+3 дауыс
354k көрілді
"Отбасы басты құндылық" тақырыбында шығарма жазып берсіздерма?

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Отбасы - тәрбие бастауы

Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.

Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.
Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері педагог- ғалымдар С. Қалиев, М.Смайылова, М.Оразаев, С. Ұзақбаева, К. Қожахметова,  Ж.Б. Қоянбаевтардың еңбектерінде жан-жақты сөз болған.

Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы сол халық отбасы тәрбиесінің де өзіне ғана тән мәдени құндылықтары қалыптасады.

Қазақ отбасы тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктері оның халықтық педагогика мұраларының мазмұны мен түрлерінде бейнеленген. Көне заманнан-ақ қазақ халқында жазбаша педагогикалық еңбек жазып қалдырмаса да білгір педагогтар, тәрбиешілер, ұстаздар болған. Олар өз көзқарастары мен әрекеттерінде белгілі бір дәстүрлі дүниетанымды ұстанып, халықтың мұраттары мен арман тілектеріне сүйеніп отырған.
Қазақ отбасында дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген. Қазақ отбасында аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудың мақсаты жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу болды.Отбасындағы дене тәрбиесінің мақсаты бала денесін дамыту, денсаулығын нығайту, ағзасын шынықтыру және күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу болды.
Қазақ халқы еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күретамыры деп қарастырды. Еңбекке асыл мұрат деңгейінде қарады. Еңбек тәрбиесі деп баланы еңбекке сүйіспеншілікпен, еңбек адамдарына құрметпен қарауға, халық шаруашылығының салаларындағы еңбек түрлеріне баулу, еңбек іс – әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру, болашаққа мамандық таңдауға дайындауды түсінді. Отбасында еңбекке тәрбиелеу, баулу мен кәсіптік бағдар беру баланың қоғамға пайдалы , өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген сапалы көзқарасты тәрбиелеудің, жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады. Қазақ отбасы баланы қоғамның моральдық нормасын орындауға қатыстыру, олардың тәртіп және мінез құлық тәжірибесін қалыптастыру, Отанға, халқына, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке жауапкершілік сезімін тәрбиелеу арқылы адамгершілікке тәрбиелей білді.
Сондай-ақ, қазақ отбасында адам зиялылығының негізі – ақыл-ой тәрбиесі деп есептелінді. Ақыл-ой тәрбиесі арқылы баланы ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорымен қаруландыру, негізі ойлау операцияларын меңгерту, зиялылық біліктері мен дүниетанымын қалыптастыру міндеттері шешілді. Тәрбиенің басқа да салаларымен тығыз байланысты тәрбиенің түрі экономикалық тәрбиеге де қазақ халқы ерекше мән берген. Қазақ халқы бала тәрбиелеуде экономикалық тәрбие деген ұғ,ымды пайдалабағанымен, тәрбиенің бұл түрі отбасында мақал, өсиет айту, өнеге көрсету арқылы жүзеге асқан. Мысалы, «Еңбегі қаттының ембегі тәтті», «Еңбек- өмірдің тұтқасы, тіршіліктің көзі», « Еңбек – түбі береке», «Үнемшілдік-сараңдық емес», «Ескі киімді баптағаның, жаңа киімді сақтағаның», «Сараң дүниенің малын жыйса да тоймайды» деген мақалдары дәлел бола алады. Бұл ата-бабамыздың экономикалық тәрбиенің негіздері еңбек тәрбиесінде екенін жақсы түсінгенін байқатады. Қазақ отбасында экономикалық тәрбие арқылы айырбас, бөлісу және табыс табу сияқты негізгі экономикалық қатынастарды тәжірибеде меңгеру жүзеге асты.
Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін бөліп қараған. Ұлды мал бағуға, отын шабуға, қолөнер шеберлігіне, мал табуға, отбасын асырауға, ал қыз баланы ас пісіруге, кесте тігуге, өрмек тоқу сияқты үй ішінің ішкі жұмыстарына үйрету арқылы экономикалық тәрбиенің көзі болып табылатын үнемшілдікке, тәуекелшілдікке үндеп, сараңдыққа салынып кетуден жирендіріп отырған.
