Қазақ тілі | 5.2k қаралды
5.2k қаралды
Маған Ана туралы поэзия керек еді. Достар өтінем өте қажет болып тұр.

3 жауап

Жібісін деп жүректерін жыр төгем
Перзент білсін анаға қол сілтеген
Жетім жайын, жесір жайын толғаған,
Бүгінде жоқ күнде жүріп күл деген

Адамды Алла дар мақсатпен жіберген,
Мақсатымды таңып, сезіп білер ма ен?
Ата-анадан биік қойған бар малың
Қуыс кеуде топаң бас көп білер ма ен…

Сеніп еді табылар деп қасынан
Сенген ғой, теңтек болды жасынан
Ғибрат алып, ойға қалып тыңдап көр,
Оқиғаны баяндайын басынан…

Бала еді терең ойлап көрмеген
Ойын ойнап,қызық қуып терлеген
Мектептегі сабақ, тәртіп тым жақсы,
Сондықтан да жоқ кедергі көлденең…

Бірақ оның көңілін бір ой бөледі…
Дейді өзі, сол ой жолды бөгеді
Өз пайымы солай ғой бұл баланың
Анасының бір көзі жоқ себебі…

Сол мектепте аспазшы еді анасы,
Ұлына еді дәмдә, тәтті парасы
Ақша тауып асты-үстіне түсетін,
Қарны ашпасын, киінсін деп баласы…

Ал баласы асханаға кірмейтін
Анасымен көшеде бір жүрмейтін
Ас беретін соқыр әйел анасы
Екендігін достары да білмейтін…

Әрбір тәулік ашып жаңа парағын
Бұл да басты сақтықпен әр қадамын,
Кім біледі ғұмырын бұл жұмбақтың?
Қанша уақыт жұмбақ болып қаларын…

Құпиясын ашпаса кім біледі?
Байғұс ана мейірімді еді жүрегі,
Баласының талабы мен талантын
Білейін деп сабағына кіреді.

Жаутаңдатып жалғыз ғана жанарын
«Рұқсат па? Амансың ба қарағым,
Білейін деп келіп едім сабағын,
Анасы едім мына отырған баланың»

Деген кезде балалар ғой ешкімді
Ренжітпеген, елемеген еш мұңды:
«Анасының бір көзі жоқ қызық ай!»
Деген сұмдық, суық, мысқыл естілді…

Баласының кетті түсіп қабағы,
Анасына айуан көзбен қарады…
Ыза буып сал есікті сарт ұрып,
Шығып кетті бетке ұстап даланы…

Келді үйіне уақыт асқан ақшамнан
Назын айтты назалы үнмен басталған
Анасы жүр әлек болып аз екеп,
Баласының қамын ойлап аш қалған.

Деді ұлы:«Ана, неге келесін?
Іздеп келсен бар ойымды бөлесін,
Мені ездеп келмеші енді мына жұртқа,
Анасының көзі соқыр демесін..

Мен ұялам, сыртта маған жолама!
Сөздеріме көңілін рас тола ма?
Неге соқыр,қайда сенің бір көзін?
Айтшы анашым, сырын білсем бола ма?»

Жылады ана, еңіреді, егілді,
Үйренген ғой, келген мұңға көнуді
Шын жылады,соқыр көзден жас шықты
Көкірегінде бар құпия көмулі

«Кешір қалқам, не десең сол болады,
Айтқан сөзің ақылыма қонады,
Сені ұялқан саған еткен қатемнің
Бүгін мынау, ең соңғысы болады!»

Иә, дәл солай болды, сол жер соңғысы,
Екінші рет бармады онда ол кісі
Сыртыңнан ақ тілеуінді тілейін,
Осы болар істердің ең оңдысы

Баласының тілегі осы қалаған
Жеке жүрсе бақытты өзін санаған,
Деп ой түйді:"Құтылар ем шешемнен,
Оқу бітсе, келмей қойсам қаладан."

Солай жүріп бітірді оқу бала да,
Бұрынғыдан бетер суық анаға,
Оқимын деп әрі қарай жиналып,
Тартып кетті шетел асып қалаға.

Айтқандай-ақ ол анасын ұмытты,
Жұмыс тапты, маман болды білікті,
Әйел алды, бала сүйді, анасын
Есіне алмай, ойсыз,қамсыз жүріпті

Күз.Сезімдерді сілкіп жауын жауып тұр.
Жібін түйе сән-салтанат тамып тұр
Құлақ салды әйелі де,өзі де
Есіктерін біреу келіп қағып тұр…

«Кім болды?»деп есік қаққан жаңағы
Бәрі бірге есікті ашып қарады
Әйелі де, баласы да қорықты,
Іздеп кепті, соқыр ана баяғы…

Жігіт жеке шықты тағы далаға
Жақындады жалғыз көзді анаға,
"Әйелім мен баламды сен шошыттың
Неге келдің? не бар мынау қалада?

«Саған келдім, демеймін бұған өкінем
Хабарласпай тым алысқа кетіп ең
Үйленіпсін, балаң бар деп естідім
Сүйейінші немеремнің бетінен!»
Сескенді ана, жабысар деп сор тағы
Қатуланып қабақ шытып ол тағы
«Жоқ! Болмайды, рұқсат жоқ себебі
Бір көзін жоқ, балам сенен қорқады!»

