+1 дауыс
1.1k көрілді
Өмір бойы мені таң қалдырып жүрген сұрақтар:

1. неге дəл мұрынды мұрын деп атаған? немесе көзді көз деп? неге именно осы сөздер?))))

2.сосын түстерге атау берген кім? неге көк көк деп аталады? неге ол басқаша аталмайды мысалы?))) ю

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Мұрын

Human-nose.jpg

- (адамда) тұлғаның бiр бөлiгi немесе (малдарда) бет, қатысушы тыныс, иiс сезу қаблетiнде, Құйрық олжасы және қарым-қатынас.

- Адамда, жануарларда болатын иіс сезу мүшесіне тілімізде осындай ат берілген. «— Сен бармысың дегім келіп тұрдым да, қоя қойдым қарадым да мұрнына» (Ғ. Қайырбеков, Большевик.).

«Мұрын» сөзінің алғашқы мағынасы мен тұңғыш тұлғасын түркі тілдерінің өзінен-ақ іздеп табамыз.

Қырғыз тілінде «мурун» сөзінің екінші мағынасы — «бұрын» дегенді ұғындырса, тува тілінің дерегі айтқалы отырған ойымызды анықтай түседі. Туваларда «алда», «алдыңғы жақта» сияқты мағыналарды — мурнунда, мурнунга сөздері ұғындырады, ал бір заттың алдыңғы бөлігін түсіндіру үшін «мурну» тұлғасы қолданылады. Мұның езі «мұрын» өз атауын орналасқан орнына қарай меншіктенген деген жорамалға тірейді. Шын мәнісінде де, адам мен жануарлар денесінің алдыңғы жағында орналасқан мүше тек мұрын ғана, одан озық орналасқан басқа мүшені айта қою қиын

...