Қазақ халқының күнделікті кәсібінде, тұрмыс- тіршілігінде төрт-түлік мал бағу, аң аулап кәсіп етуді ұйымдастыруында да экономикалық тәрбиенің нышандары айқын аңғарылады.. Мәселен, «Мал өсірсең – қой өсір, өнімі оның көл-көсір» деп қой малының пайдасының зор екенін ұғындырса, ешкінің өсімталдығымен оның да пайдасы көп екендігін: «Есің кетсе ешкі жи, ешкі жи да, есіңді жи» деп нақты ұғымды кеңестер береді.
Ал, ата-бабаларымыздың қоршаған ортаны аялауы мен оған деген,ізгі, мейірбан қарым-қатынасын мақтанышпен айтуға тұрады. Себебі олар көшпенді өмір сүргендіктен әркез өздерін табиғаттың бір бөлігіміз деп есептеген. Жер Анаға деген құрмет пен ізет олардың санасында ғасырлар бойы қалыптасқан.
Сондықтан, экологиалық нормалардың, ережелердің қажеттілігін жастардың мінез-құлқында тәрбиелеу және экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру әрекеттері қазақ отбасында бала аяғы шығып, апыл- тапыл жүре бастаған кезден-ақ қолға алынған. Мысалы, баланың тұсауын көк шөппен кесудің терең тәрбиелік мәнімен бірге тірі табиғатқа деген көзқарасын білдірген. Қазақ отбасындағы тәрбие құралдарының бірі болып есептелетін тыйым сөздердің мазмұны ата-бабаларымыздың экологиялық тәрбиеге зор мән бергенінің дәлелі болып табылады. Мәселен «суға дәрет сындырма», «көк шөпті жұлма», «отқа түкірме» және т.с.с.
Қазақ халқы адамның сұлулық сезімдерінің тұлға өмірінде зор рөл атқаратынын жете түсінген.Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады және өнер деп білген.Қазақ отбасындағы сұлулық тәрбиесінің мақсаты баланы көркемдік пен сұлулықты тануға, оған баға беруге, күнделікті өмірдегі адамның жеке басының, қатынас, үй-жағдай және киім-кешек мәдениетін,сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасуының қалыптастыру және талғампаздыққа тәрбиелеуді көздеді.
Қазақ отбасында баланың ерте есеюіне көп көңіл бөлген . Оны жүзеге асыруда олар үлгі-өнеге көрсету, жауапкершілікке арту әдістерін шебер пайдаланған. Баланы ерте жастан-ақ жауапты іс-әрекетке тартып отырған. Мысалы, бес жасында атқа мінгізіп, бәйгеге қосу, қозы баққызу, үлкендердің арасындағы дауды шешу, келіссөз жүргізу т.с.с. істерге бірге ертіп жүрген. Сондай-ақ қазақ отбасы тәрбиесінде ғасырлар бойы қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан отбасы мүшелерінің қатынасының маңызы зор.Қазақ халқының отбасы тәрбиесіндегі өзіне тән жарасымдылықтын бір ұшы олардың жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде деп есептемейміз. Және қазақ отбасындағы бала тәрбиесін ұл тәрбиесі, қыз тәрбиесі деп жеке- жеке мән беріп қарастыруда оның өзіндік ерекшеліктерінің ішіндегі маңыздысының бірі.
Үлкенді құрметтеу отбасы мүшелерінің бір-бірінің тәрбиесіне жауапкершілік, борыштылық, адамгершілік сезімдерін туғызған.
Қазақ отбасындағы арнайы жазылып бекітілмеген «заңдары» әке мен ұлдың, шеше мен қыз баланың, әке мен қыздың , қыз бен жеңгенің, келін мен ененің, келін мен атаның, нағашы мен жиеннің, бажа, жезде, бөлелердің арасындағы өзара қарым- қатынастары әрқайсысын әдептілікке тәрбиелеудің ерекше қымбат үлгісі іспетті.
Егер  жапон халқы басқалар үшін тұйық халық болса, онда ағылшын халқы басқаларды қойып, өз ішінде тұйық халық. Олардың  отбасындағы  әр адам жеке өмірінің құпия болғанын қалайды. Бір сөзбен айтсақ, ағылшындықтардың жаны-өз үйінен де жақын, яғни берік  қамалмен тең. Басқа халықтар үшін  жанұя қиыншылық пен қуанышты бірге бөлісетін ең басты байлық болса, ағылшын халқы қиыншылық кезінде жақындарынан көмек күте қоймайды. Тіпті  жақындарына көмек көрсетуді  өз жауапкер- шіліктеріне алмайды.

