0 дауыс
13.5k көрілді
Жеңіл жолмен жасалатын,дәмді қандай салаттар бар технология пәніне керек еді....

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Мәзір: ет, қызанақ және жұмыртқа қосылған салат.

Бұл салаттың да өзгеше дәмі бар. Құрамына енген бөдене жұмыртқалары мен черри қызанақтары салатты ерекшелендіре түседі.

 Құрамы:

Пісірілген сиыр еті — 150 гр.

Черри қызанақтары — 12 дана (немесе 3 қарапайым қызанақ)

Бөдене жұмыртқалары — 8

Салат жапырақтары — бір бума

Өсімдік майы — 5 ас қасық

Сірке суы — 1ас қасық

Сарымсақ — 2бас

Қыша (горчица) — бір шай қасық

Тұз бен бұрыш — бір шымшымнан

 Дайындалу жолы:

Пісірілген етті ұзынша етіп тураймыз;

Салат жапырақтарын да бөлшектерге бөлеміз;

Тұздығы үшін май, сірке суы, қышаны бір ыдыста араластырамыз. Оған сарымсақты сығып саламыз да, тұз бен бұрыш қосып араластырамыз;

Черри қызанақтарын ортасынан бөліп, тураймыз;

Бөдене жұмыртқаларын да ортасынан бөлеміз;

Тәрелкеге салат жапырақтарын салып, тұздықтан құйып, үстіне қызанақтар мен жұмыртқаларды суреттегідей етіп, саламыз.

Астарыңыз дәмді болсын!

Ақпарат мына жерден алынды : http://massaget.kz/bastangy/kulinariya/204

Осы сияқты басқа да салаттарды жасау әдісі мына жерде бар :

http://massaget.kz/search/?string=%D1%81%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%80%20%D0%BC%D3%99%D0%B7%D1%96%D1%80%D1%96

0 дауыс

Жүгері және гүлді орамжапырақ қосылған дәруменді салат


http://www.gourmania.kz/2014/09/blog-post_10.html

Қияр, қызанақ және брынза ірімшігін суреттегідей әдемі етіп, дастарханға, ұсынуға болады

0 дауыс
Қазақша тағамдар дайындау рецептері суретімен
Салат дайындау суретімен, салат түрлерінің жасалу жолдары, жаңа жылдық торттар мен салаттар бәрі-бәрі сіздің көңіліңізден шығады деген сенімдеміз.
Біздің топта ұлттық тағамдар және басқа да елдердің қазақша ас мәзірі суретімен , орыс халқының ас мәзірі , қытай асханасы және де басқа халықтардың ас мәзірлері ұсынылған.
Сіздердің көңілдеріңізден шығады деген үміттеміз. Біздің топпен ас даярлап пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар.
vk.com/aspazdik_kz
...