0 дауыс
13.5k көрілді

Демографиялық жарылыстың пайдалы және зиянды жақтары туралы көзқарастар.

1 жауап

0 дауыс

Демографиялық күрт өсу (Демографический взрыв; грек, demos— халық, grapho — жазамын) — әлеуметтік- экономикалық немесе жалпы экологиялық жағдайлардың жақсаруымен байланысты халық санының күрт өсуі.

XX ғасырдағы адамзаттың санының жылдам артуын демографиялық жарылыс деп атайды. Соңғы 100 жылдағы өсiмге Жердегi қазiр өмiр сүретiн адамдардың 3/4-i сәйкес келедi. Ғасырдың екiншi жартысында әр он жыл сайын жылдық өсiм шамамен 10 млн-ға артып отырды. 50-жылдары 53,3 млн болса, 60-жыларда — 66,7 млн, 70-жылдарда — 70,3 млн. 80-жылдарда 86,4 млн адам болды. Адам санының 1 млрд.-тан — 2 млрд.-қа өсуi үшiн 107 жыл қажет болса (1820-1927 ж), ол 3 млрд.-қа дейiн — 32 жыл (1959 ж). 4 млрд.-қа — 15 жыл (1974), 5 млрд.-қа — 13 жыл (1987), 6 млрд.-қа — 12 жыл (1999), халық санының соңғы рет екi еселенуiне небәрi 38 жыл қажет болды.

Пайдалы жағы мүмкін адам ұрпағының жалғасуы, бақталастық көп болғандықтан дамуға тырысатын адам саны артатын болар. Ал зиянды жағы: қоршаған ортаның ластануының артуы, азық-түлік жеткіліксіздігі, адам санын азайтуға немесе қалыпты мөлшерде ұстап тұруға арналған аяусыз саясаттардың пайда болуы деп ойлаймын.

...