0 дауыс
148k көрілді
Медициналық қызмет көрсету, дәрі-дәрмек, ем-дом қабылдау. Денсаулығымыз мықты болсын, ағайын!!! Денсаулық туралы шығарма? Дені саудың - жаны сау.

8 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда. Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.
+2 дауыс

Д<a rel="nofollow" href="http://Денсаулық зор байлық Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Яғни адам саналы да жарқын өмір сүруі қажет. Ол үшін ең алдымен ата-бабамыз айтып кеткендей Бірінші байлық – денсаулық Екінші байлық – ақ жаулық Үшінші байлық – он саулық демекші, ең алдымен саналы да жарқын өмір сүру үшін денсаулық қажет. Ал сол денсаулықты сақтау – өз қолымызда, яғни өз еншімізде. Қазіргі таңда аурулардың түрі көбейіп барады. “Тірі адам түбінде бір ауырмай тұрмайды” деп данышпан Баласағұнидің айтқан сөзі рас сияқты. Өйткені, әрбір адам басында өзіне белгілі бір аурулары бар. Бірақ біз сол аурулардың шарықтауына жол бермей оған төтеп беруіміз қажет. Яғни “Ауруын жасырған өледі” (Ә.Науаий) деген сөзге қарсы адам өз бойындағы ауруы бойынша дәрігерлерден кеңес алып, білгендерден сұрап отыруы қажет. Ең алдымен сәбилердің дұрыс жетіп қалыптасуына қарсы дисплазия деген аурулар бар. Ол аурумен сәби күресе алмайды, ал онымен күресетін ата-анасы. Бұл ауру дәрігерлердің айтуынша, әсіресе соңғы кездері балалар арасында кеңірек тарап бара жатқан дисплазия ауруының пайда болуына бірнеше себептер негіз. Олардың біріншісін экологиялық жағдайлармен байланыстырсақ, екінші себебі ағзадағы йод темір, сондай-ақ кальцийдің тапшылығына тікелей қатысты. Мұның ақыры мүгедектікке әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан баланың сауығып кетуіне де өзіміз жәрдемші болуымыз керек. Ауруға қарсы сылап-уқалау сәбидің екі аяғын тізесінен кісен секілді темірмен керіп қою керек. Ал енді еліміздегі экономикалық жағдайдың өзгеріп нарықтық қатынастардың дамуы, қоғамның әлеуметтік тұрғыда жіктеле бастауы ол мүмкіншіліктердің бірдей болмауы және осы теңсіздіктің балалардың тұлға болып қалыптасуына да өз ықпалын тигізетіні анық. Ал бұл кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың көбеюіне әкеліп соғады. Есірткі құмарлық жасарып келеді. Бұл – дабыл соғарлық жағдай. Бүгін Республикамыздағы тұрақты есірткі құмарлардың 2/3 бөлігін жасөспірімдер мен 25-30 жасқа дейінгі жастар құрайды. Балаларда да есірткіні тұтынатын жағдайларда болады. Мамандардың айтуынша есірткіні татып көрген немесе оқтын-оқтын тұтынған адамдардың жартысынан астамы 13-17 жаста жасаған. Есірткі құмарлықтың үдеп бара жатқаны қылмыстық ахуалдың күрт нашарлауына тікелей әсер ететіні анық. Сондықтан жастарды улап, халықтың болашағына қатер төндіріп жатқан бұл дертке аяусыз күрес ең бірінші өзіміз, отбасымыз және мектепте басталуы қажет. Еліміздің ертеңгі тізгіні жастар қасында мемлекетіміздің алдына қойып отырғаны елулікке ену стратегиясы жүзеге асу үшін жас ұрпақтың дені сау болуы қажет. Сонда ғана өз елімізді елулік қатарынан көре аламыз. Сол үшін өз денсаулығымызды өзіміз күтуіміз қажет. Денсаулық механизмі бар екені белгілі, ал, денсаулық өзі АЛТЫ АСПЕКТІДЕН тұрады: а) физикалық денсаулық. б) психикалық және интеллектуалды денсаулық. в) жеке. г) рухани денсаулық. д) эмоционалды денсаулық. е) әлеуметтік денсаулық. ФИЗИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ келесі түсініктерден тұрады: біздің денеміз қалай құрылған және қалай жұмыс жасайды, ешқандай дене аурулары жоқ, ол жаттыққан немесе шыныққан. ПСИХИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ДЕНСАУЛЫҚ - бұл психикалық аурудың және кем ақыл-дылықтың болмауымен түсіндіріледі. Психикалық денсаулық адам жаңа білімді қабылдау және оны қолдау қабілетімен, негізгі психикалық процестердің күші және қозғалғыштығымен сипатталады. ЖЕКЕ ДЕНСАУЛЫҚ - бұл адам өзін-өзі адам ретінде сезінуі, талпынысы, өзін көрсетуі, жетістігі, негізгі құндылықтары. Біреулер жұмысынан, біреулер - өнерден, үшіншілері - отбасынан, төртіншілер - жеке басынан жетістік іздейді. Өзін-өзі таныту неғұрлым қоғамға қарсы келмесе, соғұрлым ол адамның өзіяе пайдалы, осыдан барып нақты адамның жеке денсаулығы сипатталады. РУХАНИ ДЕНСАУЛЫҚ - бұл адам өмірінің орталығы, бұл - мораль, тәртіп және басқа біреудің әрекетін қабылдау этикасы, мейірімділік пен қайырымдылық, әсемдікті қабылдау этикасы.

