0 дауыс
7.4k көрілді
Сайт жасау үшін не керек? маған үтір нүктесіне дейін керек еді. мысалы: хостинг,домен,сайттың аты,сайт ережесі,кері байланыс функциясы,логотип,санаттар,сайт беттері,шаблон, ... т.б.

Өтінемін, маған берген көмектеріңіз болсын. гугл амигоның берген көмегі жеткіліксіз болып жатыр, барлық инет,сайт туралы блогтарды қарап отырмын. елең еткізер ақпар таппай отқаным...

7 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Сайт жасау үшін өзіңе ұнаған домен сатып ал. Доменді kz,com, ru, net тағы да басқа зоналардан сатып алуға болады. kz деп аяқталатын доменді hoster.kz сайтынан, ru, com, net деп аяқталатын доменді, мысалы, yutex.ru сайтынан сатып аласыз. 1 домен алсаңыз кейбір компаниялар хостинг қосып береді, бермесе қосымша хостинг сатып аласыз. Өз компьютеріңізде ең алдымен Denver орнатып, кейін Joomla, Wordpress, Drupal тәрізді программалардың біреуін қайсысын ұнатқаныңызға байланысты орнатасыз. Соңғы үшеуі сайт жасайтын құрал болып табылады. Орнатқан соң сайт жасау сатысы басталады. Сайт жасау сабақтары сол ютюбта толып жатыр, мысалы, создание сайта на Joomla деп терсеңіз біраз сабақтар шығады. Сайт жасап біткен соң оны хостинг алған компанияның серверіне көшіресіз. Ал енді тегін сайт ашам десеңіз ucoz, satu.kz сияқты сайттарда ашуға болады. Бірақ сайтыңыз сайт.satu.kz деп белгіленеді. Мысалы ozu.satu.kz. Дегенмен, өз бетіңізбен құрастырғанға не жетсін, жақсы тәжірибе мен пайдалы білім болады. Мен өзімнің http://ozu.kz сайтымды 3 ай бойы жасадым, бас кезінде әрине өте қарапайым әрі әдемі емес болған, қазір құдайға шүкір, ойымнан шығады. Іске сәт!

Denver деген не?
Сайт жасау 3 ай созылады деп ойламаппын...
Сайтты алдымен өз компьютеріңізде жасап аласыз, сосын серверге көшіресіз. Denver программасы арқылы сіз сайтыңыз интернетке қосылмай-ақ серверде қалай көрінетінін көріп отырасыз. Бұл ішкі сервер қызметін атқарады. Сайтыңызды тек өзіңз ғана көре аласыз. Кемшіліктерін түзетесіз, толықтырасыз. Черновик секілді. Әбден дайын болғанда хостинг серверіне көшіресіз. Сонда сайтыңызды басқа адамдар да көре бастайды. 3 ай дегеніме қорықпаңыз. Сайтым 10 күнде дайын болды. 3 ай бойы шаблонын неше рет ауыстырдым. Неше функция қостым. Неше түрлі плагиндер мен модульдарды орнатып, ұнағанын қалдырып, ұнамағанын өшіріп тастадым. Үй салған сияқты)). Үй салу тез болады, бірақ қалғаны ұзақ уақыт алады. Жыл сайын ремонт, дизайн, жиһаз ауыстыру, немесе қасына қосымша үй салу сияқты.
Рахмет! мен проганы жүктейін қазір.
Жақсы түсіндіріп өтіпсіз. Рахмет. Істеріңізге сәттілік.
http://ozu.kz мына сайтты жасау үшін қанша қаражат кетті құпия болмаса. Менде сайт ашайын деп жүр едім бірақ қаржы жағынан сіл қиыншылықтар болып жатыр...
html, js туралы сөз мүлдем болмады ғой, менің ойымша солардан бастауыңыз керек еді)
+2 дауыс
Қазіргі кезде көпшілікке сайт жасап оны жүргізу қиын шаруа емес болып қалған жайы бар.  Арнайы дайын CMS -тердің көмегіне жүгініп емін еркін сайт жүргізуге болады. Осы орайда көп сайт иегерлері сайтын іске қосқан соң көп оқырмандар кіретін, әрі танымал болғанын қалайды.

