+1 дауыс
Әжем бiр нәрседен урейленiп қалса, бiрден жетi нан таратады. Жаман түс көрiп қалған күндерi де сол . Жұма кундерi де жетi шелпек пiсiрiп мешiтке апарады. Жетi шелпек таратып тұрасыз ба?
22.06.2013 6.3k қаралым
Біздің үйдегілер таратады жеті күлшені. Мына жауаптарға қосыламын. Барлықтарыңа +1

6 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Жаман түс көргенде немесе бір адам қайтқаннан соң немесе жұма күндері ата-баба рухы разы болсын деп,7 үйге немесе көршілеріне шелпек тарату қалыптасқан.Ол барлық облыстарда бар деп ойлаймын.
22.06.2013
+2 дауыс
Иә менің анам әжем ырымдап соләй таратып тұрады. Соңғы рет алдыңғы күні ғана тараттық.)
22.06.2013
Дұрыс екен. Бейсенбi кунi ме?!     Қабыл болсын!
Иә. Аумин! Тек айырмашылық біз жақта "ЖЕТІ КҮЛШЕ" деп атайды.)
+2 дауыс
Әрине. Онсыз бола ма? "Өлі жібімей, тірі байымайды"- дейді ғой. Меніңше, жеті шелпек пісіру өте дұрысӨйткені ертеден келе жатқан мынадай сенім бар: тірі адам шелпек жесе, қайтқан жандар нанның, шыжыған тоңмайдың иісінен қуат алады деп есептеледі. Сол себепті болар, бұл жоралғы бір жағынан «Иiс шығару» деп те аталады.
22.06.2013
Дурыс айтасыз. Өлi разы болмай, тiрi байымайды дейдi.
+3 дауыс
Иә,бізде де сол,әрбір төртінші күн сайын жеті шелпек пісіріп,өлген аруақтарға дұға бағышталады,сондай-ақ үйдегілердің біреуі жайсыз түс көрсе(түсінде қайтқан адамды көрсе) жеті шелпек пісіріп,оның алтауын көршілерге таратып жібереміз
22.06.2013
+4 дауыс
Әрине анам әр жұма сайын пісіреді!!!Шелпекті айналамыздағы көрші көлемге сосын атамның үйіне апарып тұрамыз!!
22.06.2013
+1 дауыс

Әрине тарату керек...

10.12.2013

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,882Жауап
153,169Пікір
72,991Қолданушы