+1 дауыс
33.6k көрілді
Оқушылардың өзін - өзі басқаруы және өзара әрекеттерінің үйлесімділігі. Осы тақырыпта баяндама тауып беріңізші. Алдын ала рахмет. Өтініш.

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
«Өзін-өзі басқару»

-       Балалар мен жасөспірімдердің және үлкендердің жалпы адамзаттық құндылықтарға  бағыттаған, мүшелерінің қызығушылықтарын, құқықтарын қорғайтын,өз бетімен ерікті, қоғамдық бірлестік

 Өзін-өзі басқару ұйымының атқаратын жұмыстары:

 -        Интелектуалды сайыстар өткізу;

-        Мереке күндерін өткізу;

-        Мектепішілік  газет-журналдар шығару;

-        Іс-шараларға  жауапкершілікпен қатынасу;  

Өзін-өзі  басқару  ұйымының  қаулысы:

Жыл ішінде жүргізілетін жұмыс түрлеріне есеп беріп отырады.

Ұйым үнпарағы ай сайын шығарылып, мектепішілік іс-шаралар талданып, баспасөз беттері арқылы таралуы керек.

Мектеп оқушыларының оқу үлгерімін жақсарту, оқу озаттарының санын көбейту сынып әкімдеріне міндеттеліп, оны қатаң қадағалау Білім министріне жүктелсін.

Оқушылардың бой-бас тазалығы,оқу құралдары, сынып тазалығы, мектепке сай киім формасын үнемі бақылауда болуы Тазалық министріне тапсырылсын.

Оқушылардың танымдық деңгейінің терең болуын қадағалап, соған орай мектепішілік іс-шаралар өткізу Мәдениет министріне тапсырылсын.

Мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді пайдалану, денсаулықтарын нығайту, спорт үйірмелеріне оқушыларды тарту Спорт министріне тапсырылсын.

Оқушылар арасына келеңсіз жағдайларды болдырмау,сабаққа қатысу-қатыспауын қадағалап, мектепішілік тәртіпті бақылау Тәртіп министріне тапсырылсын.

Біріңғай талап ережелері 5-11 сынып оқушыларының барлығына міндетті деп саналсын және оқушылар ұйымының осы талаптарды қадағалау Ұланбасына жәнеҰланбасы көмекшісіне

 

Өзін –өзі  басқару  ұйымының Мақсаты:

Еліміздің  мүддесін ойлайтын, экономикалық бәсекелестікке қабілетті, Білім мен өнерге  құштар, елінің  тарихынбілетін, тілін, дінін,  әдет ғұрп, салт- санасын қастерлейтін, еңбекқор  да, салауатты, адами құндылықтарбойына қалыптасқан, әділетті, қайсар тұлғаны  өзін- өзі басқарту  арқылы  қалыптастыру.

Міндеті: - қазақстан  Республикасындағы  « Тәрбие жұмысының  кешенді  бағдарламасы  мен Үздіксіз білім беру жүйесінің  тәрбие  тұжарамдамасына»  сай жас жеткіншектерді Қазақстандық елжандылыққа  тәрбиелеу.

- өзін- өзі басқару ұйымының бағдарламасы  негізінде , сапалы білім саналы тәрбиенің жан- жақты  артуына оқушы, жастар ұйымының белсенділігі  арттыру;

-  жастар бірлестігінің бағыттарына  байланысты  ұйым белсенділерінің құқын, міндетін, жауапкершілігін  арттыру.

 Өзін –өзі  басқару жұмысында  табатын құндылықтар:

Адами ар –ожданы, иманжүзді азамат қалыптасу

Отбасындағы  жауапкершілік

Отан, туған өлкеге құрмет

Денсаулық, салауатты өмір

Еңбек, экономика

Білім , ғылым, өнер

Мәдени мұра, құқық, тарих, шежіре

Тіл шеберлігі, рухани байлық

Достық, жолдастық, қатынас
...