+1 дауыс
7.7k көрілді
Өмірде бірнеше ғасыр бұрын өлсе де осы уақыттқа дейін тірі жүргендей аты аталатын адамдар бар, солар қалай осы дәрежеге жетті екен?
болып тұр қайтесіз сіз? универде сондай сұрақ қойып тұрса. ауадан алмадым, елеке.
онда сұрақты дұрыс қой. сіздер қалай ойлайсыздар деп емес, сұрақтың негізгі бөлігіне де сұрақтың мағынасын ашатындай етіп жазуыңды өтінемін. өңдеп қойсаң риза болар едім.
Қумаш адам өлет ғо мұғалімыңыз жынды екен хД x-(
Белгісіз
Жігіттер сұрақ өте өзекті, мағаналы сұрақ. Аздап дұрыс формулировка жасалмаған екен, жөндеп қойдым.
рахмееет!!!!!

1 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

"Өлді деуге бола ма, артында өлместей іс қалдырған адамды" - деген сөз бар емес пе,  Аллаға шүкір ондай адамдар баршылық қой. Алланың пендеге нәсіп қылған айналасы 90-100 жыл өмірін сүріп кетіп жатқан адамдар да баршылық, бірақ "Көзден кетсе көңілден де кетеді"- дегендей, өз ұрпағы болмаса басқа қалың жұрт ұмытып кетіп жатады емес пе?  Ал енді аз өмір сүрсе де өсімдері ел есінен кетпейтін жандар да бар, міне сол адамдардың өзі өлсе де, сөзі, атқарған ісі өлместен ғасырлармен жасасып келе жатыр. Мысалы Сұлтанмахмұт Торайғыров, Шоқан Уалиханов, т.с.сияқты ұлыларымыз аққан жұлдыздай аз ғана ғұмыр кешсе де, өлді деуге ауыз бара ма? Қыз Бала солар туралы айтып, сұрап отырған болар деймін. Халық арасында "Жақсының аты,ғалымның хаты өлмейді"-деген сөз бар. Адам ұрпағымен ұзақ жасайды, ал халқына сіңірген еңбегімен,жақсы амалдарымен артына өлмес атын қалдырады.Аллаға шүкір халқымыз ондай адамдарға бай. Бір-бірлеріңізбен бос айтыспай, байыппен сыйласып, білім соңына шырық ала түсіп, еліміздің, барша жер тұрғындарының өміріне шапағатын тигізетін игілікті іс қылсаңыздар, қай-қайсыңызда өлместей ат қалдыра алатын мүмкіндіктеріңіз бар, бәріңізге соны тілеймін!

рахмет, Жако! аман жүрші! ар жағынан ойлайтын бала екенсің...
...