Адамның өзі өлсе де, аты өлместей өмір сүру мәні неде?

+2 дауыс
8.0k қаралым
Өмірде бірнеше ғасыр бұрын өлсе де осы уақыттқа дейін тірі жүргендей аты аталатын адамдар бар, солар қалай осы дәрежеге жетті екен?
• Санаты: Психологиялық кеңес | 8.0k қаралым
болып тұр қайтесіз сіз? универде сондай сұрақ қойып тұрса. ауадан алмадым, елеке.
онда сұрақты дұрыс қой. сіздер қалай ойлайсыздар деп емес, сұрақтың негізгі бөлігіне де сұрақтың мағынасын ашатындай етіп жазуыңды өтінемін. өңдеп қойсаң риза болар едім.
Қумаш адам өлет ғо мұғалімыңыз жынды екен хД x-(
Жігіттер сұрақ өте өзекті, мағаналы сұрақ. Аздап дұрыс формулировка жасалмаған екен, жөндеп қойдым.
рахмееет!!!!!

2 жауап

+4 дауыс
Жақсы жауап

"Өлді деуге бола ма, артында өлместей іс қалдырған адамды" - деген сөз бар емес пе,  Аллаға шүкір ондай адамдар баршылық қой. Алланың пендеге нәсіп қылған айналасы 90-100 жыл өмірін сүріп кетіп жатқан адамдар да баршылық, бірақ "Көзден кетсе көңілден де кетеді"- дегендей, өз ұрпағы болмаса басқа қалың жұрт ұмытып кетіп жатады емес пе?  Ал енді аз өмір сүрсе де өсімдері ел есінен кетпейтін жандар да бар, міне сол адамдардың өзі өлсе де, сөзі, атқарған ісі өлместен ғасырлармен жасасып келе жатыр. Мысалы Сұлтанмахмұт Торайғыров, Шоқан Уалиханов, т.с.сияқты ұлыларымыз аққан жұлдыздай аз ғана ғұмыр кешсе де, өлді деуге ауыз бара ма? Қыз Бала солар туралы айтып, сұрап отырған болар деймін. Халық арасында "Жақсының аты,ғалымның хаты өлмейді"-деген сөз бар. Адам ұрпағымен ұзақ жасайды, ал халқына сіңірген еңбегімен,жақсы амалдарымен артына өлмес атын қалдырады.Аллаға шүкір халқымыз ондай адамдарға бай. Бір-бірлеріңізбен бос айтыспай, байыппен сыйласып, білім соңына шырық ала түсіп, еліміздің, барша жер тұрғындарының өміріне шапағатын тигізетін игілікті іс қылсаңыздар, қай-қайсыңызда өлместей ат қалдыра алатын мүмкіндіктеріңіз бар, бәріңізге соны тілеймін!

рахмет, Жако! аман жүрші! ар жағынан ойлайтын бала екенсің...
0 дауыс
Бұл мақалдың тура мағынасы: әке дүниеден өтсе де, оның артында қалған салт-дәстүр, жөн-жоралғы, міндет пен сый-құрмет жойылмайды. Астарлы мағынасы — адам өмірден кетсе де, ел ішінде қалыптасқан тәртіп, тәлім және ұрпаққа аманат болған әдеп сақталуы керек. Яғни, атадан қалған кәдеге немқұрайлы қарауға болмайды; ол — отбасы мен ағайынның байланысын ұстап тұратын рухани құндылық.

Мұндағы «ата» — тек әкенің өзі емес, әулеттің иесі, үлкеннің жолын білдіреді. Ал «кәде» — қонақ күту, сыбаға, сый-сияпат, дәстүрлі міндет сияқты халықтық жоралғылардың жиынтық бейнесі. «Өлмейді» деген сөз кәдінің маңызын күшейтіп, оның адамға емес, ұрпаққа жалғасатын ғұмырын көрсетеді. Бұл жерде кәде — рухани сабақтастықтың белгісі.

Қазір бұл мақал отбасылық дәстүрді ұмытпау, үлкеннің жолын жалғау туралы айтылады. Мысалы, әке қайтыс болса да, балалары оның атынан ағайынға сәлем беріп, ас беріп, жетім-жесірге қамқорлық жасап, әулеттік сыйластықты сақтайды. Бұл — өткенді құрметтеп, бүгінгі бірлікті бекемдеудің жолы.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
1 жауап
+1 дауыс
1 жауап
127,937 сұрақ
322,811 жауап
153,169 пікір
72,931 қолданушы