+1 дауыс
749 көрілді
Ассалаумағалейкум достар! Мен шетелдік компанияда жұмыс істеймін, жұмысқа орналасқаныма жарты жылдан асты. Мен бастығымның алдына келгенде немесе жұмыс туралы өзімнің ойымды айтқанда сасқалақтап, сөйлей алмай қаламын. Мен - қазақпын, ал бастығым - орыс. Кейде мен орысша да сөлей алмай қалатын түрім бар. Кейде ол мені жақтырмай қалатын кездері бар, ойымды тыңдағысы келмейтін түрін де көрсетеді. Сіздерге қояр сұрағым мынау: басқа ұлтты бастықтың алдында қалай өзін ұстау керек? Дұрыс орысша сөйлеп үйренсем маған деген қарым-қатынасы өзгере ме?

3 жауап

+1 дауыс
Менің ойымша батылырақ болу керек! Дәлірек ойыңызды ашып,тұйғын мінезде болмауыңыз керек!Дегенмен ойыңызды толықтай дәлірек , ойыңызды аша білу керек
+1 дауыс
Батылырақ болуыңыз керек! Нақты сөйлесеңіз сізге деген қарым-қатынасы өзгереді деп ойлаймын.  Әрине, сіз шетелдік компанияда жұмыс істегеннен кейін сол тілді жақсы білуіңіз керек.
+1 дауыс
Сіздің бұл мәселені уайымдап ойлайтыныңыздың өзі мақтауға тұрарлық сияқты.Айнаның алдында көп дайындалыңыз!Толық бойыңызбен бірдей айнаның алдында тұрып бастығыңыздың алдында тұрғандай сөйлеп көріңіз.Былай тұрып,жүрісіңізді бәрін бәрін қарап көріңіз,киім киісіңіз де мінсіз болсын.Бастығыңыз интеллегент болса сонымен теңелуге тырысыңыз.Оның қылықтарын бақылап көріңіз.Айнаның алдында дайындалсаңыз  өзіңіздің кемшілігіңізді көре аласыз,бастығыңыздың неге тыңдағысы келмейтін кейіп таңытатынының себебін білесіз.Солай жасаңызшы!)Ал тілге келетін болсақ орысша кітаптарды көп оқып жаттығыңыз.Әлеуметтік желілерден орыс азаматтармен танысыңыз,олармен сөйлескенде сіз ойыңызды жеткізу үшін іздене бастайсыз,солай-солай жаттығасыз.Удачи!
...