Ағылшын халқында ең алғашқы сәби дүниеге келісімен (бай болса да) отбасындағы бар байлық  тек сол балаға ғана мұраға беріледі. Оның басқа іні, сіңлілері болғанымен оларға  ештеңе берілмейді олар өз  тірліктерін өздері жасайды. Француздар мен  немістерге қарағанда ағылшындар қыз баланың  жасауына да аз көңіл бөлген. Олар баланың өмірін қамтамасыз еткеннен гөрі, олар талпынған сәтте ұядан  итеруге әрекет етіп, өздіктерінен ұшуға жағдай жасайды.

Ағылшын  әжелері  өз немерелерін өте жақсы көргенімен, тек сенбі, жексенбі күндері ғана немерелерін қонаққа шақырып, күтеді немесе  ата-аналары демалыста жүргенде бір-екі апта ғана немерелеріне қарайды. Бірақ олар тегін және үнемі  бала бағушы болуға ешқашан да келіспейді.

Ағылшын отбасы баланы  ішкі әлемінен аз қорғайды. Олар баланы  өз ортасында, өз құрбыларымен қатар  өскендіктерін қалайды. Сол себепті  бала кішкентай кезінен бастап  өз өзіне жауап бере алатын және әлеуметтік жауапкершілігі бар тұлға болып қалыптасады.

Ағылшын жасөспірімінің   білімі аз болғанымен,  қарым-қатынаста адамгершілік қасиетінің жоғары екенін, үлкендер арасында   басқа  шет елдік құрбыларынан гөрі өзін өте жақсы ұстай алатындығын көрсете біледі. Өзінің жанұясына жақындығы да аз сезіледі, алайда  қоршаған әлеуметтік ортада өзінің  құқығы мен міндеттерін жақсы біледі.

Әлеуметтік жауапкершілікке  тәрбиелеу  Британияда ең басты адамгершілік характердің бірі болып есептеледі. Саяси-қоғамдық жауапкершіліктер белгілі бір жаттығулар мен оқытудың арқасында емес, олар бала бойына ағылшын біліміне бағытталған тәрбие мен әр түрлі  бағыттағы еркін еңбектің өмірлік тәжірибелері арқылы сіңіріледі.

Өз қалау бойынша  еңбекке араласу  ағылшындықтар үшін  кең таралған және  игі іс болып есептеледі. Өз сөздеріне қарағанда ағылшындықтар  қызметтік міндеттемесі жоқ кез- келеген жұмысқа  өте үлкен  ықыласпен беріледі, ал қоғамдық міндет олар үшін  «әлеуметтік хобби».

Қорыта айтқанда, ағылшындықтарУ.Черчиллидің : «Егер жалғыз ағаш тірі қалса, ол мықты болып өседі» деген сөзін көп қолданғанды жақсы көреді  екен. Ал Лондонда: Француз жанұя мен мемлекет тұрғысынан  ойласа, ағылшындықтар үшін жеке тұлға мен қоғам ең басты бағыт.  Бүгінде  жаңашыл  Ұлыбритания мектептерінде адамгершілік пен ұлтжандылық тәрбие мәселелерін қарастыратын  жаңа реформа жасалған.

0 дауыс

Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.
Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.
Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі.
Ата-асқар тау,
Ана – бауырдағы бұлақ,
Бала жағасындағы құрақ – деп ата-ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаларсың.
Отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі.
2006 жыл – Қазақстан Республикасында Отбасы жылы болып жарияланды. Осыған орай С.Бегалин атындағы Мемлекеттік республикалық балалар кітапханасы, назарларыңызға «Отбасы – тіршіліктің тірегі...» атты әдістеме – библиографиялық жинағын ұсынады.
Құрал – мұғалімдер мен оқушыларға ғана емес, ұрпақ өсірер, оның келешегін ойлар иісі қазаққа арналып жазылған деп ойлаймын.

 

ОТБАСЫ – ОТАНЫМЫЗДЫҢ ОШАҒЫ

Отбасында адам бойындағы асыл
қасиеттер жарқырай көрініп,қалыптасады.
Отанға деген ыстық сезім – жақындарына,
туған-туысқандарына деген
сүйіспеншіліктен басталады.
Н.Ә.Назарбаев