+2 дауыс

Дені сау болған керемет!

Адам әр нәрсенің бағасын басынан өткізген кезде ғана біледі...

Мен де сондай жанның бірімін. Есімді білгеннен кейін, 11жасымда мен кенеттен қатты қысылып дәрігерге көріндім. Содан мендегі аурудың туылғаннан бері бар екендігі анықталды. Сол уақыттан бері ата-анам мені барлық жерге көрсетіп, емдетіп келеді. Бұл ауру мені тез есейтті, ауруым жаныма батқанда денсаулықтың бағасын, өмірдің қадірін түсінгендей боламын.  Денсаулықсыз өмір қызықсыз әлем деп санаймын.

Денсаулық - адам өміріндегі ең жоғары бағалы дуние. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. "Денсаулық - зор байлық" – деген сөз бекер айтылмаса керек. Дені сау адам қоғамның белсенді бір мүшесі. Менің алдыма қойған мақсатым көп... Оған жету үшін үнемі күресу керек. Күресу үшін денсаулық керек. Бұл ауруды да жеңіп шығамын, себебі, ата-анам, бауырларым, туыстарым,  достарым және ұстаздарым менің тілеуімді тілеп, қамықпауыма көп көмектеседі.

Мен өз отбасымның бақыттылығына өз үлесімді қосуға тырысамын. Бірінші ата-анамды қуантып, жұмыстан келгендерінде оларға арнап бір жаңалық жасағым келеді. Шайға арнап түрліше піспелер дайындауды және салаттар жасауды әдетке айналдырдым. Өзімнен үлкен апамның киімдерін үтіктеуге, өзімнен кейінгі іні-сіңлілерімнің сабағын дайындауға көмектесемін. Сонымен, менде бос уақыт мүлде болмайды. Өзінің бос уақытын тиімді пайдаланған адамға өзге қылтың-сылтыңды ойлауға да мұршасы болмайды. Ол үшін таңертең шағын бір күндік жоспарымды жасап аламын, сол жоспар бойынша ойлағанымды іске асырамын.

Мен өз сыныптас құрбыларыма да ризамын, олармен уақыт өткізу өте көңілді.  Сырласасын, білмеген ойларыңды бөлісесін, кейбір істерге кеңес бере отырып, өзің үйренесің. Ондай күндері біреуге "көмегім тиді-ау" деп, кешке дейін қуанып жүресің. Мұсылман ұл-қыздарының бойындағы әдептілік пен әдемілік өзге ұлттардан ерекшелеп тұратын қасиет. Мен бұл қасиеттіліктің үнемі сақталуын қадағалап отыратын ұстаздарға да рахмет айтар едім. Сабаққа келгеннен, үйге кеткенге дейін өздерінің жіті бақылауында қадағалап отыратын ұстаздарымыз біздің болашағымыз үшін көп алаңдайды.

