+1 дауыс
3.2k көрілді
Өмір сүру жасының орташа ұзақтығын қалай есептейді?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Болжамды өмір сүру ұзақтығы есептелген кезде бірқатар демографиялық көрсеткіштер қолданылады: халықтың жалпы саны, жынысы, туылу, өлім, жас нәрестелер өлімі коэффициенттері, халықты өндіру коэффициенті бойынша сәйкестігі, миграция көрсеткіштері мен басқалары.Өмірдің болжамды ұзақтығы есеп беру жылында халық саны туралы нақтыланған мәліметтер негізінде бір рет есептеледі.Бұл көрсеткіш халықаралық статистиканың ең көп тараған көрсеткіштерінің бірі болып табылады және «өлім кестесі» деп аталатын шеңберде есептеу барысында анықталады. Күтілетін өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші даму деңгейі орташа елдер үшін балалардың 5 жасқа дейінгі өлім-жітімі көрсеткішімен, ал жоғары дамыған елдер үшін – ананың өлім-жітімі коэффициентімен толықтырылуы мүмкін

Ұқсас сұрақтар

...