+3 дауыс
1.1k көрілді
Осы купальникпен суға түскеде неге қыздар ұялмайды? Ал iш киiммен жүрсе ұялады.Былай қарасаң екеуi бiр бiрiне ұқсайды ғой.

10 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Өйткені көл жағасында купальник киген қыздар көп жүреді. Бір-біріне, былайша айтқанда, дем береді. Содан ұялмайды. :)
+3 дауыс
Рахмет, Осындай сұрақтарды оқып отырғыштан құлай жаздайсың, осы сайтқа кейде рахаттанып күлу үшін кіресің (ренжіме, жауабым жоқ)
+4 дауыс
Меніңше бұл сыртқы факторға да байланысты. Пляжда немесе бассейнде купальникпен жүрген қыз-келіншектерді көп көріп, олар ұялмай жүргенін түсінеді. Ал олар іш киіммен жүрмейді ғой. Сол себепті аздап болса да сана-сезім соған үйреніп қалады.
+3 дауыс
Гәп - эстетикада! Суға шомылу костюмдері қоғамдық санаға "тек қана осы мақсатқа арналған үлгідегі киім" ретінде шығарылады, яғни ол көпшілікке ашық көрсетуге болатын киім. Ал ішкиім әрқашан сыртқы киімнің ішінде, жасырын түрде болуы тиіс. Сол себепті.
+3 дауыс
Оның себебі, купальник шомылуға, ал іш киім шымылдықтың ішіне арналған нәрселер.
–3 дауыс
Менің оиымша ,екеуінің аиырмашылығы жоқ,осындаи< киімдердің> бәрі күнәға белшеңнен бату үшін істелген дүние ғо,ол купальник киген қыздың қасында отырсаң немесе қашықтан қарап тұрсаң не оилаисың?ои мына карындасым жақсы екен немесе ибалы екен демеисің ?оиың басқа жақта,канша жоқ мен ондаи оиламаимын дегенмен, шаитан лағынеті ол оиды салмаи қоимаиды. Жарасса кисін деитіндер бар ,жоқ ,жараса терісінен кеисін деу керек ,осы бәле киімді қазақ қыздары кимесе ғо.
-1! Сонда купальник киген қыздардың барлығы жаман дегіңіз келіп тұр ма? Пн .... Желкен дұрыс айтады , білгіш болсаңдар түсінндіріңдер))
Ибалы, ұяты бар қыздар бұлай сөйлемес еді...
ибалы қыздар олай сойлемейді, және купальник кимейді, еще суға шомылмайды,:(
деген ақылды сөздерді тыңдап үндемей, судың жағасында көңілсіз отырады;( бірақ ибалы болып(wait)       недеген көңілсіз еді......
Уахаха...судың жағасында? Негізі ұлдармен бірге түспей оңаша түсуі керек. Бірдеңе десе қазір қай ғасыр деп шығасыңдар. Қай ғасыр болсада ұятты ұмытпау керек.
Саған жалаңаш жүрседе бәрібір болып тұрғо ,қатты көңілді бала.
Мхм, Ақжол, дұрыс айтасың.... Біз жай қыздар  емес қазақтың қыздарымыз ғо, поэтому бізге хиджаб кигізіп, сандыққа жауып қою керек....
Мен де қызбын. Мен теңізге түскен кезде, киіммен түсемін. Қыздар сіздерге айтайыншы, үйге киетін қысқалау шортилар болады ғой футболкамен осыларды кисеңдер де болады. Мысалы мен де купальник киуіме болады бірақ мен ешқашан киіп көрмедім.Әрине бұл мақтанғаным емес. Нағыз купальник кигілерің келсе, жабық түрін киіңдер несі бар. Жабық түрлері болады емеспе. Оның еш ұяты жоқ деп білемін.
+4 дауыс
Әр нәрсенің өз орны барғой солай емес пе?!Сол секілді купальник және ,,,,, киімді киетін өз орындары бар!!Мұнда көптеген пікірлер мен жауаптар жазылыпты!Біріңдікі дұрыс енді біреулеріңдікі бұрыс екен!Қазақ қыздары суға түспеу керек пе? дейсіңдер Әрине түсіңдер,бірақ сол купальникті де жабық,тартымды етіп киюге болады ол өз қолдарыңда тұрған нәрселер ғой Қазағымның Қыздары ол үшін қыз балаға кішкене ғана Иман мен Ұят болса жетіп жатыр!!!Ал мұндай сұрақтарды қойып және оған жауап берген азаматтарға айтарым,Қазақ Қызы жайлы Қазақ Жігітінің мұндай пікірде болуы Өкінішті-ақ!
ангиме жок косылам саган +1 жаксы жауап басындар
0 дауыс
Жағажайды дәрет хана сияқты екіге бөлу керек, яғни Ер адам суға түсетін жерге Әйел барму керек, ал әйелдер суға түсетін жерге ерлерге баруға тыйм салу керек сонда бәрі өз орнында болып ондай сұрақ тумайды, ал отбас ы мен суға түсетіндер (яғни әйелі мен ері бірге түскісі келсе) кабинка сияқты бірдеңе ойлап табу қажет.
0 дауыс
Егер Қапшағайға суға түсуге барсан ортасынан бөліп коясындар ма? Ойлансандаршы кішкене. Купальник суға түсу үшін арналған, егер қатты уят болып жатса сыртынан балеро дейді ғой сондай жауып журиндер...
0 дауыс
Қазақтың тарихи киноларын көргенсіңдер ма? Нағыз қазақ қыздары өзенге шомылуға барғанда, жігіттерсіз баратын болған және жігіттер келе жатқанын байқаған жағдайда тез сырт киімін киетін немесе өзеннің жанындағы тастар мен ағаштарға жасырынатын еді. Көрдіңдер ме қазақ қыздары қандай болған?! Қазіргі қыздар да сондай болса қандай керемет! Бірақ қазіргілер купальникпен шомылмасақ, жігіттерге ашық-шашық көрініп жүрмесек қатарымыздан қалып кетеміз деп ойлайтын сияқты. Өкінішті әрине, сол қыздардың арасында біздің де болашақ жарларымыз бар шығар..
...