Көркем, менің гинекологиядан терең білімім жоқ. Дегенмен жауап беріп көрейін. Дені сау баланы дүниеге әкелу әйел өмірінде аса үлкен жауапкершілікті қажет ететін мақсат. Санедықтан бала сүйгісі келген жас отау ері де, әйелі де толық медициналық тексерістен өтіп , содан соң бала көтеруге кіріскен дұрыс. Мүмкін кейбіреуге күлкі шығар. ,бірақ от басын жоспарлаған біздің заманымызда жаман нәрсе емес деп түсінемін. Өкініштісі біздің қоғамда әйелдер ден саулығы мен от басының бюджеті көтермесе де баланы құдай берді деп көтере береді Шындығына келсек, анау мынау сырқатын алдын ала емдеген, денсаулығында ақауы жоқ , жүкті әйелде қатып калған жүктілік кездеспейді. Қатып қалған жүктіліктің қандай белгілері болуы мүмкін? Егер ұрықтың қатып қалуы алғашқы бір,бір жарым айлық кезеңде болса, онда жеріктіктің жоғалып кетуі,сүт бездерінің ісінуінің тоқтауы, дененің ыстығының көтерілуі, қынаптан иісі жаман қан аралас сұйықтықтың бөлінуі,іштің төменгі жағының бүріп ауыруы т.с. тіпті ұрықтың түсіп қалып түсік тастау, қан кету сияқты белгілері болады. Ал егер жүктіліктің бұдан үлкен кезеңі болса, оны тез анықтауға болады. Мысалы баланың жүрек қағысының тоқтап қалуы және қимылдамай қалуы.Қазіргі заманда жүктіліктің бастапқы кезеіңінде қатып қалғанын УЗИдің көмегімен тез анықтауға болады.себебі,ұрықтың жүрегі 3-4 аптадан соң соға бастайды. Жүктіліктің қатып қалуы әйелдің өміріне өте қауіпті.Қатып қалған ұрық түсік болып түспесе ,түсік тастағанның өзінде қалдықтары жатыр ішінде қалып ,іштей бұзылып,токсиндер, микробтар,вирустар қанға өтіп кетіп, басқа ағзаларға іріңді қан таралып сепсис болуы мүмкін.Кей жағдайда өліп қалған ұрық жатыр ішінде кеуіп мумияға айналып қалуы мүмкін Бұндай жағдай микроб- вирустар болмаған кезде болады. Қандай жағдай болмасын, қатып қалған ұрықты әйелдің жатырынан хирургиялық жолмен тезірек сылып алып тастаған ең дұрыс шешім.
Жақсы
1.08.2013
пікір