+6 дауыс
7.2k көрілді

"Меломен " тобы туралы мәлімет қажет еді. Кімде бар? Өлеңдерінің сөздері болса тіпті жақсы..angel

1 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Мырзаханов Қайрат Қамсаұлы 1985 жылы, 1 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Келдімұрат ауылында дүниеге келген. Әкесі - Қамса Сексенбайұлы. Ал анасы - Кәрібаева Гүлбайра. Отбасында  үш ағайынды. Қарлығаш есімді әпкесі және Сандуғаш есімді қарындасы бар. 2002 жылы, мектепті тәмамдап, 2003 жылы Заң колледжін бітіріп шықты. Ал 2004-2006 жылдары, әскерде отандық борышын өтеді. Сөйтіп, 2007 жылы осы Алматыдағы Ж.Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжіне оқуға түсті.

Ауыпбаев Жігер Жандосұлы,  1987 жылы, мамыр айының 3 жұлдызында Райымбек ауданы, Кеген ауылының қарапайым отбасында дүниеге келген. Әкесі - шаруа қожалығында, ал анасы  аудандық маслихатта қызмет етеді. Отабасында алты ағайынды Гүлнұр атты әпкесі, Алмас есімді інісі, Айым, Назерке, Ақжан есімді қарындастары бар.  Бүгінгі таңда, Ж.Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжінің түлегі. Жақын арада жары Замирамен отау құрған болатын. Сіздерге Алла бақыт насіп етсін!

Хазіретов Ролан Мәлікұлы 1988 жылы, 13 шілдеде Алматы облысы, Алакөл ауданы, Қабанбай ауылында дүниеге келді. Анасының есімі - Баян, әкесінің есімі - Мәлік. Отбасында үш ағайындымы, өзінен үлкен Нұрлан және Руслан есімді екі ағасы бар. Ауылдық мектепте 9-сыныпты бітірген соң, Талдықорған экономика-тенхнологиялық колледжіне, салық мамандығы бойынша білім алған. Ж.Елбеков эстрада және цирк коледжінің түлегі.

Абилдаев Ғабит Бибасыұлы, 1987 жылы Шымкент қаласында дүниеге келді. Отбасында үш ағайынды. Әкеcің есімі - Бибасы. Ал анаcың аты Мейрамгүл. Үйдің үлкені. Өзінен кейін,  Дастан және Бақыт деген
інілері бар. Балалық шағы  Шымкент қаласындағы №26  Ж.Жабаев атындағы орта мектепте
білім алды. Одан кейін Алматыға келіп, М.Тынышпаев атындағы Қазақ Көлік және Коммуникация Академиясына оқуға түсті. Т.Жүргенов атындағы Өнер Академиясының эстрадо-вокал бөліміне оқуға түсті.

http://my.mail.ru/community/melomengroup/ осы жерден мәліметтер алынды.

Рауанның сұрағына осы жауапты бергенмін.

...