+1 дауыс
1.5k көрілді
Қарбыз несімен пайдалы? Қарбыздың пайдалы жақтарын жазып кетсеңіздер?

2 жауап

0 дауыс

Қарбыздың бағасы түсті. Себебі қазір дүкен сөрелеріне төл қарбыздарымыз шыға бастады. Үлкен базарлардан бір қарбызды 200 теңгеге сатып алуға болады. Сырттан келген емес, төл өніміңді жегенге не жетсін? Сонымен қарбыз несімен пайдалы? Білетініміз де, білмейтініміз де бар. Біразына тоқталайық.

Болашақ аналар үшін

Қарбыздың зәр шығару қасиетіне ие екенін білеміз. Оның құрамы аскорбин қышқылы, каротин, ниацин, тиамин және рибофлавин сияқты антиоксиданттарға бай. Бұл заттардың бірі өмірді ұзартуға көмектесіп, бірі қатерлі ауруларға қарсы күрессе, енді бірі көздің көруін жақсартуға оң әсер етеді. Бойында дәрумендері көп ерекше жемісті, әсіресе жүкті әйелдерге жеуге кеңес беріледі. Себебі қарбыздың құрамындағы В9 дәрумені іштегі баланың жүйке жүйесінің бір қалыпты дамуына көмектеседі.
Бірақ айы-күні жетіп отырған болашақ аналар онсыз да жиі-жиі әжетханаға жүгіреді. Сондықтан кешке қарай қарбызды есептеп жеуді ұмытпаған дұрыс.

Жүрек пен бүйректің досы

Қарбыздың құрамы, сондай-ақ магнийге бай. 100 грамм өнімде аталған микроэлементтің тәуліктік нормасының 60 пайызы болады.
Магний жүйке жүйесі мен бұлшық еттердің қызметін жақсартады. Әсіресе шаршап, шалдығып, буындары сырқырап, әлсіреген адамдарға жаздың күні қарбызды көп жеген дұрыс. Ал бүйректе тастың пайда болуының алдын алып, ағзадағы тұзды азайтқыңыз келсе, құрамында магнийі көп қарбыздың диетасына отырғаныңыз абзал.
Магний тіпті түнде ұйқысы қашып, бірнеше күн бойы мазасы кетіп жүргендерге де көмектеседі.

Нағыз табиғи шырын

Табиғи шырын табу қиын. Тетрапакеттегі шырындарға сенуге болмайды. Жаздың дәл осы кезінде шырын ішпесеңіз де болады. Оның орнына қарбыз жеңіз. Жеңіз емес, ішіңіз. Себебі қарбыздың 90 пайызы судан тұрады емес пе? Оның құрамында тетрапакеттегі шырындардай қант немесе оның орнын алмастырғыш жоқ, ол тек қана минералды тұздан тұрады. Сондықтан қант диабетінен зардап шегіп жүргендер де белгілі бір мөлшерде қарбыз жесе болады.
Арықтаймын десеңіз….
Қарбыздың салмақ түсіретін бірден-бір жеміс екеніне бірнеше мысал келтіруге болады. Әуелі айтарымыз, қарбыз ағзадағы артық сұйықтықты тез шығарады. Бұл сұйықтық сіздің салмағыңызды 1-2 келіге көбейтіп тұратыны даусыз.
Әдетте қарбыз жегеннен кейін тойып тұрған сияқты боласыз. Мұның өзі артық тамақ жеуден арылтады. Дәмі тіл үйірер қарбызды көп жеп қойдым-ау деп қорықпайсыз.
Дегенмен қарбыздың диетасына екі күннен артық отыруға болмайды. Ал екі күнде арықтап кетпейтініңіз белгілі. Сондықтан нәтиже шықсын десеңіз, араға 3-4 күн салып бұл диетаны қайталаңыз.

Химия мен биология

Бүгінгі таңдағы базарда сатылатын қарбыздардың зияны туралы да бір ауыз айтып кеткен дұрыс. Тыңдаңыз, базарда қарбыз саудасы қыз-қыз қайнап жатыр. Аптап ыстық, қарбыз көп өтетін шақ. Осыны пайдаланып қалғысы келетін арам пиғылды бағбандар оның тез өсіп, мол жеміс беруі үшін нитраттар егуді әдетке айналдырған. Адам ағзасына аса зиянды, улы нитраттар алғашында батпандап кіреді. Олар жинала келіп, ағзаны әлсіретіп, жүректі айнытып, ұйқыны қашыруы мүмкін. Әсіресе балалар мен жүкті әйелдерге нитраттар тез әсер етеді. Оған қоса қолдан-қолға өткен қарбыздың сыртқы қабатында микроб көп болады. Оның өскен ортасы, сатылатын жері, сізге жеткенге дейінгі кезеңдер әлбетте тазалық сақтамауы мүмкін. Сондықтан қарапайым қарбыз гигиенасын есте сақтаңыз:
- Кесілген, жартылай кесілген қарбыз сатып алуға болмайды. Жарық қарбызға жоламаңыз.
- Дүкендегі кесіліп, тағамдық целофанмен оралған қарбыз қауіпсіз деп ойламаңыз.
- Үйге әкелген қарбыз бірден үстелге шықпауы керек. Себебі дастарқанда қалған микробтар басқа тағамдарға түсіп кетуі мүмкін.

Қызықты дерек

Косметика. Қарбыздан кез келген бет терісіне арналған маска жасауға болады. Әдеттегідей қабығын үккіштен өткізіңіз де, 10-15 минутқа бетіңізге басыңыз. Бетіңіз майлы болса, алдымен зәйтүн майымен немесе балмен сүртіп алсаңыз артық етпейді.
Виагра. АҚШ-тың Жемістер мен жидектерді зерттеу орталығы қарбыздың жұмсағында циртуллин атты заттың барын анықтаған. Ол метаболизм процесі кезінде аргининге ыдырап, қан тамырларын кеңейтеді. Сол себепті оны әйгілі виагра препаратының орнына қолдануға әбден болады екен.

0 дауыс
Мына жерді бір шолып өтіңіз: https://surak.baribar.kz/186428/
...