Мен дұрыс деп есептеймін.Бұрын ата-бабаларымыз балаларын молдаға бергенде "Сүйегі меніке еті сіздіке"-деп берген, сол балалардан керемет адамдар, қайраткерлер шыққан. Қазіргі балардың бозөкпе болуы осы тәрбиенің әлсіздігінен,мектептегі мүғалімдердің көбінің әйел балалары болғандығынан. Суйцидтің көптігі де осы бір әздек тәрбиенің кесірінен, жас кезінен бастап етіне таяқ тимей,қатты сөз естімей, шыбық тимес шыңқ етер болып өске бала ертең әскерде біреуден сөз естісе, жоғарғы оқу орнында оқу қыйындаса, үйленгеннен соң келіншегімен ұрысып қалса соныда көтере алмайды, өлуге даяр тұрады. Сондай адам ертең бетін аулақ қылсын, Отанды жаудан қорғай ала ма? КСРО кезінде келешек офицерлерді Суворов училищесі сияқты мекемелерде неге қатал жағдайда тәрбиелеген дейсіңдер? Жас кезінен қатал тәрбиеде болған бала ертең қандай қиындықты болса да оңай көтереді, сол үшін ер баланы еркекше, қыз баланы қыздарша тәрбиелеу керек. Қазір жігіттер қызтеке болып барады. Сондықтан да қыздарымыз түрік, араб жігіттеріне құмар. Олар қатал патриархаттық тәрбиемен өседі, бар сыры осында.