Кейде кейбір замандастарыма ренжитін кездерім де болады. Олар сырт келбеттерін әрлеп, шаштарын жайып өзіне жарасымсыз қылықтармен әуестенеді. Ол қылықтары өздеріне ерсі екенін біле-тұра, еркеліктен істейтіндері көп. Ата-аналарының сөзін сөйлейтіндігін білетін олар болмашы нәрсеге ата-аналарын ара-шашы етіп жүрген жерлерің шулатып жүреді. Ондайлар көбіне баршылық отбасынан болады. Шегу, ішу т.б. жат әрекеттерге де баратын солар деп ойлаймын. Бұндай жастарымыз өзіне ғана зиян келтірмей отбасына, жүрген ортасына да қауіпті. Себебі, олар өз орталарына өзгелерді тартуға бейім болады. Мен бұндайларға жиіркене қарап, өзіме сабақ аламын. Және өзімнің құрбыларыма да сабақ болсын деп ескертіп жүремін.

Біздің Қазақстан кең байтақ. Шығысы мен батысы, солтүстігі мен оңтүстігі ат шаптырым, көз жетпес қияда. Егер сен саяхатқа шығып, демалысыңды қызықты өткізгің келсе Қазақстанды арала. Кейде мен теледидардағы басқа елдерді аралап, тұрмыс-салт, әдет-ғұрпымен таныстырып жүрген жиһанкездерді көргенде, мен де өз елімді өзге елдерге осылай етіп көрсетсем деген ой қиялымды жетелеп кетеді. Өз елімнің табиғатың, емдік қасиеті бар түрлі шипалы жерлерін мақтанышпен көрсетер едім. Түрлі өсімдіктерінен емдік дәрілер жасар едім.

Өз елін сүйген адам - оның көркеюіне үлесін қосары сөзсіз. Ата-анасын сүйген адам - болашағы үшін күресе білетін адам. Достарың сүйген адам – адамдық қасиеттілігі мол адам. Менің бойымда осының бәрі бар. Мен өз келешегім үшін, денсаулығым үшін күресе білемін, өз басымды ғана емес өзгелерді де түрлі жаман қасиеттерден алшақ жүруден сақтандырамын.  

Есірткі есірудің белгісі,
Біле-тұра әуестенер көп кісі.
Ондай кезде теріс болар оң ісі,
Құмарлықпен, жамандыққа бармайық,
Жат қылықтан, бойымызды сақтайық.
Ата-ананың сенімін ақтайық.

Денсаулық ұранын ұстанайық,
Қуаттылық ұстанымы бізге лайық.
Есірткісіз көшін бастап тұрайық,
Бейбіт күннің әнін шырқап жүрейік!

Акишева Ақмарал Қуатқызы, 

0 дауыс
Денсаулық - адам өміріндегі ең жоғары бағалы дуние. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. "Денсаулық - зор байлық" – деген сөз бекер айтылмаса керек. Дені сау адам қоғамның белсенді бір мүшесі. Менің алдыма қойған мақсатым көп... Оған жету үшін үнемі күресу керек. Күресу үшін денсаулық керек. Бұл ауруды да жеңіп шығамын, себебі, ата-анам, бауырларым, туыстарым, достарым және ұстаздарым менің тілеуімді тілеп, қамықпауыма көп көмектеседі.

Мен өз отбасымның бақыттылығына өз үлесімді қосуға тырысамын. Бірінші ата-анамды қуантып, жұмыстан келгендерінде оларға арнап бір жаңалық жасағым келеді. Шайға арнап түрліше піспелер дайындауды және салаттар жасауды әдетке айналдырдым. Өзімнен үлкен апамның киімдерін үтіктеуге, өзімнен кейінгі іні-сіңлілерімнің сабағын дайындауға көмектесемін. Сонымен, менде бос уақыт мүлде болмайды. Өзінің бос уақытын тиімді пайдаланған адамға өзге қылтың-сылтыңды ойлауға да мұршасы болмайды. Ол үшін таңертең шағын бір күндік жоспарымды жасап аламын, сол жоспар бойынша ойлағанымды іске асырамын.
0 дауыс
Жаксы маган унап тур
0 дауыс
Жаксы жазылган екен
0 дауыс
Жаксы жазылыпты.....
0 дауыс
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда. Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық.

Ұқсас сұрақтар

...