Америкалық ғалымдардың соңғы зерттеулеріне сүйенсек, спортпен тұрақты түрде айналысу арқылы денедегі артық майдан, артық салмақтан құтылуға болатыны рас. Бірақ бұл жерде ескеретін бір жайт бар. Мысалы, тамақтану жүйесін өзгертпеген жағдайда спортпен қанша айналыссаңыз да, салмағыңыз азаймайды, керісінше, ұлғаюы мүмкін. Ең қауіптісі тура спортзалға барар алдында тойып тамақтану болып есептеледі. Мұндай жағдайда ішкен-жегеніңіздің бәрі денеңіздің салмағын арттыруға қызмет етеді. Сол сияқты дене жаттығуларынан кейін де «қарным ашты» деп қолыңызға түскеннің бәрін талғамай жей берсеңіз, организм жұмсалған күшті қалпына келтіруден гөрі май қорын түзуге көбірек жұмыс істейтін болады.
Егер де спортзалға арықтау мақсатында барғыңыз келсе, жаттығуға дейін, яғни бір жарым сағаттай ештеңе жемегеніңіз жөн. Ал спортзалдан шыққаннан кейін балық, ет, ірімшік тәрізді бұлшық ет массасының түзілуіне қатыссыз белоктық, майлы емес өнімдермен жүрек жалғаған артықтық етпейді.