Көшпелі және рулық-тайпалық негізде құрылған халықтарда туыстық байланыстар қоғамдық қарым-қатынастың негізін қалайды. Рулас ағайын, туыс, жақын туыс, аталас, бір ата баласы, бір әке баласы арасында туыстық байланыстан туындайтын парыз бен қарыз міндеттер өте көп. Олар қазақтың ғұрыптық заң-салттарымен бекітілген.
Отбасында негізгі туыстық қатынас - ерлер жағымен есептелген. Сонымен қатар әйел жағымен де туыстық байланыстардың атаулары бар. Қыздан туған балаларды жиен деп атап, балалар үшін шешесінің туыстары нағашы, нағашы жұрт деп аталды. Қазақ салты бойынша жиенді ренжітуге болмайды, сұрағанын беріп, көңілін жықпауға тырысқан.
Жалпы алғанда, қазақтың туыстық қатынас атаулары 90ға жетеді.
Көнекөз шежіреші қариялар бір атадан келесі атаның баласын, туыстық тармақтарды еш қиналмастан-ақ тарқата береді. Осылайша, тарихи оқиғалар, аңыз-әңгімелер атадан балаға жалғастырылады.
Туыстық жүйенің ең негізі, бел ортасы - отбасы саналады. Барлық алыс-жақын туыстық – осы отбасынан есептеледі.
Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол – ата, әке, бала.
Аталар мен апалар ауыл-аймақ, ағайын арасының берекесі, ақылшысы болып келеді. Олардың әрқашанда мәртебесі биік болып, сый-құрметке бөленген. Өйткені, үлкенді сыйлауды қадір тұтқан қазақ салты бойынша көргені мен тұрмыста түйгені көп, тәжірибесі мол адамның сыйға бөленуі заңды құбылыс деп танылған. Үлкенді сыйлау, ақылын тыңдау көргенділік деп есептеледі.
Дәстүрлі қоғамда ата-апаның тәрбиесін көрмей өскен бала болмаған. Ата-апалар жыр, дастан, ертегі айтып немере-шөберелерін рухани байытып тәрбиелеп отырған.
Қазақтың ежелгі дәстүрі бойынша тұңғыш немересін атасы мен апасы өз қолына алып, немере ыстық болғандықтан балаларынан да артық көріп, тәрбиелеген. Тұңғыш немерелер ата-апасын өз әке-шешесіндей санап, туған әке-шешесін тек қана өскеннен кейін де танып жатады. Кейде тұңғыш немересі кенже ұлының орнына, атасының қара шаңырағына ие болып та қалатын жәйт кездеседі.
Әке - әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен апалардың орны ерекше.
Әке үйі барлық балалары үшін үлкен үй, қара шаңырақ деген киелі ұғымдармен сыйлы да құрметті.
Қара шаңырақ, үлкен үй деп атайтын әкенің үйіне болашақта кенже ұл ие болып, қарттарды бағып-қағатын, көне салт бүгінгі қазақ отбасыларында да сақталған. Ал үлкендері үйленіп үй болысымен еншілерін алып, бөлек шыққан. Жасы кіші болса да кенже иеленген үлкен үй басқа жасы үлкен туыстары үшін де қадірлі, қасиетті үй ретінде саналған.
Қазақ қоғамындағы әйелдердің орны жайлы әңгімелегенде, Орта Азияны мекендеген басқа халықтардың әйелдерімен салыстырғанда қазақ қыздары мен әйелдерінің анағұрлым еркін болғанын айтқан жөн. Олар жүздерін жамылғылармен бүркемей, ашық өмір сүрген. Дегенмен, қазақ әйелдері үшін басты міндет – отбасы беріктігін сақтау, бала тәрбиелеу, ерлерін барынша сыйлау, рухани қолдау көрсету болып табылады.
Түйгені көп шешесі қызымен, келінімен өмір тәжірибелерін бөлісіп, болашақ үлкен өмірге дайындайды. Туыс ағыйындардың әйелдері – абысындардың қарым-қатынасы өзара көмек пен түсіністікке, берекеге құрылады. Сондықтан да, «Абысын тату болса, ас көп, ағайын тату болса, ат көп», - деген.
Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер білімі ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: « Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көргенді бала екен, өнегелі жерден шыққан ғой», - деп мадақтайды.
«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей, отбасында ұлдар әкелері немесе аталарының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп өскен. Шығармашылықта, ақындықта танылған жас баланың тәрбиесіне аса назар аударылған. Ата өнерін ұрпағының қууы, оны мирас етуі қазақ отбасыларында жиі кездесетін дәстүр. Билік, батырлық, әншілік, серілік, мергендік, аңшылық, зергерлік сияқты ата-баба өнерін жеті атасына дейін жалғастырған әулеттер қазір де баршылық.
«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейтін қазақ қыз балаларының тәрбиесіне аса үлкен назар аударды. Кәмелетке толғанға дейін бойжеткен болашақ отбасы өмірінің басты міндеттерінен сабақ алды. Ол ерінің адал жары, ана болу, отбасы беріктігін сақтаушы қызметіне, шаруашылықтың барлық жақтарын игеріп жүргізуге, қонақты лайықты қарсы алуға, туыстарын сыйлап қадірлеуге дайындық тәрбиесі. Көргенді отбасылары қыз баланы «қонақ» деп мәпелеп, қадірлеп өсірген. Қыз баланың тәрбиесіне ең бірінші анасы жауапты болған. Сондықтан қазақ «Шешесіне қарап қызын ал» – деген.
Ұзатылып келген қалыңдық үйлену тойының ертеңінде бүкіл ру, әулет, ауылға келін болып саналады. Өзі аттаған босағасының, рудың адамы санатына қосылып кетеді.
Қазақ жақсы келінді қызынан кем көрмеген.
Қазақ дәстүрінде үлкеннің атын атамай, тіріде өзін, өлгенде аруағын құрметтеу - жақсы келіннің әдептілігі мен тәрбиелілігінің айғағы.
Тұрмыстағы көргені мен түйгені, ақылдылығы, парасатты келінді есейе келе, ауыл-үй құлақ салып ақылдасатын ана дәрежесіне көтереді.
Қызына құда түсіп, айттырған күннен бастап жігіт қыз ауылы үшін күйеу атанып кете барады. Күйеу қайын жұртында төрге шықпайды, оған сыбағалы асы деп асықты жілік пен төс тартылады.
Әрине, жасы егделеген сайын, күйеудің әлеуметтік мәртебесі де жоғарылайтыны белгілі. «Күйеу қартайса құда болады», сөзі осы уақыт аралығында күйеу жақтан әлденеше қыз алысып, қыз беріскендігін, күйеудің де беделді адам бола бастағандығын айғақтаса керек. Қазақтың «Күйеуді қызым үшін сыйлаймын» деген сөзінде де үлкен мән бар.
Әуезов М. Абай жолы: Бұл романда жазушы Құнанбайды асқан сүйіспеншілікпен жетер жеріне жеткізе суреттейді. Құнанбай Абайға әке ғана емес, заманның үлкен қайраткері, әрі үлкен тұлғасы. Ал, Абай ойы, Абай даналығы, Абай тереңдігі – тазадан тазалыққа, биіктен биіктерге шақырар жанның жарық жұлдызына айналған. Мұндай эпопеяны халқын шын сүйген адам ғана жаза алады. Бұл эпопеясы болмаса қазақ өмірі, оның кім екендігі дәл сондай құдіреттілікпен дүниеге танылмас еді. « Абай жолы» халқымыздың ақыл – ойын биікке көтерген, әрбір отбасының сүйіп оқитын, тәлім-тәрбие алатын туындысы болды.

