Апельсин
Өнімнің пайдасы туралы
Апельсиндерде С дәрумені көп. Сондай-ақ ол фолий қышқылына да бай, сондықтан жаңа піскен апельсин шырыны жүктілік кезінде өте пайдалы болып табылады. Жуырда ғалымдар Р450 цитохромның кейбір энзимдерін басатын цитрустардың бірнеше биофлавоноидтерін анықтады. Энзимдердің бірі Р450 - 1В1 цитохромы ағзада темекінің түтінін, пестицид пен басқа да заттарды белсенді етуі мүмкін, соның нәтижесінде олар канцерогендерге айналады. Апельсин шырынында коп болатын хеспетерин, биофлавоноидтер Р450 - 1В1 –ң проканцерогендермен метаболизациясын азайтады, бұл олардың канцерогендерге айналу қаупін айтарлықтай төмендетеді.
https://surak.baribar.kz/21424/
Апельсин құрамында А, С,В1, В2, РР дәрумендері, магний, фосфор, натрий, калий, кальций және темір сынды микроэлементтер бар. 150 грамм апельсин құрамында 80 мг аскорбин қышқылы кездеседі.
Апельсин - адам ағзасына, әсіресе жүрек-қан тамырлары, жүйке жүйесіне аса қажет жеміс. Апельсин шырыны ағзадағы зат алмасу процесін жақсартады. Қант диабеті ауруына шалдыққан адамдарға апельсинмен, оның шырынымен айнымас дос болуға кеңес берер едік. Авитаминоз, шаршап-шалдығу кезінде де осы жемістің көмегіне жүгінсеңіз, өкінбейсіз. Жеміс адамның тәбетін ашып, безгекке ұшырағанның ыстығын алады.
http://massaget.kz/bastangy/kulinariya/5107