0 дауыс
24.4k көрілді
Қазіргі таңда көп қыздар ойнап жүріп от басып қалуда. Мұның арты өзекті өртейтін өкінішке айналады. Шығатын жол таппай жасанды түсік жасатып жатады кейбіреуі. Сол жасанды түсік жасатудың зиянды жақтары қандай?

7 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Аборт

Аборт (лат. абортұс — түсік) медицинада — құрсақтағы ұрықтың 28 апталық мерзімге жетпей тіршілігі үзілуі немесе түсік түсуі. Жүктіліктің 14-15 аптасына жетпей ұрық тіршілігінің үзілуін ерте, ал 14-15 аптадан кейін үзілуін кеш түсік дейді.

Аборт өздігінен түсік тастау және жасанды түсік жасату болып бөлінеді. Қолдан жасалатын аборт медициналық мамандардың әйел адамның өмірін және денсаулығын сақтап қалу мақсатында, зорлау немесе инцест салдарынан болатын еріксіз жүктілік кезінде, сәби ауыр науқасқа шалдыққан кезде немесе әйелдің жатырындағы сәбиді асырай алмайтын жағдайы болған кезде жасалады. Ру-486 препаратын жүктіліктің алғашқы бірнеше аптасында қабылдаса, қолдан түсіктің болуына мүмкіндік жасайды. Жүктіліктің 19 аптасына дейін жатырды қысқарту мен іштегі нәрестені түсіру үшін тұз ерітінділерін немесе гормондарды шашуға болады. Жатырдағы сәбиді хирургиялық жолмен алдыру жүктіліктің екінші немесе үшінші айында ғана жүзеге асыруға болады. Жатыр мойыншығын кеңейту мен ұрықты экстракациялауды жүктіліктің үшінші айында жасауға болады. Бұл "Жартылай босану арқылы аборт жасау» деп те аталады. Түсік жасаудың басқа түрлері: қол шприці көмегімен қолмен жасалатын вакуумдық экстракция және кеңейткіш пен механикалық сорып алғыш құрылғысы арқылы жүзеге асатын вакуум-түсік; бұл екі түрлі емдеу шарасы жүктіліктің ерте кезеңінде жасалады.

Қоғамның жасанды түсікке деген, бала тууды бақылау құралы ретінде тарихи қатынасы әртүрлі елде әр кезеңде түрліше өзгеріп отырған. Антикалық дәуірде жасанды түсік бала тууды шектеу әдісі ретінде пайдаланылса, ал христиан діни қызметкерлері жасанда түсік жасауды Құдай ісіне қарсылық деп бағалаған. Орта ғасырларда Еуропада мұндай жолды айыптаушылардың пікірі қоғамдық өріс алып, ауқымы кеңейген. 19 ғасырда жасанды түсік жасатқандарға қатал жаза қолданылған. Алайда 20 ғасырда бұл тыйымдар жұмсартылып, біртіндеп өзгертілді. 1973 жылы АҚШ-та Роу Уэйдқа қарсы ісінің шешімі бойынша жүктіліктің алғашқы үш ай мерзіміндегі жасалатын жасанды түсік заңдастырылды, алайда штаттар алғашқы үш ай мерзімінде түсік жасатуға өзіндік заңды шектеулер енгізуге құқылы болды. Осы сот шешімінен кейін қарқынды түрде абортқа қатысты саясатты ырықтандыруда қарсыластар мен жақтастар арасында қарқынды пікірталас басталды.

Әйелдің өздігінен түсік тастауы әртүрлі жағдайларға (жығылу, ренжу, шошыну, ауыр жүк көтеру т.б.) байланысты болады. Алдын-алу шаралары: қыз балаларының денсаулығына жас кезінен көңіл бөлу, науқас әйелдерді диспансерлік бақылауға алып, емдеу. Жасанды түсік (медициналық Аборт) жасату арқылы екіқабат әйел өз еркімен ұрық тіршілігін үзеді, мұндай Аборт тек дәрігерлік мекемелерде ғана жасалады. Одан тыс жерлерде жасалған Аборт қылмыстық әрекет болып саналады. Көп мемлекеттерде жасанды түсік жасатуға рұқсат берілмейді. Қазақстан Республикасында қолданылатын заңдарға сәйкес жасанды түсік жасатуды 12 апталық мерзімге толғанға дейін әйелдің өзі шешеді. Егер жүктілік мерзімі көрсетілген уақыттан асып кетсе, жасанды түсік дәрігерлік кеңестің шешімімен ғана жасалады. Аборт әйел денсаулығына зиян тигізеді, әсіресе алғаш рет көтерген баласын жасанды түсік жасату арқылы алдырып тастаған әйелдер болашақта бедеулік зардабын тартуы мүмкін.ауруларға (бруцеллез, туберкулез, сүзек, жыныс мүшелерінің аурулары т.б.), кездейсоқ

Экономикалық әсері

Жасанды түсік рұқсат етілетін елдер экономикалық шығынға ұшырайтыны туралы пайымдаулар бар. Мысалы, жасанды түсік кесірінен соңғы он жылда Швейцария 333 миллион франк экономикалық шығынды бастан кешірген. Жасанды түсік салдары ретінде ЖІӨ және тұтыну деңгейінің азаюы саналады.
+2 дауыс
1. Жасанды түсік жасау - заң бойынша тиым салынған іс. Бұл үшін сот жүреді, яғни тірілей адам өлтірген сияқты.

2. Мәңгілік бала туу қабілетінен айырылу мүмкін, яғни жатырынан.

3. Арнайы ауруханада жасамаса қарапайым жерлерде инфекциялар болады.

Осылай ойлаймын.
Дұрыс ойлайсың . Жауапқа рахмет.  Мына бір жігіт көбірек жазып, уақыт бөліпті. Соған жж бастым. Жаңа келгендерді де қолдап отырайық. Ренжиме
0 дауыс
Мен екеу босанғанмын.1-баламнан соң түсік тастап қойдым.Екіншімді жақсы босандым бірақ.Денсаулығыма байланысты тууға болмайды деген соң,2 рет аборт жасаттым.Спираль салдырған едім болмады.Қанша қорғансам да көтеріп қойған сияқтымын.Енді тағы алдыруға қорқам.Дəрігерлер тууға рұқсат ьермейді.Аборт енді маған қауіпті ме?Өкпеме байланысты босана алм
0 дауыс
Салеметсиздерме менин сурайын дегеним 22.02.2018 тусик тастадым тазалатпадым маган укол мен шоп дари  жазып берди матка бари таза енди канша уакытта бала котеруиме  болады жане
0 дауыс
Мен 27 жастамын 8жылда куткен биринши перзентим 12 апталык басы жок деп аборт жасатасын дейд егер мен аборт жасатсам кейин котере аламынба
0 дауыс
Бəрі бір Аллахтың қолында. Бір түсік жасатқаннан кейін сен бедеусің болды деген сөз емес. Олай жаза беруге болмайды. Тығырықтан шыға алмаған біз сияқты келіндер көп оқиды. Аллахтың ісі солай болды. Ала қайырлыны ғана бізге береді. Меніңде егіздерім тұңғышым түсіп кетті. 7аптада жүрек соқпайды деп.  Мен қаладымба. Əрине жоқ. Сондықтан күдерді үзбеу керек деп білемін.
0 дауыс
Мен тусик жасатканыма 1 кун болды. Даримен алдым. Бирак сондада киндигим ауырады. Сосын кишкене кан кетип тур. Ол коркынышты ма? калыпты жагдай ма?
...