0 дауыс
3.4k көрілді

Ана туралы көркемсөздер тауып?

2 жауап

0 дауыс

 

Асыл ана

сөзі. Айтқали Нәріков, Мұхамеджан Нұрханов
әні. Әділбек Сүлейменов

Суытпаған бозторғайдай ұясын,
Жүрегіме жылуыңды құясың.
Кенже балаң келді өзіңді сағынып,
Аман жүрші, соның өзі сый асыл.

Аналардың ақ сүтінен нәр алған,
Аналардың үмітінен жаралған.
Сәби едік, енді қазір ер жеттік,
Жүректерде биік мақсат, бар арман.

Сен туған жер бақша менен бау ма екен,
Ана, өзіңдей бақытты жан бар ма екен?
Ержетсем де еркелегім келіп тұр,
Балалық кез қай жерлерде қалды екен

Жаның мөлдір жанарындай ботаның,
Мейіріміңді мәңгі әнге қосамын.
Кенже балаң сенсіз қалай тұра алар,
Сағынышпен мен жолыңды тосамын.

 

0 дауыс
АнаСен бақыттысың,Жыламағың!Жай түсіп жатқанда да құламадыңТәңіріңнен мен едім ғой сұрағаныңСондықтан жыламағың, жыламағың!Бармын ғойТірімін ғой,Қасындамын.Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағың,Байырғы берекеңді қашырмағың.Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңаӨзім кепіл тот басып, тозбасыма.Екі жыр жазсам саған бірін арнап«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.(Тәңірім кеше көрсін кесірімді)Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!Ана,Сен бақыттысың, тербете берҚұба талдан иілген бесігімді…(М. Мақатаев) 

Ұқсас сұрақтар

...