+1 дауыс
4.6k көрілді
Мектепке бірінші рет оқушыларға сабақ беруге барам. 1-ші күнімді қалай бастасам болады? Ойын ұйымдастырып па жоқ әлде басқалай ма? Сабақты қалай қызықты өткізуге болады? Оқушылардың алдында өзімді қалай ұстаймын? Өзім болсам жап-жаспын олар мені жас екен деп басынбай ма? Қатал көрінейін бе, жұмсақ па? Ақыл-кеңестеріңізді жазсаңыздар.

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Мен осы аптада педагогика пәні мұғалімінен жақсы бір кітапты оқы деген бұйрық алдым. Ол кітапта мұғалімнің айтуы бойынша нағыз педагог қандай болуы керек, педагог оқушымен қалай жұмыс жасауы керек, қиын оқушыларға не деу керек, оқу ісін қалай ұйымдастыру керек деген сияқты ең керек мағлұматтармен толтырылған екен.

Мағжан Жұмабаевтің "Педагогика" кітабы. Ташкенте шыққан. қай жылы шыққанын ұмытып тұрғаным. қазақ тілінде. Шыныменде күшті!
0 дауыс
әйтеуір бір жүрген біреу екенсіз. Жоғары оқу орнында 4 жыл оқыдыңыз. Инженер болам деп емес педагог болам деп оқыдыңыз. Педагогика, Психология, Педагогикалық мамандыққа кіріспе деген сабақтар бол ған кезде ай қарап жүрдіңіз бе? Сол сабақтарда бүге шіге үйретеді ғой. Мұғалім қандай болу керек деген сұраққа жауап тауып қойған боларсыз сол сабақтарда.
4жыл оқыған жоқпын. Сырттайға биыл ғана тапсырдым.
сөзімді қайтып алдым
+1 дауыс
Егер бастауыш сыныпқа сабақ берсеңіз өзінізді байсалды,сабырлы,ак коңіл кейіпте көрсетіп,сабақты ойын түрінде  өткізген дұрыс!
+1 дауыс
Салеметсіз бе? Сіз жақсы ұстаз боласыз? ол балаларға басында қатал болыңыз.Себебі : бір күні сіздің берген тапсырмаңызды орындамайды? Менің де ұстазым мектепке келген де бізді қатал ұстады казір оқушылар ол апайдың айтқанын тыңдайды. Анда-санда күліп оқушыларды еркелетіңіз көп еркелетсеңіз басыңызға шығып кетеді. Сабақ қызықты болу үшін өзіңіз ойын ұйымдастырыңыз. Оқушылардың алдында өзіңізді байсалды,сабырлы,сырт көзге мықты болып көрініңіз. Қандай пәннен бересіз?
қазақ тiлi мен әдебиет пәнiнен. бара салып ойын ұйымдастырсам ерсi көрiнбей ме?
+1 дауыс
бірінші келіп тұрған жас маман өзін сенімді, сөзбен ғана қаталдау болғаны өте жақсы,ал еркелету,мадақтау күнделікті сабақта болғанымен 3-5 минуттан аспау қажет. 45 мин сабақтың алғашқы сәтінде аздаған қызықты ойындар,соның ішінде сізге сай пәніңізге мақал жалғастыру,сөзжұмбақ,ребус көрнекілікпен дайындап,артынша кіріспе сабағыңызбен,тақырыбыңызбен жалғастырыңыз. Әдістемелік кітап қолданыңыз,білікті ақыл сұрайтын немесе меңгерушіден білмегеніңізді жекелеп сұрап көріңіз,көмектеседі)
...