+1 дауыс
23.8k көрілді
Жүктiлiктiң қатып қалуы деген қандай ауру?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Жүктіліктің қатып қалуы деген анасының құрсағында өсіп келе жатқан ұрықтың тіршілігін тоқтатуы,яғни өліп қалуы. Себептері:1. Алкоголь мен никотиннің әсері.Алкоголь адам ағзасына түскен соң сірке қышқылының альдегидттеріне ыдырайды..Арақтың бауырға зиян екенін ,тіпті арақты көп ішкен адам цирроз болатынын да естіп жүрміз. Перегар деген де осы ыдыраған сірке қышқылы альдегидінің иісі . Бұл ұрық үшін өте улы, жүкті әйел бір мас болып ішкеннің өзінде құрсағындағы баласын сеспей қатыруы мүмкін 2..Жұқпалы аурулар:тұмау,цитомегаловирус,токсоплазмоз,қызылша. Осылардың ішінде ең қауіптісі қызылша. Жұкті әйел өзі ауырмағанмен, іштегі ұрық ауырады.Сондықтан үйде қызылшамен ауырған адам болса, ондай жерден жүкті әйелдің аулақ болғаны дұрыс.3.Жыныстық қатынас арқылы жұғатын ауруларды (сифилис, хламидиоз.гонорея, трихомониаз,микоплазмоз) жұкті әйелдің жұқтыруы.4.Эстроген, прогестерон гормондарының дұрыс түзімеуі және ауытқулары. 5..Анасының және ұрықтың қандарының резус факторларының сәйкес келмеуі.6. Плацентаның қан тамырларында тромба пайда болып,  қоректік заттардың жетіспеуінен ұрық өсуін ,тіршілігін тоқтатады.7.Зиянды өндірісте жұмыс істейтін әйелдерде химиялық токсиндекрдің әсерінен ұрық қатып қалуы мүмкін.8.Кейбір дәрі дәрмекті дұрыс қолданбағаннан да ұрық өсуін тоқтадады.9. Қант диабетімен ауыратын жүкті әйелдерде ұрығы қатып қалуы мүмкін.
Жақсы апай жауапқа рахмет. Тағы сұрақ туып отыр. Сол іштегі баланың өліп қалғанын қалай анықтайды? Белгілері қандай болады? Ол анаға да қауіп тудырса керек. Дәрігерге бармай жүре беретін келіндер жетерлік.
Көркем, менің гинекологиядан терең білімім жоқ. Дегенмен  жауап беріп көрейін. Дені сау баланы дүниеге әкелу әйел өмірінде аса үлкен жауапкершілікті қажет ететін мақсат. Санедықтан бала сүйгісі келген жас отау ері де, әйелі де толық медициналық тексерістен өтіп , содан соң бала көтеруге кіріскен дұрыс. Мүмкін кейбіреуге күлкі  шығар. ,бірақ  от басын жоспарлаған біздің заманымызда жаман нәрсе емес деп түсінемін. Өкініштісі біздің қоғамда әйелдер  ден саулығы мен от басының бюджеті көтермесе де баланы құдай берді деп көтере береді Шындығына келсек, анау мынау сырқатын алдын ала емдеген,  денсаулығында ақауы жоқ , жүкті әйелде қатып калған жүктілік кездеспейді. Қатып қалған жүктіліктің қандай белгілері болуы мүмкін? Егер ұрықтың қатып қалуы алғашқы бір,бір жарым айлық кезеңде болса, онда жеріктіктің жоғалып кетуі,сүт бездерінің ісінуінің тоқтауы, дененің ыстығының көтерілуі, қынаптан иісі жаман қан аралас сұйықтықтың бөлінуі,іштің төменгі жағының бүріп ауыруы т.с. тіпті ұрықтың түсіп қалып түсік тастау, қан кету сияқты белгілері болады. Ал егер жүктіліктің бұдан  үлкен кезеңі болса, оны тез анықтауға болады. Мысалы баланың жүрек қағысының тоқтап қалуы және қимылдамай қалуы.Қазіргі заманда жүктіліктің бастапқы кезеіңінде қатып қалғанын УЗИдің көмегімен тез анықтауға болады.себебі,ұрықтың жүрегі 3-4 аптадан соң соға бастайды. Жүктіліктің қатып қалуы әйелдің өміріне өте қауіпті.Қатып қалған ұрық түсік болып түспесе ,түсік тастағанның өзінде қалдықтары жатыр ішінде қалып  ,іштей бұзылып,токсиндер, микробтар,вирустар қанға өтіп кетіп, басқа ағзаларға іріңді қан  таралып сепсис болуы мүмкін.Кей жағдайда өліп қалған ұрық жатыр ішінде кеуіп мумияға айналып қалуы мүмкін Бұндай жағдай микроб- вирустар болмаған кезде болады. Қандай жағдай болмасын, қатып қалған ұрықты әйелдің жатырынан хирургиялық жолмен тезірек сылып алып тастаған ең дұрыс шешім.
0 дауыс
Салеметсізбе ! Менің құсағымдағы бала жиі тырысып қатып қалады. Ешқандай аурумен ауырған жоқпын жəне ішімдік дегенге де мүлдем жолаған емеспін. Екі қызымда да жүкті кезімде ондай тырысып қатып қалу жағдай болған емес. Рахмет!
...