ОТБАСЫНЫҢ БЕРЕКЕСІ – ИМАНДЫЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ...

Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш, қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі. Дәстүрлі қазақ қоғамында адамның имандылығына – мінез-құлық жүйесіндегі ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінген. Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс қалмаған.
Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналған. Қоғамда берік қалыптасқан осындай көрегенділікпен өмір кешу дағдылары жинала келіп, барша адамгершілік қағидалардың, Имандылықтың жазылмаған кодекстерінің қалыптасуына негіз болған.
Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты «көргенді» деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды «иманды» деп атаған. Мұсылмандық дүниетаным бойынша Имандылық иманнан пайда болады. Ал иман – жүректегі нұр, нұрдың сыртқы болмысы, яғни Имандылық. Алла тағалаға иман еткен адамға бітетін көркем мінез. Алла жіберген әрбір пайғамбарының міндеті – иман мен Имандылыққа уағыздау деп саналған. Ең соңғы пайғамбар Мұхаммед «Мен ең ғажап көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім»,- деуі арқылы әлемдегі тәлім-тәрбие мен имандылықтың қаншалықты маңызды екенін көрсеткен, Имандылыққа өзі бірінші үлгі болған делінеді. Алла тағала адамды иман мен имандылық үшін жаратқан, сондықтан: «Алланың мінезінен үлгі-өнеге алыңдар» (Мұхаммед пайғамбар),- деп уағыздалады. Имандылықтың негізін мұсылмандар Құранда деп біледі. Құран Кәрімнен ең көп үлгі алған Мұхаммед пайғамбардың мінезі жайлы Хазіреті Айша: «Оның мінезі - Құран»,- деп жауап берген. Ізгі істер діни ұғым бойынша Имандылық болып табылады. Қазіргі зайырлы өркениетті қоғамда имандылық – аса қастерлі, биік адамшылық қасиет ретінде ұсынылады.
Шәкәрім Құдайбердіұлының Иманым атты жинағында жаратылыс жұмбағы, Алла мен адам қарым-қатынасы, иман жайлы жазған туындылары қамтылған. Ой бастауы Құран Кәрімнен құйылар Шәкәрімнің сыр сөздері бүгінгі қоғамның тынысымен үндес екендігі даусыз. Қазақ қауымының ғана емес, жалпы адамзат баласының рухани қазынасы үшін өлмес өсиет қалдырған Шәкәрім бабамыздың асыл мағыналы сыр сөздерінің жылдар өткен сайын жаңғыратыны шындыққа айналып отыр. Сондықтан да «иманына қазақтың талапты жастарын таныс қылмақ үшін Шәкәрім бұл жинағында»:
«Қырықтан соңғы қырымды,
Сынамақ болсаң түрімді,
Көрейін десең нұрымды,
Жи-дағы оқы жырымды»,
немесе
Қырықтан соңғы иманым,
Отыз жылдай жиғаным,
Көп ғалымның сөзінің
Ақылға алдым сыйғанын,-
деген екен.
Г.Сандыбаеваның «Иманды қыз, сүйікті жар, аяулы ана» кітапшасында мұсылман қыздары үшін ғибраты мол хадис тағылымдары сөз етіледі. Сыры мол хадистердің құпия астарын талдап түсіндіріп, салиқалы оқырманға исламның інжу – маржанын шашады. Ислам өнегесінен тәлім алуға асыққан, имандылықты жаны қалайтын қыздарға арналған.
«Ислам шариғатын ұстанумен молда болармын» деген қате көзқарастан аулақ болу керек. Дін – деген сенім. Алла тағаланың Жаратушы күш екеніне, Құран Кәрім мұсылман қауымның Конституциясы екеніне сеніп, амал қылған дұрыс.
Имандылыққа қарама-қарсы жағымсыз сипат – имансыздық.
Қоғамның қуат тірегі – отбасы. Сол отбасының бекем болуы көбіне әйел адамдарға байланысты. Алайда әйелдер хұқығы исламға дейін мүлдем адам төзгісіз еді. Арабтар әйел затының ар-намысын қорлап, қажет десеңіз қыздарын тірідей жерге көмді: әйелдер хұқығы тек арабтарда ғана емес, бүкіл дүние жүзі халықтары арасында мәз болмай, ар-намысы тапталып жатты.
