+3 дауыс
400 көрілді
Қазір қоғамда жетім балаларға немесе әлеуметтік тұрмыс жағдай төмен отбасының балаларына жан-жақтылы көмектер көрсетіліп жатады. Қаржылай көмек беріп немесе концерттер қойып беріп жатады. Жаңа оқу жылы басталатын кезде... Сөмке толы оқуға қажетті құралдарды сыйға тартатыны тағы бар... Сол үшін балаларды жинайды. БАҚ-ын шақырады.. Көмек көрсетіліп жатқанын айтса, әрине, бір жағы басқаларға насихат болып, олардың да балаларға көмектесуіне түрткі болатын шығар. Мектепте оқып жүргенде ата-анасы жұмыс істемейтін балаларға жұмыссыздық туралы анықтама алып кел деп апайлардың сабақ сайын айтатынын еститінмін. Мектептен қаржылай көмек береміз дейді... Бірақ балалар өздерін қалай сезінеді? Кішкентай кезінен олардың қатарластарынан басқа екенін құлағына құйып, бойына сіңіріп өсірудің қажеті бар ма? Мұндай көмек жария етілмей көрсетілсе не болады?  Сіз қалай ойлайсыз?

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Есімде мектепте анасы қайтыс болған бір қыз жылап осындай көмектен бас тартқаны.Кедейлігін,жетімдігін бетіне басқандай болмай кейбір көмекті жаряламай ақ берсе болатын шығар
+2 дауыс
Енді мектепте отырғандар педагог, психологтар есептеледі, мамандарға қарсы шыққан пiкрiм емес,  бірақта адамға алтын берсенде адамды кемсітпеу керек шығар !!!
+2 дауыс
Оң қолыңмен бергенiңдi сол қолың бiлмесiн.
+2 дауыс
Жариялап беру деген балалардың психологиясын кері əсер тигізеді деп ойлаймын. Сол үшін жарияламай берген дұрыс.
...