Мәзір: ет, қызанақ және жұмыртқа қосылған салат.

Бұл салаттың да өзгеше дәмі бар. Құрамына енген бөдене жұмыртқалары мен черри қызанақтары салатты ерекшелендіре түседі.
Құрамы:
Пісірілген сиыр еті — 150 гр.
Черри қызанақтары — 12 дана (немесе 3 қарапайым қызанақ)
Бөдене жұмыртқалары — 8
Салат жапырақтары — бір бума
Өсімдік майы — 5 ас қасық
Сірке суы — 1ас қасық
Сарымсақ — 2бас
Қыша (горчица) — бір шай қасық
Тұз бен бұрыш — бір шымшымнан
Дайындалу жолы:
Пісірілген етті ұзынша етіп тураймыз;

Салат жапырақтарын да бөлшектерге бөлеміз;

Тұздығы үшін май, сірке суы, қышаны бір ыдыста араластырамыз. Оған сарымсақты сығып саламыз да, тұз бен бұрыш қосып араластырамыз;

Черри қызанақтарын ортасынан бөліп, тураймыз;

Бөдене жұмыртқаларын да ортасынан бөлеміз;

Тәрелкеге салат жапырақтарын салып, тұздықтан құйып, үстіне қызанақтар мен жұмыртқаларды суреттегідей етіп, саламыз.

Астарыңыз дәмді болсын!
Ақпарат мына жерден алынды : http://massaget.kz/bastangy/kulinariya/204
Осы сияқты басқа да салаттарды жасау әдісі мына жерде бар :
http://massaget.kz/search/?string=%D1%81%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%80%20%D0%BC%D3%99%D0%B7%D1%96%D1%80%D1%96