Лопух немесе репей,қазақша түйежапырақ емдік қасиеті өте жоғары өсімдік. Өте жақсы болған екен, анаңыздың жазылғаны.Бұл шөптің тамырының емдік қасиеті жапырағынан да жоғары.Қыс мезгілдеріне тамырынан да аздап жинап алып кептіріп қойса,әйтеуір бір пайдаға жарайды. Мысалы шаштың түсуін тоқтатуға, теріге бөртпе қышымалар шыққанда осы тамырдың қайнатпасымен денені шайып алуға болады. Бұдан басқа созылмалы асқазан ауруларында, бүйрек қуық ауырғанда , осы ағзаларға тұз жиналып немесе тас байланғанда, зәр айдағыш суық тигенде терлетіп ыстық түсіретін қасиеттері бар. Тіпті орыс ұлтының өкілдері жаңа босанған жас келіншектерге сүт шықпай жатқанда да осы түйежапырақтың тамырынан қайнатпа ішкізіп жатады. Мүмкіндік болса, бау бақшада осындай өсімдік өссе, арам шөп деп жұлып тастамай , күнделікті өмірде қажеттілік туғанда пайдануға жинап, тамырын қазып алып сақтап қойған жөн.