+2 дауыс
1.9k көрілді
Жоғарғы Адайлар көбіне орыстармен, ойраттармен, қалмақтармен соғысып, революциялар ұйымдастырып, көп қырылып, репрессияға ұшырап, тарыдай шашырап, жан-жаққа тарап кетіпті. Ал Төменгі Адайлар көбіне түркмендермен, Қоқан, Хиуа хандықтарымен соғысқан көрінеді. Мен өзім Жоғарғы Адайдың Шегем руынанмын. Және Қырықмылтық руы Жоғарғы Адай боп есептеледі. Олар көбіне қазіргі Атырау, Ақтөбе, Орынбор, Астрахань, Қарақалпақстан, Ауғаныстан және Европаға дейін тарап кеткен, 28-30 жылдардағы "Адай көтерілісінен" кейін. Енді сұрақ : не үшін жоғарғы және төменгі болып бөлінген?!

4 жауап

+1 дауыс

Екі жолы болуы мүмкін менің ойымдағы:

  1. Географиялық орнына байланысты бөлінген болуы мүмкін. Жоғарғысы Каспий теңізінің жоғарғы жағын, ал төменгісі тмен жағын мекендіктен аталуы мүмкін.
  2. Туыстық жағына қарай бөлінуі мүмкін. Жоғарғы Адай-дың жолы үлкен, ал Төмен Адайдың жолы кіші болуы мүмкін. 
Жер жағдайына қарай бөлінген, туыстық жағдай емес. Жоғарғы Адай рулары аралас болып келеді, көші-қонға байланысты бөлінген.
0 дауыс
Алматы сияқты бөлінген ғо Тау жақта тұрғасын жоғары жақ томенде тұрғасын төменгі жақ деп!
+2 дауыс
Адайлар екіге бөлінген жоқ! Әр ауылдан (ол кезде ру болып бөлек тұратын, мысалы Шегем ауылы немесе Жары ауылы) батыр сарбаздарды жинап соғысқа жинап аттанатын болған. Садақшылар яғни Жылқы үстінде шауып келе ататын (Ол кезде Жылқының устінен садақпен атысатындар ең қауіпті болған). Соғыс Тактикалары стартегиялары қиын болған!

Ұрыс көп болған, Хиуа хандығына Өзбектер Түркмендер Қарақалпақ т.б ұлттар бағынатын болған яғни Ақ ордасы Хиуа болған.

Ол кезде әр ауылда Би, Сұлтандар басқарған. Ұрыс болса ант тігетін болады яғни СПОР Жекпе-жек немесе дәстүрлі ойын және садақа беріп дегендей.

Ол кездегі ұрыстар көп болған яғни Кіші жүздің арасында Табын руы және Адай руы ұрыстары да бар.

Шалдардың айтуы бойынша Адайлардың арасында азғантай ұрыстар болатын яғни Екі ауыл (Рулар) бір-бірінен мал ұрлау, бірақ ұрыстың арты тоймен бітіретін болған, яғни ұрыс болдырмау үшін бір-бірінен қыз алысып жастарды үйлендіріп дегендей.

Ой шіркін ай соғыс десе БЕС ҚАРУДЫ қолға алып, қайтпас қайсарлы Адайлар, Түркмендермен, Қалмақтармен, Орыстармен, Жоңғарлармен соғысқаны баршаңыз білерсіз, қап әттең-ай Адайларда тек батыр емес яғни жырауларда көп болған, сол жырауларды кәзіргі таңда әдебиеттерде жоқ көрінеді, тарихта мүлдем көрінбейді.

О Алла егер сол бабаларымыздың күнәлары болса кешіріңіз, жандары жанатта болғай!
0 дауыс
Ал сенің айтып отырғаның бос әңгіме, мен Адайдың Жарысымын, осы Маңғыстаудың кореной баласымын, көптеген шежіреден хабарым бар, бірақ мына айтып отырған әңгіме жалған, Адайлар ешқашан жоғары-төмен болып бөлінбеген, сенің айтып отырған әңгімең, кезінде ашаршылықта қу қарабастың қамымен, дүния малын отанынан елінен артық санап қашып кеткендердің, ақталғандағы өздерің жоғары көрсету мақсатындағы сылтауы. Бар болғаны сол, шындық қашанда ащы болады...
...