Әрине, бір Амантай қажы бұл мәселені түбегейлі шеше алмас! Қазақ ертеден жесірі мен жетімін жылатып қалдырмаған. Жесірін әмеңгерлікке берсе, жетімін жақын туысы бауырына басқан. Айтпағым, жалғыз Амантай емес, қазақ болып аттандайтын кезде бұл мәселенің түбі көрінбек.
П.С. Амантай қажы істері күлкілі болып көрінгенімен патриоттық тұнып жатыр. Далақтап кім үшін жүгіріп жүр, қазақ үшін. Сондықтан ол ағамыздың ісіне ойлана қаралық ағайын...