+1 дауыс
4.8k көрілді
махаббаттан көп жандардың,
журектерi куйюлi,
мумкiн жөндеп суйе алмаспын,
озiң уйрет суйюдi!
Қазіргi кезде суйю деген сөздің мағынасы төмендеп кеткен секілдi. Ой қосыңыздар

5 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Ақиқат мынау сүюге адамды ешкім үйретпейді, ал үйретем деген адам нағыз қияли. Сүю деген не?- шынайы жан-тәніңмен беріле жақсы көру деп білем ал оған ешкім тәрбиелемейді ол тек рухани байлықтар(ақыл, ой, т.б) жүрек,ми,көз сияқты адам құндылықтары арқылы жүзеге асады деп ойлайм.
+3 дауыс
Сіз дұрыс айтпадыңыз сую деген сөздің мағынасы төмендемеген. Сүю әркімнің қолынан келе бермейді. Біреуді ұнатып қалады да "мен оны сүйем" деп жар салады. Ол өз-өзін алдайтындар. Олар өз махаббаттарының алдарында әлсіз боп келеді. тез айырылысып, түсініспеушілік пайда болады. :@
+4 дауыс
Сүю деген ...


Сүю деген қуану мен күрсіну,
Сүю деген көз жасына тұншығу.
Сүю – сені байқамайтын бір жігіт,
Сүю – сені елемейтін бір сұлу.

Сүю деген көңіліңнің күлкісі,
Сүю деген жігер оты, жыр күші.
Сүю – саған табынатын бір адам,
Сүю – сені ұнататын бір кісі.

Сүю деген шығу қиын биік тау,
Сүю деген көп ойларды тұйықтау.
Сүю деген ұйықтап жатып ояну,
Сүю деген ояу жүріп ұйықтау.

Сүю деген ұнату мен жирену,
Сүю деген сараңнан да сый көру.
Сүю деген білгеніңді ұмыту,
Сүю деген жұрт білместі үйрену.

Сүю деген сәл көрмесең сағыну,
Сүю деген табынбасқа табыну.
Сүю деген мойындамау сананы,
Сүю деген ессіздікке бағыну.

Сүю деген сезінбесті сезіну,
Сүю кенет бір ғажапқа кезігу.
Сүю деген армандаумен ояну,
Сүю деген қиялдаумен көз ілу.

Сүю деген тасып толу тағы да,
Сүю деген асық болу сағына.
Сүю – көну өз еркіңмен азапқа,
Сүю – міну тауқіметтің тағына.

Сүю деген айтып жүрген ән-жырың,
Сүю деген жел, қар, дауыл, жаңбырың
Сүю – сенің әр мезетің, әр сәтің,
Сүю – сенің бүкіл өмір, тағдырың ...

Еркін Дүйсенбаев
+1 дауыс
Ғашықтық,құмарлықпен ол екі жол деп Абай ақын айтқандай, ұнату мен сүю екі бөлек нәрсе ғой,тек әркім әрқалай түсінеді. Сырт бейнесіне қарап кез келген сүйкімді жанды ұнатуға болады, бұл өткінші ғана сезім,ал ол адамның жан дүниесін қоса ұнатсаң,оның бақытты болғанын,үнемі қуанып жүргенін,жүзінен күлкі кетпегенін қаласаң бұл шын жақсы көру,шын сүю . Ескендір дұрыс айтқан,шынында үйретіп отыратындай нәрсе, әркімнің түйсігіне,сана-сезіміне  байланысты.Сүюдің мәні төмендеген жоқ,тек бір қарын майды шірітіп жүрген құмалақ секілді кей жандар қате түсінікте жүр.
+1 дауыс
Иә, келісемін. "Мен сені сүйемін!" деген сөз -  "Қал-жағдайың қалай?" дегенмен тең болып кеткен сияқты. Әрине, көпке топырақ шашуға болмайды.  Бұл сөз барлығына қатысты ЕМЕС! Арасында шынайы, шын сезіммен, адал жүрекпен айтатындар бар шығар...Бірақ өте сирек...((
Мөлдіржан, мына сұрақтың срогі өтіп кетіпті))))  
Негізі  "сүюдің" қадірі түскен жоқ, ешқашан түспейді де. Бұл туралы сұрақ соноуууу махаббат пайда болған кезден бастап қойылып келеді. Неге? Себебі махаббатың құрығын түспегендер ол жайлы ойламайды да, құрығына түсіп, жолы болмаған соң "сүюдің" қадірі кетіп жатқандай көрінеді. Махаббат дегенді аялай алмаса, ол да ешкімге опа берген емес. Сүбдің қадірі кетіп жатса өздері кінәлі болғаны да.
Келісемін)
...