Үнділерде әйелдер мүлік қатарында қаралып, ерлерінің жеке меншігі саналды. Сати заңы бойынша өлген ерімен бірге әйелі де өртенген. Мұндай өлім қасиетті, еріне шын берілу тұрғысында саналғанымен кімнің өлгісі келеді? Сөйтсе де оларды күштеп өртеп отырған. Оның үстіне жесір қалған әйелдерге тұрмыс құруға тиым салу заңы тағы болды. Осындай тағылық заң тек ХІХ ғасырдың ортасында ғана күшін жойды.
Басқа елдерде, мысалы, Жапонияда әйелдерге көпшілік табынатын орындарда табынуға тиым салынған. Қытайда да шіркеуге әйелдерді енгізбеген: Рим Заңы бойынша әйел еріне басыбайлы болып, өзіне тиісті дүние-мүлікке де ие бола алмаған. Сол секілді өзіне бала да асырап ала алмаған.
Ислам діні ерлер мен әйелдерді теңестіріп, бірдей құқық берді. Әйелдер еркін дем алып, өзінің қасиетті борышы аналық парыздарын еркін атқаруға мүмкіндік алды. Ислам әйелдерге құрметпен қарауға үндеді. Тірідей қыздарын көметін тағылық қағиданы жойды. Кімде-кім үш қыз бала тәрбиелеп өсірсе, ол жәннатқа кіреді деп есептейді. Мұндай көзқарас әлбетте, әлемде тыныштық пен берекет, бақыт болып, ұрпақтың жалғасуына, адамзаттың өсіп-өркендеуіне игі әсер етті. Құранда ерлер мен әйелдер тек тең құқықты ғана емес, бірін-бірі толықтырып, кемелдендіріп отыратын жаратылыстар. Иманды ерлер мен иманды әйелдер бірдей мейір-шапағатқа ие болады.
Ислам діні отбасының бұзылмауына ерекше мән береді, шаңырақ шайқалмауын көздейді. Сондықтан шариғат заңында неке мәселесі ерекше орын алады. Өйткені кішкентай сол отбасынан қоғам құрылады. Отбасы нық, әрі тату болса, қоғамда да жайлы тұрмыс орнайды. Ер мен әйел адамзаттың ұрпақ тарататын негізгі факторы. Олар бір-бірінсіз өмір сүретін болса, ұрпақ жалғаспай, тоқырауға ұшырайды. Жер бетіндегі тіршілік жоғалып, өшіп-сөнеді. Рухани тұрғыдан бұл екеуі бір-бірінен ажырағысыз, туысқан. «Ердің де өзіне тән тиісті міндеттері, әйелдердің де өзіне тиісті міндеттері бар. Міне, осы тиісті міндеттерін дұрыс бөліп атқарса, онда қуаныш та, өмір мәні де толық болады»,- делінген Құранда.
Исламның қағида-ережелері, қазақ халқының қағида-ережелерімен астарласып, қабысып кеткен, әрі ұзақ жылдар бойы өмірде қолданылып келген. Өз ата бабаларымыз екі етпей орындаған, әрі заңдарына айналдырған осынау қағида-ережелерді есте ұстаған ләзім.
Жас ұрпаққа мұсылмандық қағидаларын таныстырып түсіндіру әрі парыз, әрі сауабы мол іс. Міне, белгілі шығыстанушы М.Өсерұлының «Мұсылмандық қағидалары» кітапшасында мұсылмандықтың қағида – ережелері қарапайым да әсерлі түрде жан – жақты әңгімеленеді.
Ал, «Құран хикаялары» атты кітапта пайғамбарлар өмірбаянына, дін тарихына байланысты сан алуан оқиғалар іріктеліп алынған.
Ислам дінінің негізгі мәліметтеріне қоса, бұл кітаптың танымдық, тәрбиелік маңызы да өте зор.

0 дауыс
Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.

Атыраудан Алтайға,  Оралдан Алатауға  дейінгі  ұланғайыр өңірдің  тауын жайлап, құмын  қыстаған  қазақ жұрты «Жері байдың, елі бай» дейтін  қағидадан  аумай,  сайын даласының салқар ұлындай  мамыражай  күй кешсе, оның бәрі  айналып келгенде, ұлтымыздан  сіңген қасиет, ұстанған салт-дәстүрлерінің  қайтарымы деп түсінгеніміз жөн. Өйткені ұрпақ  жалғастығын бәрінен жоғары қою, өле-өлгенеше  баласына қамқорлық көрсету әлемінің бірқатар елдеріндегі дәстүр.

Қазақ отбасында әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген.
Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі отбасында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.

Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған.

Ұлттық салт-дәстүрімізді білу, оның  астарын  түсініп,  атадан балаға  мирас ету қазіргі  таңда әсірісе қазақ  қыздары үшін  ауадай қажет. «Қыз тәрбиелей отырып- ұлтты  тәрбиелейміз» деген қанатты сөздің өзі қыз бала  тәрбиесінің қаншалықты маңызды екенін білдіреді.

Қыздың  бойындағы ізеттілік, көргенділік нәресте  кезінен ана сүтімен  бойына сіңген. Қатты күлмеу, айқалап сөйлемеу, үлкеннің жолын кеспеу, ыдыс –аяқты сылдырлатпау, алдымен  кіріп, артымен шығу, есікті теуіп ашпау, босағаны кермеу, үлкендерден жоғары отырмау тәрізді тіпті қыз баланың отырысына, жүрісіне, киім киісіне, дауыс ырғағына дейін мән берілды.  Мейірім бала кезден, ең жақын адамын сүюден басталады. Әрбір қыз балаға  ата-анасын,  туыстарын,  ұстаздарын сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін ,жерін, халқын сүйетін,  өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жақсы көретін қамқор ана,  қайратты жан, нәзік ару шығатыны сөзсіз. Қыз баланың жақсы болып өсуіне оның өскен ортасының, бірге жүрген құрбы-құрдастарының, дос-жарандарының да әсері күшті. Қазақтың «Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол», «Қызға қырық үйден тыйым» деген нақыл сөздері сол өмір тәжірибесінен алынған. Сонымен қазіргі заманғы қыздардың бойынан: ақылдылық, инабаттылық, сымбаттылық, көріктілік және де іскерлік қасиеттері де табылуға тиіс. Халық «Өнерсіз қыздан без, өнегесіз ұлдан без» деген. Ұлы Абай атамыз «Ары бар, ақылы бар, ұяты бар ата-ананың қызынан қапы қалма» деген екен.

Қыз баланың тәрбиесі ата-анаға да  үлкен сын еді. Бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін көрсетеді. Ана-барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі. Ол адамды адам етіп тәрбиелейді.  Жүн түт, жіп иіру, шекпен тоқу, кесте тігу, құрақ құрау, кілем тоқу, көрпе көктеу, т.б. өнерді қыздарына бөгде босағаға бармай тұрып – ақ үйреткен. Сондықтан ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тәрбиелеу ананың және барша қауымның міндеті. «Қыз» ең қасиетті сөз. Қасиетті болатыны бүкіл адамзат қыздан тарайды: қыз келін болады, келін анаға айналады, ал ана әже деген зор дәрежеге жетеді.Осы үшеуі арқылы ұрпақ өсіріп, ұлт қатарын көбейтеді. Қыз абыройы - болашақ отбасының, босағаның беріктігіне қатысты мәселе. "Қыздық жолы жіңішке" деп, оның абыройын сақтауын қатаң қадағалап отырған. Қыз баланың абыройы оның ақыл-парасатына, инабаттылығына, махаббатты жоғары бағалауына байланысты. Әр әке-шеше, туған-туысқан, бауыр өз қыздарының абыройлы болуына ерекше мән беріп, қадағалайды, әсіресе қыз тәрбиесіне анасы жауапты. Халқымыз бойжеткен қыздың алдына келешектегі өмірлік міндеттерін қойып, орындап отыруды қыздық абыройы деп санаған.
Олар: ізетті болу, әсем киіну, әкені күту, шешені сыйлау, дөрекі сөйлемеу, қабаң шытпай жүру, үлкендердің алдынан кесіп өтпеу, ұқыпты болу, өсек айтпау, ұрпақ тәрбиесінен хабардар болу, ұлт дәстүрлерін құрметтеу, ана тілін ардақтау, орынсыз сөз айтпау, арқан, жіп есе білу, сиыр сауа білу, кілем тоқып, кесте тіге білу, т.б. секілді мінез-құлықтық қасиеттер мен дағды икемділіктері.

Қыздың  намыс мен ары, адамгершілігі оның  оқуға, қоғамдық пайдалы істерге, отбасына, құрбы-құрдастары мен ұжымға  қарым-қатынасына байланысты. Әрбір қыз балаға ата-анасын, ұстазын сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін,өз шаңырағын ардақтайтын,  балаларын жанындай көретін қамқор ана,  қайратты жан, нәзік ару  шығары сөзсіз. Қыз баланың  бойына сыпайлық, мейірбандық, адалдық, сезімталдық және  еңбекқорлық сияқты қасиеттерді кішкентайынан бастап дарытуды халқымыз өте  ежелден қолға алған. Қазақ қызы өзіне өмірлік жолдас,  жар таңдауға ерекше жауапкершілікпен, сақтық, ұстамдылықпен қарап, оның маңызын санасымен аңғарып, жүрегімен түйсінген. Бұл істе ұшқалақтыққа, орынсыз тәуекелге жол беруді өмірлік қауіп санаған.

