+1 дауыс
15.7k көрілді
Жеті шелпекті дәметкен әруақтар үшін таратады деп естіген едім.Негізінде жеті шелпекті таратқан дұрыс па? Не үшін таратады? Таратуға қолайлы күн -  жұма күні. Бірақ басқа күндері де таратуға бола ма?

3 жауап

+2 дауыс
Жыл сайын анам  ата-әжемнің қайтыс болған күнінде жеті шелпек таратады. Қай күн болса тарата береді. белгілі күні жоқ оның
+2 дауыс

Негізінде жеті шелпекті кіші жұма деп бейсенбі күні пісіріп,таратады.Басқа күндері тек түстен шошығанда және тағыда сол сияқты жағдайларда пісіреді.Жеті шелпекті тарату әрине дұрыс,сауапты іс.

+2 дауыс
Шариғатта Аллаһ разылығы үшін біреуге бір нәрсе (садақа десек те болады) берсең немесе тірі адамдар бақилық туысқандарының рухтарына сауапты іс жасауға рұқсат еткен және қабыл етілетін амалдардың бірі иншаллаһ. Жеті шелпек таратқандағы мақсат та жоғарыда айтып откенімдей тарқатылған жеті шелпектен болған сауапты қайтыс болған ата-бабаларымыздың рухтарына сауаптан жазғай деген ниеттегі қазағымыздың наным-сенімдерінің бірі. Сауапты іс жасауда күн таңдалмайды. Десек те, ата-бабаларымыз бейсенбі және жұма күндері күн ұясына батпай жеті шелпек таратып, Аллаһтан сауап дәметкен.
...