Бітті әңгіме, болмас қайта бастауға,
Қайтты ана, демеу болар дос бар ма?!
Күңіреніп, ақ жауынын төгіп тұр,
Анаменен бірге жылап аспан да....

… Уақыт сырғып, айлар өтті, жыл өтті
Өткен әр жыл тілек тілеп түлетті
«Ауылға кео, сағындық,»деп достары
Хат жіберіп, шақыртыпты жігітті

«Жол ұзақ»-деп жігіт біраз қиналды,
Дегенменен барамын деп ұйғарды.
Әйелді алып, баланы алып сол күні,
Жол жүрмекке отбасымен жиналды.

Келді ауылға, мауқын басты, тарады
Жігіт ойы басқа жаққа ауады.
Балалықты еске алсам деп жаяулап,
Өзі тұрған ескі үйге барады.

Үйден шықты егіз әйел:
Сен келдің бе,өзгермепсін, таңыдым,
Анаң қайтқан...қалдырып еді аманат
Мен ашпадым, оқы өзін жарығым..

Берді қағаз төртбұрыштап бүктеген,
Деді жігіт:«Түсінбедім түкке мен»
Ашып көріп оқимын деп оңаша
Кетті оңаша, бар-ау хабар күтпеген…

… Балам, ботам, айым, күнім асылым!
Қарт кеудемде бір сыр бар еді жасырын…
Кеудемді өртеп барады сол күрең ой
Жаздым хатқа, оқып балам біле ғой…
Нәресте едің, түспей тұғын қолымнан
Бағым кқп ед бүгінгідей сорымнан
Әкең бар ед жаны жақын балаға
Үйден шықтық қыдырсақ деп қалада…
Булықты да бірге кетіпті арманы
Жол апаты жан әкеңді жалмады…
Түстік солай бұл тағдырдың тезіне
Зақым келді сенің оң жақ көзіне…
Дәрігерлер көрді, білді, байқады
Үрейлендім,қандай жауап айтады…
Қатты зақым алған екен ұлыңыз
Көрмес көзі, алдын-ала біліңіз,
Жай таппаса бұған егер жаңыңыз,
Уақыт барда сау көз іздеп табыңыз
Бақытты өмір сүру үшін балаңыз
Сол сау көзді орнына саламыз

Есім шықты, ет жүрегім дүрсілдеп
Бар бақытты балам көрсін білсін деп
Құрбан еттім бағым үшін өзімді
Саған бердім, сап-сау тұрған көзімді

Міне, балам содан бері соқырмын,
Содан бері таңым қайғы кешім мұң
Осы көзбен көп ұялтсам өзіңді
Кешір қалқам, кешір ботам, кешіргің!

Оқып бітті, жүрегі аттай тулады,
Көкірегің кермек өксік тулады…
Біреуі өз, біреуі ана көзімен
Алдындағы ақ парақты сулады.....

Бауырлар, бізге бұл мысалдың берері көп
Дәл осындай әрбір істің себебі көп,
Себебін білмей,қате қадам басып,
Отырма, бармақ тістеп, не дедім деп.
Ата-ана разылығын тапсақ Алла
Айтылыпты жәннаттан жай беремін деп,
Тірлікте таппаған соң көңілдерін
Өлген соң жылаудың да керегі жоқ…

http://aitaber.kz/blog/poem/1505.html

Музыкасы мына жерде:

http://mp3prima.com/mp3poisk/%D0%A1%D0%BE%D2%9B%D1%8B%D1%80%20%D0%90%D0%BD%D0%B0

Төлеген Айбергеновтің Ана өлеңі маған қатты ұнайды.

Арманыңды ақтармын ба жүрегімде тербесем,
Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен.
Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,
Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.
Сұлу әлем, әлем сұлу сен жаратқан адаммен,
Көк жолының қарсылығын қағып тастап барам мен.
Сендік қуат болар бәлкім, басын иді көк маған,
Әр кез сенен туғанымды есіме алсам, тоқтаман.
Ал ұмытсам, ұмыт болып қаларымды білемін,
Ұмыт қалмау үшін менің шарқ ұрады жүрегім.
Шат жүріп-ақ қас қаққанша боламын мен шерменде,
Жетім емес кей ананың жетімдігін көргенде,
Көз алдымда жас дөңгелеп булығам да ызадан,
Маған тіпті сөз келмейтін ұяттардан қызарам.
Бұл дүниеге онсыз-дағы кеткен жоқ па көп есең,
О, аналар, кей пасықты жаратасың неге сен!
Тасбауырлар дүниеге келсін де, тез кетсін де,
Әлде өзгелер ондайлардан жиіркенсін дейсің бе?
Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға,
Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.
Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,
Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы.

 

Осы өлең өте жақсы шығарылған. Жаттағаныма 5 жыл болды.
Белгісіз
http://massaget.kz/madeniet/music/848
118,597 сұрақ
305,911 жауап
153,308 пікір
68,347 қолданушы