0 дауыс
787 көрілді
Ой толғау керек  хат керек емес

1 жауап

0 дауыс
Көркем сөйлеу тіл мәдениетіне қатысты. Көркем сөйлеудің басты тілдік алғышарты әдеби нормада сөйлеу және коммуникативтік сапаға сай болу. Көркем сөйлеу қарапайым сөйлеуден жоғары тұратын сөйлеудің әдеби нормаланған түрі болып табылады. Кез келген ситуацияда көркем сөйлеу сыпайылықтың белгісі. Алайда сөйлеушілердің бәрі бірдей норманы сақтап сөйлеуі мүмкін емес. Сөйлеушінің коммуникативтік ықпал ету мақсатында прагматикасын жүзеге асыру үшін нормадан уәжді ауытқуы да көркем сөйлеудің бір қыры болып табылады. Көркем сөйлеу – тілдің өміршеңдігінің бір көрінісі. Көркемдік қуаты кеміп, тек тұрмыстық лексикадан аспаған тілді өміршең тіл қатарына қосуға болмайды.Тілдік тұлға – тілмен бірге мәдениетті де тасымалдаушы. Ендеше көркем сөйлеушінің «бүгінмен» бірге «ертең» үшін де маңызы зор. Қазақ тілі – көркемдік қуаты күшті тіл екендігі нақты тілдік фактілермен дәлелденеді.

Сөз әуезділігін сақтап сөйлеу орфоэпиялық нормаға негізделеді. Қазақ тілі – әуезді тіл. Сөйлем құрамындағы сөздің, сөз тіркестерінің дұрыс айтылуы сөз әуеніне назар аудартады. Бұл, әсіресе, көркем сөйлеудің дұрыс айтылу нормасында анық байқалады. Алайда қазақ тілінің үндестік заңын екінің бірі сөйлеу кезінде сақтамауынан тыңдаушы құлағына түрпідей естілетін мысалдар жетерлік. Бұл ретте айтушы да, тыңдаушы да мән бермейтін сөздің дұрыс айтылуын ескеру керек.

Қазақ тілінің сұлу, әуезді тілінің дискурсы көбінесе: кез-келген емес – кезгелген, бір қатар емес – бір ғатар, қазақ елі емес – қазағ елі, біркелкі емес – біргелкі болып естіліп, мағыналық бөліктердің дұрыс дыбысталып, құлаққа «майдай жағатын» әуезділігі сақталса көркем сөйлеу кезінде ойдың мазмұны да ерекше экпспрессивтілікке ие болады. Өйткені офоэпияны сақтап сөйлеу интонацияны барынша жақсартады.

Бұл ретте жай сөйлеушілермен қатар, әншілердің қазақ дыбыстарының өзара үндесуін қадағалап әндетуі тыңдаушысына ерекше әсер ететіне сөзсіз. Мысалы, «Мен сені құлай сүйгенмін» емес - «мен сені ғұлай сүйгенмін» деп естілуі (орындаушы С.Медеуов дыбыс үндестігін сақтаған) ән мәтініндегі мағыналық бөліктерінің де атқаратын қызметі бар.
Көркем сөйлеу – тілдің өміршеңдігінің бір көрінісі. Көркемдік қуаты кеміп, тек тұрмыстық лексикадан аспаған тілді өміршең тіл қатарына қосуға болмайды.

Тілдік тұлға – тілмен бірге мәдениетті де тасымалдаушы. Ендеше көркем сөйлеушінің «бүгінмен» бірге «ертең» үшін де маңызы зор. Қазақ тілі – көркемдік қуаты күшті тіл. Ал осындай бай тілдің қазыналы қорын сөйлеудің көркемдігі үшін барынша пайдалана білген тілдік тұлғада тілге деген жанашырлық пен сүйіспеншілік болары сөзсіз. Өз тілін құрметтеген адам ғасырлар бойы тілімізге кодқа салынған рухани және мәдени құндылықтарды да қадір тұтады.
...