+1 дауыс
32.6k көрілді
Басым жаман қатты аурып жатыр..(температура ондай емеc) Шекем мен оң жақ көзім өлердей ауырып жатыр..шыдай алар емеспін..сұлқылдап, қақсап...
өткенде жаңа жылға прическам құртылады деп бас киімсіз барып едім, содан суықтаған ба деп отырмын...
Көмектесіңдерші...............басып, көзім сұлқылдап, зорға жазып отырмын
SOS

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Көбіне бас ауырған
Бас ауыру — әр түрлі себептерден болатын ауырсыну сезімі. Қан айналу жүйесінің қызметі бұзылғанда (гипертониялық аурулар, гипотония, бассақинасы — мигрень) миға қан біркелкі келмейді де, бас сырқырап, солқылдап және тырысып ауырады. Басы ауырып отырған адамның мазасы кетеді, мойын бұлшық еттері құрысады. Маңдай, самай, төбе аймақтарынан ауру сезімі үшкіл нервтер, ал шүйдеден — кезбе, тіл-жұтқыншақ нервтеріжәне мойын өрімдері арқылы беріледі. Бас ауыру белгісінің күші мибөлігінің қызметтеріне, әр адамның табиғи жаратылысына, атап айтқанда, ауру сезімін қабылдау деңгейіне де байланысты болады. Бас ауыру жұқпалы аурулардан, көз, құлақ сырқаттарынан (мысалы,алысты көре алмау, отит, т.б.), уланудан, жүйке сырқаттарынан, ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуынан, сондай-ақ, қан құрамындағы зат алмасу процестерін үдететін (адреналин, гистамин, т.б.) заттардың шамадан тыс көбейіп кетуінен де болады. Бас ауырудың көп кездесетін белгісініңбірі — бас айналу. Ол қалыпты жағдайда да, мысалы, әйелдердің жүкті кезінде, лифтімен тез көтерілгенде, биіктен төмен қарағанда, жылдам қозғалған нәрсені бақылағанда, т.б. байқалады. Бас ауырудың себебін дәл анықтау үшін лабораториялық әдістер пайдаланылады (мысалы, бас, мойын сүйектерін рентгенге түсіру; қанын, зәрін талдаудан өткізу). Ауруанықталмаған жағдайда, жұлын-ми жолын инемен тесіп, алынған сұйықты биохимиялық талдаудан өткізеді;
Биопсияда сақина ұстап қалды дейді. Самайдан жоғары 3 см жерде адам басында дөңгелек ойық болады. Сол жерді бас бармағыңызбен уқалаңыз! Мен солай жасайм. Жазылады.
жақсы кеңес, менде осы сақина деген бәледен қорлық көргендердің бірімін, рахмет!
Белгісіз
Оқасы жоқ! Бұл сұрақ жауап сайтығой, міндетіміз. Сосын сақина деген бәледен дейсің, бәрімізді сол сақина құрастырып тұрғой, былайша айтқанда 1 запчастымізғой))))
+1
айтпа дейім))
Неврологиялық ауруға тап болдым, басым қатты ауыра береді. Сол себептен ауруханаға жатып шықтым, сондықтан бәле мен үшін, басым қазір де солқылдап ауырады(
Белгісіз
+2 дауыс
Әлемдегі әрбір бесінші адам бас ауруынан зардап шегеді екен. Олардың көбі бас сақинасы ауруына шалдыққандар. Бас сақинасы кезінде басыңызжиі ауырып, кейде дәрі де көмектеспейтін дәрежеге жетеді. Аурудыңнеден пайда болатыны әзірге белгісіз. Бас сақинасына тән ерекшелік: бастың бір бөлігі ауырады, көбінесе самай мен маңдай тұсында және көз айналасында пайда болады. Ауырған адам жарық пен дыбысты жақтырмай, көз көруі қиындап, жүрегі айнып, құсуы да мүмкін.
Әдетте бас сақинасы қатты күйзелгенде, шектен тыс жұмыс істегенде, шаршағанда өршиді.
   САМАЙ МЕН МАҢДАЙ АУЫРСА...
Бастың бұл бөліктері ауыра бастағанда адамның жүрегі айнып, қолы тоңып, дірілдеп, көру қабілеті төмендей бастайды. Бұл көбінесе ауыр көтергенде, дәрі ішкеннен кейін және ауарайы өзгерген кезде пайда болады. Аталған белгі байқалса, «бас сақинасы» ауруынан қауіптеніңіз. Бұл ми тамырларының тарылуымен кеңеюі салдарынан туындайды.
Бұндай кезде ауырған самайдың екі жағына екісұқ саусақты (саусақтың ұшын валериана немесе жалбыз тұнбасына малып отыру керек) апарып, төбеден самайға дейін сағат тілі бойымен 2-3 минут уқалап, кейін оған керісінше бағытпенжүру керек.
Ал егер маңдайыңыз ауырса, қасыңызды жайлап 1-2 минуттай уқалаңыз. Одан кейін екі алақаныңызды маңдайға қойып (саусақтардың ұшы маңдайдың ортасында түйісу керек), баппен екі самайға қараймассаж жасаңыз. Біраздан кейін жылылықтың пайда болғанын сезесіз. Бұған қоса ыстық компресс қоюға болады. Ол үшін бір уыс түймедақ гүліне 1/3 ста­қан қайнаған су құйып, 15 минут жай отта қайнағанға дейін қайтадан ысыту керек. Сосын сүзіп алып, ыстық тұнбаны зығырдан жасалған орамал немесе бірнеше қабатталған дәкеге сіңіріп, маңдайға басса, ауырғанды тез басады.
«Бас сақинасынан» адамдар ыстық және суық компресс қою арқылы айыға алады. Екікішілеу орамал мен ыстық су құйылған шылапшын дайындап алыңыз. Ал суық суды ағып тұрған кран шүмегінен алған жөн. Алдымен орамалды ыстық суға малып, оны сыққаннан кейін ауырыптұрған жерге 30 секундтай басып тұру керек. Суық су сіңірілген орамалды да 30 секунд ұстаған жөн. Осылайша 2-3 рет жасайды. Одан кейінгі процедураларда компресті 5-6 рет қайталап, уақытты жай­лап 1,5 минутқа дейін ұзартса, 2 аптадан кейін «бас сақинасынан» құлан таза айығып кетуге болады.
 Деніңіз сау болсын!!!!!
пенталгин иш сен басылады?
0 дауыс
Ішім қатты ауырып тұр нестесем болады?
0 дауыс
Самай ауыруына қоса жақ ауруы тағы қосылды онда нестеуге болады көмектесіңіздерші тұзды сумен жуса болама басты
0 дауыс
Журегым айнып басым кулагым пытелед неден ол???
0 дауыс
Менің басымның арқасы ауырады, 1 ай бұрын ауырған шыдатпай, енді тағы басталды, көзіме қараңғыда  түрлі нәрселер елестейді содан қараңғыда жүре алмаймын кәз, резко тұрғанда басым айналып кеттеді, кейде аппақ точкалар көрінеді, зрениям нашарлап шашым аздап түсуде
...