Көз жұмысын жақсартудың жолдары қандай?

0 дауыс
2.6k қаралым
Көз жұмысын жақсартудың жолдары қандай?
Денсаулық

3 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап
көздің көруін жақсартатын 10 тәсіл

 

 Көз – адамның әлемді көретін, ақпаратты қабылдайтын, түсінетін құралы. Адам өзінің көру қабілетін табиғаттын сый деп біліп, оны бағалай білуі тиіс. Алайда компьютер заманында адамдар күн өткен сайын экран алдында уақытын көп өткізуде. Көзге қысымның көп түскенінен және оның тез шаршауынан адамдардың көздері жасаурап, кей уақытта көру қабілетінің төмендегеннін де сезінуде. Оны қалай алдын аламы? Көз ауруларына шалдықпас үшін не істейміз? Бүгін Baq.kz өзінің оқырмандарына көру қабілетін қалыпты сақтауға арналған 10 кеңес ұсынады.

Темекі шегуді қойыңыз
Егер сіз темеке шегетін болсаңыз, ол тек өкпені ғана зақымдап қоймай көру қабілетіңізді де төмендететіндігін біліп жүргейсіз. Темекі шегу көз ішінінің қысымын көтереді, ал ол түрлі көз ауруларын туындатады.
Қарақат жеңіз
Қарақат көздің көру қабілетін арттырып, шаршауын басады және көз ауруларын алдыналады. Қарақатты дәрі күйінде қолданғаннан гөрі, жеміс күйінде жеген көзе әлдеқайда пайдалы.

Дәрумендер ішіңіз
Статистика дәрумендер ішетін адамдардың көз ауруларына шалдығу қауіпінің төмен екендігін көрсетіп отыр.

Мониторды дұрыстап қойыңыз
Компьютермен жұмыс барысында монитор көз деңгейінен төмен тұруы тиіс. Сол кезде сіздің жоғарғы қабағыңыз төмен түсіп, ол көзің ішіндегі сұйықтықтың азайып «құрғақ көз» синдромының дамуын тежейді.
Көбірек серуеңдеңіз
Таза ауада серуеңдеу барлық ағзаға, соның ішінде көзге жағымды әсер етеді. Өйткені табиғатқа шыққанда біздің денеміз ғана емес көзімізде сергіп қалады.
Көзілдірік киіп жүріңіз
Күн шығып тұрған кезде күннен қорғайтын сапалы көзілдірік киіп жүру қажет. Көзіңізді қорғаудан бұрын оған зиянын тигізетін арзан көзілдірік алып өзіңіздің көзіңізден ақшаңызды аямаңыз.
Көбірек көкөніс жеңіз
Көкөніс көзге өте пайдалы. Әсіресе қызылшаны көбірек жеуге тырысыңыз. Өйткені оның құрамындағы мырыш көздің қырағылығын күшейтсе, темір қанның қызыл түйіршіктерінің қалыптасуына әсер етеді.
Көзіңізді демалдырып тұрыңыз
Егер сіздің жұмысыңыз компьютермен немесе кітап оқумен байланысты болса көзіңізді демалдырып тұрыңыз. Бір нүктеге 30 секунд қарап тұрудың өзі де көзге жақсы әсер етеді.
Қан қысымының деңгейін қадағалап тұрыңыз
Көптеген көз аурулары қан қысымының жоғарылығынан туындайды.
Жұмыс барысында көзілдірік киюді ұмытпаңыз
Әсіресе сіз хлорланған бассейінде жүзетін болсаңыз немесе көше жұмыстарымен айналысатын болсаңыз көзіңіз зақымданбауы үшін қорғайтын көзілдірік киіп алу керек.
Осы қарапайым кеңестерді ұстанатын болсаңыз өзіңіздің көру қабілетіңізді көптеген жылдарға өте жақсы деңгейде сақтауға мүмкіндіңіз болады.
+3 дауыс
http://massaget.kz/bastangy/Zdorove/1747 осы сілтемеде жақсы ақпарат бар.
Өзің жауап беріп, өзің ЖЖ таңдапсың ғой.
Негізі бір жағынан ол да дұрыс, тамаша жауап беріп тұрса да кейбір қолданушылар  әдейі жж баспайды. Егер жж бассам жауап берген адамға балл қосылад дима солай ойлайд.
Бұл ссылкадағыдан гөрі Абдиманаптың жауабыанығырақ жазылған.
Әбдіманаптыкы ұнаса соған бас жж
+1 дауыс

 

Мынадай жаттығуларды жасап отырсаңыздар болады 

Егер коз жакыннан кормейтин болса не истеу керек?
127,680 сұрақ
322,223 жауап
153,247 пікір
72,705 қолданушы