үйрек, қазыңды.

Алтайы қызыл түлкіңе

Қосайын деп ойлап ем

Құмай жүйрік тазымды, - дейді.

Келмембет Қараманды - сұңқар, құмай тазы бейнесінде, Назымды - үйрек, қаз, қызыл түлкі бейнесінде меңзейді.

Қамбар мен Қараман сөйлескенде де осы символмен бейнелеп сөйлеу әдісі қолданылады.

Сұңқардың ілген қазына

Бір қарақұс таласып

Жатыр екен өшігіп,

Ажыратып екеуін,

Онан бері жүріп ем,

Құмай тазы бір қуды

Алған екен бейнетпен.

Бір төбет ит айқасып,

Қалыпты зорлық есіріп

Ажыратып соларды

Жолымнан қалдым кешігіп.

Жай оқығанда, әңгіме сұңқар, қаз, қарақұс, құмай тазы, аққу, төбет ит туралы. Бірақ бұл - символ, айтайын дегенін, ой-пікірін бейнелеп сөйлеу. Қамбар өзін сұңқар, құмай суретінде бейнелесе, Қараманды зорлықшыл қарақұс, төбет ит кескінінде бейнелейді.

Сөйтіп, айтайын дегенін кейде ашып айтпай, әдейі бүркемелеп бейнелеу түрінде берушілік - «Қамбар»эпосының өзіне тән ерекшелігі. «Қамбар»

эпосындағы поэтикалық тілдің ерекшелігі «Тарғындағыдай» психологиялық параллелизм болмай, символ болуының өзі де, бұл поэманың анағұрлым бе заманда шыққандығын аңғартады.

Қорыта айтқанда, «Қамбар» бір кезде ноғайлы хандығына қараған қазақ руларының соңғы бір кезеңдерін елестетінжаулаушыларға қарсыелдің бірлігі мен елдігін, ердің ел үшін қызмет етуін аңсау тілегінен туған, құрылыс, көркемдігі шебер, құнды мұрамыздың бірі.
0 дауыс
Сюжеті ертеде туып, қазақ арасына кең тараған жырдың бірі – «Қамбар батыр» жыры. Жырдың қазіргі кезде 10-15-ке жуық нұсқасы сақталған. Зерттеушілердің пікірінше «Қамбар батыр» жыры ең алғаш аңыз түрінде айтылған. Аңызға сүйенсек, «Қамбар батыр» жырының сюжеті ноғайлы заманында туған. Дегенмен ондағы аңшылық көріністері аңыздың одан да бұрын болғандығын айғақтайды.

Жырдың тақырыбы – ел бірлігі, жауға қыз бермеу болса, идеясы - ел, қорғау. Жырдағы Қамбар батыр - үлкен ерлік, елдікті ту еткен, Назым сұлудың арманы болған, қара бастың мүддесінен халық мүддесін жоғары қойған батыр. Ал Назым – бақыт, елдік байлықта деп ұғатын қыз емес, өзіне тең іздеген, ақылына көркі сай ару. Байлығына мастанған Әзімбай қалың елден бөлек қонған, өзін өзгеден ерекше көрген жан болса, оның Алшыораз деген баласы ақылды, алдағы күнін болжай білетін, елшілдік рухтағы тұлға болып көрінеді. Назымның өзге бес ағасы Қамбарды көп малына сеніп, тең тұтпайтын, бүгінгімен ғана өмір сүретін ойсыз, ожар жандар болып суреттеледі. Жау шылауындағы жағымпаз, өз басының ғана қамын ойлайтын Келмембетті халық ұнатпай, жыр нұсқаларының барлығында да улы тілімен сынап-мінеп, келеке қылып отырады. Өзге жырлардағыдай «Қамбар батыр» жырында батырдың әке-шешесі не ағайын туыстары көрінбейді.

Жырдың барлық нұсқаларында өзіндік ерекшеліктер болғанымен, жалпы сюжеттік желісі ұқсас. «Қамбар батыр» жырының сюжеті өмірдегі шынайы оқиғаларға жақын құрылған. Жырда мифологиялық көріністер кездеспейді. Оқиға бірден Назымның жар таңдаған тойынан басталады. Бұл жағынан алғанда «Қамбар батыр» жыры «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» жырынан өзіндік дараланып тұрады. Одан соң алпыс үйлі арғыны мен тоқсан үйлі тобырын бағатын Қамбардың аңшылық құрып жүрген сәтін суреттеп кетеді. Мұның бір жырдың басталуы болса, екіншісі байланыс болып келеді. Жыр оқиғасының шарықтау шегі – Назымды күштеп алу үшін ауылға қосынын қондырған Қараман ханды Қамбардың жекпе-жекте өлтіруі. Ал шешімі – Қамбар мен Назымның қосылуы.

«Қамбар батыр» жырында негізгі оқиғалар желісі Назымға байланысты өрбігенмен, басты назар Қамбардың ел қоғаудағы ерлік істері, қарамағындағы ел-жұртын асырап сақтауы, оған адал қызмет етуі айтылған.
...