+11 дауыс
864 көрілді

Жаздың әдемі күнінде сіздерге "Қаз қалпында" атты жаңа жобамыздың алғашқы сұхбатын ұсынып отырғанымызға шын қуаныштымыз!

Естеріңізде болса, осыған дейін "Меломен" тобына сұрақ қойыңыздар деп, тизер-видео жариялаған едік. Біршама сұрақ келіп түсті, бәрін қойып үлгере алмадық. Әйтсе де қызықты әңгіме болды деп айта аламыз.

Өкінішке орай, Роллан келе алмады. Болашақта топтың өзге мүшелерімен де сұхбат жүргізуді жоспарлап отырмыз, ал ол үшін сіздердің ықыластарыңыз бен қызығушылықтарыңыз керек, достар!:)

Сонымен, "Меломен" тобының мүшесі Ғабиттің әдемі әңгімесін қабыл алыңыздар.

Жобаны Gonzo.kz блог-платформасы және "Сұрақ-жауап" сайты бірлесіп жүзеге асыруда.

Жақсы бастама, істерің алға бассын, Ербол

7 жауап

+3 дауыс
Көп күттік!Сапасы жақсы екен! Жалғасы болады деген сенімдемін. Өте жақсы жоба! Іске сәт,Админ!
+2 дауыс
Керемет! Көптен күткен нәрсені тамашалаған қызықты екен. Админге Рахмет, бізді осылай меломен тобымен байланыстырғаны үшін. ЖОБА Жалғасы тапсын!!!
+2 дауыс
Тамаша көптен күткен сұхбатымызда келіп қалыпты. Сұхбат жақсы өтіпті. Бастысы біздің сұрақтарымызға жауап бергені...) Сапасында тұрған ештеңе жоқ.
+2 дауыс
Өте жақсы. Админ мырза бізді Меломен тобымен байланыстырғаныңыз үшін көп-көп рахмет. Жоба әрі қарай жалғасын табады деген үлкен үміттемін. Іске сәт.
+1 дауыс
Рахмет, Ербол мырза мен сұрағымның жауабын естіп қуанып отырмын.  Енді Қайрат Нұртасты күтеміз!
+3 дауыс
Келесі жұлдыздар кім екенін тезірек білгім келіп тұр!
Келесі жұлдыз өздерің сүйіп тыңдайтын жетіқарақшы жұлдызы. Одан кейін қарақұрт жұлдызын шақырмақ ой бар... әрі қарай Сатурн, Юпитерлер кезегін күтуде
+2 дауыс
Мен Ғабитті аса ұнатпаушы едім,тәкәппар адам сияқты көрінетін,мына сұхбатты оқып ойым өзгерді,ойын ашық жеткізіп,жақсы сөйлеп отыр
...