+2 дауыс
458 көрілді
Менің шайға басым ауырады, кейде жұмыста жүргенде  шай ішуге уақыт болмайды сол куні басым жаман ауырады дәрі ішпей және ұйықтап дем алмай коймайды.Ораза ұстағым келіп еді мына жағдай қиын боп тұр. Не істесем болады шайдың орнына колданатын таблетка дәрі болсын басқада заттар сатылама оразанын алдында пайдалансам?

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Алдымен шай туралы бір-екі ауыз сөз сөйлейік! Шай — сергіткіш, жанды жадыратып, шөлді басатын сусын. Шайдың отаны Қытай елі болып табылады. Ертеректе, 4 мың жылдай бұрын, Қытайда шайды дәрі ретінде пайдаланған. Кейіннен емдік сусын ретінде пайдаланады. Ол кездегі шай мен қазіргі шайдың айырмашылықтары баршылық. Мысалы, ол кезде шай жабайы өсімдік болатын, ал қазіргі шайлар мәдени өсімдікке жатады. Шайдың құрамында 200-ге тарта биологиялық белсенді заттар бар. Олардың кейбірі шайға сүт қосылған кезде еш пайда бермейді немесе кері әсер етуі де мүмкін. Бұл мәселе төңірегінде үлкен, ауқымды зерттеулер жүргізілмеген. Сол себепті де мамандардың арасында әр түрлі тұжырымдар бар. Шай адам ағзасының кейбір мүшелері үшін пайдалы. Мысалы, көзге жіне ойлау жүйелеріне. Шай ішкен кезде адамның ойлау жүйесі мен есте сақтауы азда болса артады, шығармашылық ой-өріс оянады. Сондай-ақ, шай адамға психикалық ауыртпалықтар (депрессия) түскен кездерде оны жеңілдетуге тырысады. Егер шайды шамадан тыс қатты қою қылып ішсеңіз, онда ағзаға кері әсер етеді. Оны шайды көп ішкен адамның сөзуар мылжың немесе сандырақтаған бәдіктігінен білуге болады. Тек қана бұл емес, тағы денсаулыққа кері әсері бар...

Шайды адам бірден қойып кете алмайды. Өйткені адамның ішкі организімі шайды қалап, миға хабар жіберіп отырады. Сондықтан басыңыз аурады. Шайға тәуелділіктен арылудың бір-ақ жолы бар. Ол мынандай: Бір мезетте ішетін шайыңыздың мөлшерін кішірейтіңіз. Ағзаңыз қаласы да ішпеуге тырысыңыз. Солай-солай шай мөлшерін 2 күнде 1 рет төмендете беріңіз. Басыңыз ауруы мүмкін. Кейін етіңіз үйренгесін бас ауруда қойып кетеді.
+1 дауыс
Шай (Thea) — шай тұқымдасына жататын мәңгі жасыл ағаштар мен бұталар туысының бір түрі; өзі аттас тұқымдасқа жататын өсімдік туысы. Осы өсімдік жапырағынан дайындалатын және сусын ретінде пайдаланылатын өнім де шай деп аталады. Шайдың жабайы өсетін 2 түрі тараған:

Қытай Шайы [екі түр тармағы (қытай және жапон) бар] Оңт.-шығыс Азияның таулы аймақтарында өсетін, биікт. 3 м бұта,
Aссам Шайы [бірнеше түр тармағы (ассам, лушан, нага, хилл, манипурий, бирма, шан, юань, т.б) бар] Үндістанның Ассам ормандарында өсетін, биіктігі 10 — 15 м ағаш.[1]

Осы екі Шайдың табиғи гибриді цейлон Шайы да екінші топқа жатады. Шайдың бұл екі түрі де Жер шарының тропиктік және субтропиктік аймақтарында өсіріледі. ТМД елдерінен Әзербайжан, Грузия, Ресейдің Краснодар өлкесі және Грекия жерлерінде қытай Шайының негізінде Шайдың бірнеше жаңа сұрыптары алынған. Мыс., Грузия шайы, Краснодар шайы, т.б. Қолдан өсірілетін Шайсұрыптарының биікт. (жинауы оңай болуы үшін) 2 — 3 м-ден аспайды. Жапон Шайы — бұтағы қалың аласа бұта. Шайдың негізгі тамыры 2 — 3 м тереңдікке кетеді, гүлі хош иісті, ақ немесе қызғылт, аталығы 200-ден астам, жемісі — қорапша, 1 — 5 тұқымды, майлы, піскенде қақырап ашылады. Ш. алғаш рет 4 — 5 жылдан соң, содан кейін жыл сайын гүлдеп, жеміс береді, бунақденелілер арқылы айқас тозаңданады. Ол 100 жылға жуық тіршілік етіп, 70 жылдай өнім береді.Ал кейбіреулер оны салмақ тастау үшін де ішеді.
...