+1 дауыс
14.2k көрілді

5 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Броколлидан пайдалы салат

Құрамы:
Брокколи — 500-700гр
Сарымсақ — 1 бас
Қияр — 2 дана
Қызынақ — 2-3 дана
Болгар бұрышы — 1 дана
Тұз
Қара бұрыш
Қызыл бұрыш
Уксус — 0,5 шай қасық
Сое соусы — 1 шай қасық
Сұйық май
Укроп
Петрушка
Кинза
Мен брокколидің қатырылған түрін қолдандым.

Брокколи қайнап жатқан суға салып, үстіне аз ғана тұз сеуіп, 5-6 сарымсақты еземіз де, қақпағын жауып, 3 минут баяу отта бұқтырамыз.(3 минуттан артық бұқтыруға болмайды, себебі брокколи езіліп, дәмсіз болып қалады.)

0,5 шай қасық уксус құйып, араластырамыз да, отымызды сөндіріп, брокколиімізді сүзіп аламыз басқа ыдысқа.

Салқындағанша күтеміз.

Қиярларымызды төмендегідей тураймыз.

суыған брокколиға саламыз.

Қызынақтарды да,

болгар бұрышын да турап,

саламыз.

Укроп, петрушка, кинзамызды турап саламыз,

Тұз, қара бұрыш, қызыл бұрыш және 2-3 сарымсақты езіп саламыз,

Азғантай сұйық май құйып,

1 шай қасық сое соусын құйып,

араластырамыз.

Салатымыз дайын!

Ас болсын!!

Картоптан салат

Құрамы:

Картоп — 6 дана
Маринадталған қияр — 10-15 түйір
Маринадталған опята саңырауқұлақтары — 300гр
Көк пияз — 4-5 тал
Ақжелкен
Аскөк
Жарты лимон сығындысы
Тұз
Қара бұрыш
Сұйық май

Алдымен картоптарымызды тазалап, суға тұз салып, пісіріп аламыз.

Салқындағаннан кейін, қабығын ашып,

тураймыз.

Мен осы қиярларды қолданамын.

қиярларды да турап шығамыз,

Аскөк пен ақжелкенді турап,

көк пиязды да турап,

Осындай саңырауқұлақтарды,

алдын — ала суға бір шайып алып саламыз, әйтпесе өзінің шырыны жағымсыздау және жабысқақ болады.

Тұздың орнына осы дәмдеуішті салуға кеңес беремін, бұл болмаса тұзды да сала беруге болады.

Салатты араластырмас бұрын, қиярдың суын аздап құйыңыз, ол салаттың құрғақ болмауына септігін тигізеді.

Сығылған жарты лимон шырынын және аз ғана сұйық май құйып,

қара бұрыш салып,

араластырамыз.

Салатымыз дайын!

Ас болсын!

Қияр мен киви қосылған салат

Салат құрамы:
Қияр – 2 дана
Киви – 2 дана
Жалбыз
Көк пияз
Тұздық – 1 шәй қасық горчица, 1 шәй қасық зәйтүн майы, 1 шәй қасық лимон шырыны, тұз және бұрыш дәміне қарай.
Дайындалуы:
Қиярды тазалап жуып, қаабығын аршып, төртбұрыштап тураймыз. Дәл осылай тазалап кивиді де тураймыз. Пияз бен жалбызды майдалап тураймыз да киви мен қиярға саламыз. Басқа ыдыста тұздықты дайындап аламыз. Дайын болған сон тұздықты салатқа құйып, араластырып жалбызбен сәндеп дастарханға қоямыз.

+2 дауыс
қияр, помидор, шемішкі май, жуа)))

білетін әзірге осы. апамнан сурағасын тағы жазармын.
Оны бәріміз білеміз ғой. Және мен шемішке майдың орнына зәйтүн майын (оливковое масло) қосамын. Сондай-ақ бұл салатқа оливкидің ірі-ірі қара түрін және төртбұрыштап туралған сыр қосуға болады.
ол уже греческий салат кой ))
+2 дауыс
Винегред салаты - свекло,  сәбіз,фасоль,саленный капуста,картоп,пияз  и  салатный масло
+1 дауыс

Фунчоза салаты - морковь, лагман, піскен ет,кызыл бурыщ 

жеміс-жидек салаты
0 дауыс

Майонезсіз жасалатын өте дәмді салат

http://www.gourmania.kz/2014/09/blog-post_10.html

...