Бірақ менің бір қарындасымныңның шаштары қатты түсетінін байқап соның себебін интернеттен іздедім. Оның шаштары беліне дейін жетеді. Бірақ, қатты түседі. Үйдің бәрінде шаш. Кеше қарындасыма ренжіп шаштарыңды жина деп едім. Ол ондай болса, шашымды қысқа қылып қиып тастаймын,-деп өзіме ренжіді. Шошып кеттім. Ана әдемі шаштарын қиып тастаса, ол меннен бұдан да көп ұрыс естиді = )) Енді соны қалай емдеуге болатынын тауып келемін деп уәде бердім. Сосын шаштың неге түсетінін және шашты қалай түсірмеуге болатынын іздеп отырмын.
Қарап отырсам, бірінші шаштың түсу себебін біліңіз депті. Ол не аурудан, не дұрыс тамақтанбаудан болады екен, бастысы — ішкі көңіл-күйге. Көңіл-күйдің қандай болуы шаштың түсу, түспеуіне әсер етеді.
Шаштың түсуін тоқтату үшін
Косметиканы қолданбастан бұрын массаж жасау керек. Шашқа массаж. Ең бірінші массажды салоннан алған дұрыс. Үйреніп алған соң өзіңізге жасай беруге болады.
Осы мақсатқа арналып жасалған витаминдер ішкен дұрыс.
Сосын косметиканы қолдан жасау керек депті.
"Қолдан жасалған " косметика
Крапивалық лосьон
Құрғақ, жаңа крапива жапырақтарын ас қасығымен қайнап тұрған стакандағы суға салады. Бір сағат тұруы керек. Сосын шашты жуып болған соң сол жасалған нәрсені шашқа жағады. Бір-үш айдың ішінде аптасына бір рет жасау қажет.
Уксус лосьоны
100 г ұсақтап туралған жаңа крапива жапырақтарын 30 минут ішінде 6-9% уксус қосылған (2-3 ас қасық) қайнату керек. Ұйықтар алдында осыны шашқа жағу керек. Аптасына 1-2 рет.
Қалғандарын аударуға ерініп қалдым.
Содан соң репейное масло деген аптекада сатылады екен сол да көмектеседі екен
- Сұлу 10 августа 2011, в 10:11:58
Ой казыр шашы туспейтин кыз аз шыгар, пиязды мясорубкадан откизип соны жагып жатады, жаксы комектеседи деп (канша устау керек екенин билмеймин), жумыртканы жакса шаштын тубтери катаяды (жасап коргемин), сосын далада осип турган калакайды кайнаган суга салып солин шыгарып сонымен шаю керек бас жуган сайын, ен онайы китайский 101 деген шампуньды бальзамымен алып солармен жуса шаш тусуине жаксы комектеседи (колданып коргем) айран-катык жаксаныз да шаштарыныз жаксы сытырлап турады… деп тизип кеткен бе барин!
ответить
- Розатай * 10 августа 2011, в 12:43:04
тәәәк, кәдімгі пияздың сыртындағы қабығын алып, оны жақсылап жуып, қайнаған суға салып қоясыз. Сәлден кейін алып тастаймыз пияз қабықтарын. Сосын жаңағы суға просто жуасыз шампуньсіз. Яғни осының алдында шашыңызды шампунь, сабынмен жуып алғаныңыз абзал. Шаш әдемі болады!
ответить
- * Meirzhan 10 августа 2011, в 17:10:43
Жарайсың, Бек!
ответить
- BEK AQUARIUS 11 августа 2011, в 17:01:35
не үшін жарайсың?
ответить
- * Meirzhan 11 августа 2011, в 18:34:46
пайдалы пост жазуыңа
ответить
- Нұрлан Досмағұлов 10 августа 2011, в 19:41:24
Мен шашым түсіпті деп уайымдамаймын. Өйткені атам да, әкем де, әкемнің інісі де… обшым қасқабастардың әулетіміз ғой. Әсіресе атамның кекілі орайында орналасқан. Ха-ха-ха! (шашым бар да күліп қалайын). «Бала, шашыңның төбесі сирей бастапты ғой» деген шаштаразды керемет «комплиментін» 2 жыл бұрын естігенмін. Амалым жоооооқ.
ответить
Асылбек Беделбеков 11 августа 2011, в 14:21:07
менікі де 2 жыл бұрын түсе бастаған, қазыр шашымды өсіріп алғам… көрінбесн деп. Айтпақшы репе майы мен пияз көмектеспеді, қалақайды көру керек екен.
ответить