0 дауыс
878 көрілді
Менің жасым 27. Үйленген емеспін, жігітпен де болған емеспін. Оқу оқу деп одан кейін қызмет қуған жайым бар. Былтыр генекологиялық дерт анықталды. Бір жылдан асып барады. Егер операцияға жатпасам жағдай ушығады. Жанымды бір қынжылтатыны осыдан кейін болашақта табылып жатса үйленетін жігіт мені жүргіш деп ойлауы әбден мүмкін.

2 жауап

0 дауыс
Өмірдің қызығы мен шыжығы қатар жүреді. Жолдың ақ-қара жолақтары адам өмірінде де орын алады. Адам қараны аққа жеткізуге, ақ жолақтың ұзағырақ болуын тек қаламайды. Оған қажетті қадамдар жасайды, қиындықпен күреседі. Сіздің өміріңіздің өзіндік келбеті бар. Болашағыңыз үшін алаңдамағаныңыз жөн. Сізді сүйген жан пәктігіңізге сенері анық. Сіз айтқандай «жүргіш қызды» үйленгенде күйеуі байқамауы мүмкін емес. Жігіттер - қыздар сияқты ақылды, мәдениетті жандар. Сіз уайымға салынбай, дерттен жазылудың жолдарын іздеңіз. Қазір медицина қарқынды дамып жатыр. Гинекологтардың ем табарына сеніңіз.
0 дауыс
Кім не ойлайтыны, көршінің баласының мен туралы ойы қандай екен, жұрт не дейді қазақты орта ғасырға сүйреп бара жатырған әдеттің бірі осы. 27-ге дейін жігітпен болмаудың өзі физиологиялық тұрғыдан қателіктерге жолықтырады. Мысалы, ашушаң болуыңыз.

Келесі жұбатар бір кеңес, жалпы жүргіштің жүргіштері, проституткалардың өзі күйеуге шығып, ардақты ана атанып жатқанын көзіміз көрген. Сондықтан өзіңізде бәрінен төмен ұстамай, емделудің жолын іздеңіз!
...