0 дауыс
23.2k көрілді
Осы соңғы кездері туған күн дегенді Туылған күн-деп, туған жылы дегенді туылған жылы деп айтып, жазып жүр, сол дұрыс па? Сіз қалай ойлайсыз?

17 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап

Мен Манастың  "бұл үшінші жақта айтылған"-дегеніне қосыламын. Туған күніңмен деген ұғымды, анаңның сені бұл дүниеге әкелген күнімен,демек анаңнан туған күнің деп түсіну керек деп ойлаймын. Егер ана болмаса шақалақ бұл дүниеге қалай туылар еді. Келешекте клон немесе пробирка жолымен дүниеге келгендер болып жатса соларға туылған күніңмен дей жатар бәлкім,себебі олар анадан тумайды емес пе.

+2 дауыс
дұрысы туылған күн ғой!!!!!!!!!
Онда неге құжаттарда туылған жылы деп жазылмайды,бұрыннан туған жылы,туған күні деп жазыладығой?
0 дауыс
Екеуі де айтыла береді ғой. Меніңше, екеуі де дұрыс.
0 дауыс
туылған күн ғой  !!!!!!!!!!
0 дауыс
туылған күн ғой  !!!!!!!!!!  бірақ көбісі туған күн дейді!
0 дауыс
Екеуің де айта береді. кейбір жерде туылған күн кейбір жерде туған күн деп атайды.
+1 дауыс

Меніңше туған күн деп айтқан дұрыс секілді. Ал туылған күн деген біртүрлі естіледі. Әдебиетке үңілетін болсақ Абай "Туғанда дүние есігін ашады өлең" десе, Мұқағали "Бүгін менің туған күнім ой пәле-ай" дейді. Осындай асылдарымыз қате ойламаған болар. Олардан асып қайда барамыз? Қалай ойлайсыздар?!

0 дауыс
Ол үшінші жақта айтылған сөз ғой, негізінен туған күн (туған жыл) болып айтылуы керек, ал, "оның туылған жылы"  деп айтуға болады
0 дауыс
еекеуі де дұрыс жәй Ыл деген ырықсыз етіс айырма береді
0 дауыс
Анаңның туған, сенің туылған күніңмен дейді ғой. Туған күніңмен деген біртүрлі естіледі
Туылған күніңмен дегенді соңғы кездері естіп жұрмін,қанша уақыттан бері туған күніңмен деп айтылып келді
0 дауыс
Туылган-деп онтустук жак ягни кобыне Шымкент жактын диалектысы. Ал әдеби тургыда, жанеде баска онырлерде телевидение,радио,газет, журналдарда "туган кун"- деп айтады. Сол дурыс. Менде солай деп менын айналам бары солай деп айтады.
0 дауыс
Аргынтина, сен не деп кеттің.Керісінше сөйлеме олай.Бүкіл Қазақстан бойынша ең таза тіл Шымкентте,сосын Шымкентте ешкім де "туылған күн"деп айтпайды(басқа өңірден көшіп келгендері болмаса),бізде Шымкентте ТУҒАН КҮН деп айтады.

Толықтыра кетсек: Мектеп оқулықтарының бәрі Шымкент тілінде жазылған,Газет-журналдар,теледидар-радио,кино,әдеби кітаптардың бәрі......Шымкентше көрсетіліп,Шымкентше жазылған,бірде-бір өзгеріс жоқ.Ал басқа облыстарды түсінбедім олар басқа кітаптар оқи ма,әйтеуір сөздерің басқаша ғой,ондай сөздерді оқулықтардан өмір-бойы кездестірмеппін,әлі күнге дейін.Яғни барлық теле-редакцияларда Шымкенттіктер басқарып солар қызмет көрсетеді.ТУҒАН КҮН болады,басқаша болмайды.Мысалы:Біздің күн туылды демейді,дұрысы Біздің күн туды,Ай туды. Жаконың пікіріне қосыламын,пікірі өте дұрыс.
0 дауыс

Туылу болса адам өздігінен туылатын еді, оған анасының қатысы болмай қалар еді, туған деген сөз сені анаң туған күн деген сөз. Дұрысы туған күніңмен. Туу туралы куәлік туылу туралы куәлік емес қой.   

0 дауыс
Туылған күн дұрыс емес, туған күн деген дұрыс. Туған күн деген бір түрлі дейтіндерге айтарым ол сауатсыздықтың белгісі)))
0 дауыс
Туылған деп айтатындар және бой бермей өзінікін дұрыс санайтындар - нағыз надандар. Олар бірбеткей, сонымен қоса, анығын білу үшін де ерінетін, малдан тек тілдесу, күлу сияқты қасиеттерімер ғана ерекшеленетін екі аяқты малдар. Бұдан төмен түсіріп, жерден алып жерге салғым-ақ келіп тұр.
...