Интернетте 1 пайыз ережесі бар. Сол ережені дұрыс ұстанатын болсаңыз өте жақсы, әрі танымал сайтты дүниеге әкелуге болады.

Бір пайыз ережесі— яғни бұл ереженің заңы бойынша қолданушылардың тек бір пайызы ғана өзі оқыған немесе естіген жазба мейлі мақаласына өз пікірін қалдырады. Ол дегеніміз интернетте оқыған, көрген ақпаратқа бек бір пайыз қолданушылар ғана активті турде араласып өз ойын қосады. Қалған 99 пайызы тек оқу және көрумен шектеледі.

Бұл ережені 2006 жылы Бен МакКоннел және Джеки Хуба атты блогерлер осындай тұжырымды берген болатын. Бірақ оның алдын 2005 жылы жүргізілген зерттеулердің нәтижесіне қарайтын болсақ тек 100 % Форум сайтқа кірген қолданушының 87 % ешқандай ой, пікір жазба қалдырмай тек оқып ғана кететіні байқалған. Ал қалған 13% -ы 1 пікір қалдырса, 5 %-ы 50 шақты пікір қалдырса тек қалған 1 пайызы белсенді болып пікір қалдырады екен.

Осының нәтижесінде 1 пайыз қолданушылар ғана контентті жасайды екен. Контент - деп тұрғанымыз бұл қолданушылар жасайтын түрлі ақпарат көзі. Ол сурет, мәтін, видео, аудио түрінде болуы мүмкін.

Осы орайда мен өзімнің тәжрибеммен бөліспек едім.

Қазіргі кездегі web 2.0 негізіне баса назар аударыңыз. Яғни web 1.0 кезінде сайттар статикалық еді. Тек ақпаратты оқып оған ой пікір қалдыру мүмкіндігі болмаған. Ол кездегі сайттардың басым бөлігі html мен css негізінде жасалынған. Сосын web 2.0 келді. Бұл кезеңде интернет қарыштап дамыды. Қолданушылар тең ақпаратты оқып ғана шектелмей оған пікір қалдыру, өз ойын айту жағдайы жасалынды.

Аудиторияға қызықты жазбаларды жазыңыз. Мейлінше қолданушылардың тіркелу, кіру оңайлығын қалыптастырыңыз. Тіпті қолданушылардың өздері ақпаратты салып, өңдей алу мүмкіншілігі қолданушылардың өзін еркін сезініп сайтты өзінше басқаруы сайттың дамуына алып келеді. Осы әдісті пайдаланып LiveJournal, WordPress сайттары тез қарқынмен дамып кетті.  Одан бөлек сайтта ақпарат алмасу, өзінің жазбасын достарына көрсету де басқы қағидалардың біріне жатады. Туиттер, Мой Мир әлеуметітк желісі осыған мысал бола алады.

СЖ алынды
+1 дауыс
Жалпы кеңесім hostinger.ru сайтына тіркел сосын содан бір домен аш Тегін Домен 3 дәрежелі! сосын соның ішінен WordpRess движогын та4дап  Сапйтынды аша бер)
+1 дауыс
Сайт жасау үшін HTML (HyperText Markup Language) CSS (Cascading Style Sheets) JS (JavaScript) білу тиіс!
ол аздық етеді!)
0 дауыс
ucoz.com-нан аша аласын толыгырак ютубтан кара
0 дауыс

Attila Group – Қазақстан интернет кеңістігін дамыту мақсатында құрылған IT компания. Жоғары интернет технологиялармен соңғы үлгі бағдарламалау тілдерін меңгерген мамандар web беттер құрылымдау, нөлден бастап жазып шығу,қазақша сайт құру,сайт жобалау,сайт дизайн,сайт жасау,сайт өңдеу,Іздеу жүйесін оңтайландыру(SEO) қызметтерін ұсынады.

http://www.attila.kz/

0 дауыс
Сайт жасау қазір өте өңай, бірақ өзің админ бола тұра ол сайттың қалай жұмыс жасайтынын білмесең өте уят, сол үшін ең алдымен сайттың дизайнын жасау үшін хотябы  .css уйренуің керек, сосын .html білуің керек браузер оқу үшін, тағы қолданушылар бир бирине лайк басу ушін немесе бир бирине жауап беру үшін яғни функциональность жақсы болу үшін .php немесе .js тілдерін урену керек
...