+2 дауыс
470 көрілді
Жарнамалық сайтқа жарнама беруші алдымен сайтың күнделікті қанша адам кіретін есептеуіші (счетчигі) арқылы сайтқа жарнама беретін білеміз.  Жақындаhttp://neke.kz/ сайтын ашып едім, енді осы сайтқа қандай есептеуіш (счетчик) қойған дұрыс? яндекс метрика счетчигі жайлы не білесіздер?
сайтты қандай хостингпен аштыың? шаблоның ұнап қалды. қайдан алдың шаблонды?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Қазіргі кезде сайттың негізгі табатын қаражат көзі жарнама болып табылады. Ал жарнама берушілер сайттың аудиториясына қарайтыны белгілі. Қазақстандық жарнама берушілер Зеро сайтының көрсеткішіне негіз алады. Себебі Зеро-ның есептеу скрипті орнату арқылы сіздің сайтыңыздары тек қазақстаннан кіретін қолданушылар саны нақты көрсете алады. Жарнама берушілерге шет елден кіретін қолданушылардың саны қызық емес. Сондықтан көб жағдайда осы сайттың есептегіші болғаны дұрыс. Оны орнату үшін http://zero.kz/ сайтына өтіп сол жақ жоғары юөлікте орналасқан Регистрация батырмасын шертіп тіркеліп сол бетте берілген скрипті сайттың төмен жағына юарлық бетте көрінетіндей етіп орнатамыз.

Екінші мейлінше орнатылса жақсы болатын ол Гугл Аналитикс болып табылады. Гугл аналитиксті орнату үшін https://www.google.com/analytics/web/?hl=ru&pli=1 сілтемесіне өтеміз. Осы жерде Gmail.com тіркелген аккаунтпен кіріп қажет скриптерді алып сайтқа орнатамыз. Қазіргі кезде әлем бойынша ең сенімді есептеу құралы, аудиторияны зерттеу, анализ жасау, т.б. мүмкіншіліктер бойынша көш бастап тұрған есептеу құралы болып саналады. Сайттың бетінде көрсетілмей, жасынын түрде есептеуін жүргізіп отырады. 

Сосын Яндекстің есептеу скрипттерін орнатуға болады. Яндекстің артықшылықтары өте көп.  Сайтқа анализ жасау, қолданушылар сайттың қай жерін көп шертеді, қалай сайтты қолданады, қанша адам кіреді және де ең нақты дәл сайттың аудиториясы қандай екендігін көрсетіп бере алатын алгоритмдері жақсы жетілген. Яғни сіздің сайтыңызды қанша жас аралығындағы қолданушылар қолданады, қай жерге шертеді, қаншасы ер кісі, қанша пайызы әйел кісі барлығын нақты көрсетіп бере алады. Орнату үшін http://metrica.yandex.ru/list/ сілтемесі арқылы өтеміз.

Мына суреттегідей анализдерді жасауға болады.

Негізгі осы есептеулерді орнатып қойып сайтты зерттеу керек. Сайтпен жұмыс жасағанда анализ жасауға өте жақсы құралдар.

Бұдан бөлек http://www.liveinternet.ru/ http://top.mail.ru/ және  http://top100.rambler.ru/ есептеу сайттары бар. 

толық қамтып, уақытыңды бөліп жауап бергеніңе көп рахмет
яндексті қойдым, енді оны қай жерден көріп отырамын, почта арқылы ма сайт ішінен бе?
http://metrica.yandex.ru/list/ Осы жерден.
Рахмет админ бала))
0 дауыс
liveinternet дұрыс сияқты менің ойымша. Яндексті де қойып қой. екеу болса зияны жоқ қой
...