+1 дауыс
7.7k көрілді
"Уже" сөзінің қазақша аудармасы қалай?

8 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Менімше, *кетіп қалу, істеп қою* деген тіркестердегі *қалу, қою* деген қосымша тіркестер етістікке *уже* уақыт түсінігін беретін секілді. Бұл тек етістіктің уақыттық сипатын береді. Ал басқа мағыналарда *уже* сөзін - енді деп аударса болады. Яғни

Он ушел? - Ол кетті ме?

Он уже ушел? - Ол кетіп қалды ма?

Он уже/теперь не придет - Ол енді келмейді.


+2 дауыс
Уже сөзінің қазақша баламасы - әлдеқашан.
-Қашшан кетіп  қалғаны?
-Уже ма?
Аударғанда:
-Қашшан кетіп  қалғаны?
-Әлдеқашан ба?
Ұйқаспайды...
+2 дауыс
Уже сөзінің қазақша баламасы - ЕНДІГІ
Ендігі сөзін кебір жерлерде қолданған қолапайсыздау болар.
+3 дауыс
Елекенің жауабы дұрыс. Сөз мағынасына қарап аударасың ғой.
Дұрысы шынымен мағынасына қарап аударған.
+2 дауыс
Уже сөзінің қазақшасы - ЕНДІ. Мысалы уже поздно қазақшасы енді бәрі кеш
+2 дауыс
Әлдеқашан,енді,ендігі...................................
Жұрттардың бәрінің жауабын общий бір жерге жиып қойғансың ба?))))
солай дҰрыс айтасын
+1 дауыс
"Уже" сөзінің дұрыс аудармасы - "Демде". Мысалы: "Ты уже приехал?" - "Сен демде келіп қойдыңба?". "Ты уже выпил все?" - "Сен демде бəрін ішіп қойдыңба?".
уже поздно - демде кеш))))
+1 дауыс
Демде дейсізбе, бірінші рет естуім. Негізі ең дұрысы бұл сөйлемнің мағынасына жүгіну. Ал "уже" деген сөздің тікелей аудармасы жоқ. Қазақтар негізінде өткен шақты сөйлемде көп қолданбайды. Мысалға сіздің жоғарыда берілген сөйлемдеріңізді алсақ "Ты уже приехал?", мен өзім былай аударсам деймін "Келдіңбе?" немесе "Ты уже выпил все?", "Сен бәрін ішіп қойдыңба?". Негізінде орыс тіліндегі сөйлемді қазақ тіліне аударғанда бір неше нұсқасын ойға алуға болады.
...