Қалыңдық үшін де болашақ күйеуінің мінез-құлқы, ой-өрісі мен мәдениеті, білімі мен  инабаттылық болмысы, жақсы- жаман  әдеттері жайында жақсы білу өте маңызды. Бүкіл зиялы қауымның   міндеті- бір жағынан,  бұл мәселелерді тереңірек зерттеу, оларға  жаңаша қарау  болса, екінші жағынан, оларды тәрбие  жұмысына, әсіресе, жастар тәрбиесіне  пайдалана білу.

Қыз баланы құрметтеп, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болып,  ер-тұрманы әшекейленген сұлу жорғаларды  қыздарына, қарындастарына мінгізіп, киімінің әсем - сәндісін,  әшекейлі бұйымдардың жақсысын қыздарына  арнап, жиын-тойларда қыз баланы әр уақытта сыйлы орынға отырғызған. Жаңа түскен  жеңгелері де  қайын сіңлілерін атымен атамай «Еркемай», «Шырайлым» деп еркелеткен. Ар-намысын жоғары ұстай білген қыз ғана жұрт алдында әрдайым абыройлы сыйлы.

«Қыз өссе-елдің көркі» - дегендей  Ел, сәні, елдің көркі қыздардың шырайланатыны шындық. Халқымыздың қыз балаға деген құрметі  ежелден ерекше болған. «Қызды төрге  отырғыз, төреңдей күт» дейтін халық қыздарын бақыт құсына балап, әлпештеп, аялаған.  Қыз баланың тәрбиесі ата-анаға да үлкен сын. Қыздарымыздың асыл қасиеті-жан дүниесі нәзік, адал махаббат иесі болғандығын, дәулетке, байлыққа қызықпағанымен жыр-дастандардан білеміз.  Қыз баланың әдептілігі сөйлеген сөзінен, істеген ісінен, мінез-құлқынан, әр түрлі  жағдайда өзін-өзі ұстай білуінен, жолдас-жораларымен  және жай былайша адамдармен арақатынасынан, жалпы барлық жүріс-тұрысынан көріп тұрады.  Қыз баланы әдепсіздігі оның бақытты болуына, өсіп өнуіне үлкен нұсқан келтіреді.  Қыз баланың шашын қырқуы, кісінің бетіне тік қарау, ер адамның  алдын бұландап  кесіп өтуі, қыдырымпаз,  сауықшыл болуы үлкен мін болып саналады. Сондықтан «қызға қырық үйден тыйым» деп, қыздарға қырағы қарайды. Қызды  жанының нәзік сезімталдығы, үй тірлігіне жақындығы,  ертеңгі  ана болу ерекшелігі тәрбиеде ұл балаға қарағанда біраз өзгеше қарым-қатынасты қажет ететіні анық. Сондықтан, қыз ибасы, қыз әдебі дегенге жеңіл-желпі қарауға мүлдем болмайды.  Қыз баланың тым әлем-жәлем киініп, көзге түсуге тырысуы, орынсыз боянып-сылануы ерсі. Сонымен қатар, өзінің сырт пішініне, киім сәніне немқұрайлы, салғырт қарауы да келіспейді. Бұл оның тәрбиесінің жетімсіздігі, төмендігі.

Ерке қыз, иманды әйел, қасиетті ана солардан шыққан. Қазақтың батыл қыздары, ақын қыздары, ақылды қыздары ұлтты тәрбиеледі. Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі, қыз баланы тәрбиелеу деген сөз – ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Отбасы – қоғамның бір бөлшегі. Ал отбасының алтын қазығы - әйел адам. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі-өнеге көрген қыз бала бойжеткенде сол әдетін сақтайды.  Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі, қыз баланы тәрбиелеу деген сөз – ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Отбасы – қоғамның бір бөлшегі. Ал отбасының алтын қазығы - әйел адам. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі-өнеге көрген қыз бала бойжеткенде сол әдетін сақтайды.

Қорыта келе қыз баланың тәрбиесін үлкен жауапкершіліке алуымыз керек. Демек, болашақ жас ұрпақты адамгершілігі мол, иманды, өнегелі, өнерлі етіп тәрбиелеу - қазіргі отбасына үлкен міндет. Сонымен қазақ отбасында тәрбиенің негізі – ұлттық салт-дәстүрлер. Өз ұлтының намысын жоғары қоя білетін, елінің сөзін сөйлейтін жас ұрпақты баулыту, тәрбиелеу.

Әдебиеттер тізімі

1.  Ж.Байжанова. Қызым саған айтам. - Алматы, 1990

2.  К.А.Оразбекова. Иман және инабат. - Алматы, 1993.

3.  Г..Исаева. Шаңырақ шаттығы. - Алматы, 1992.

4. Оразбекова К.А. Ұлттық психология мен халық тәрбиесі болашақтың бастауы хақында. – А.: Дәуір, 2000
0 дауыс
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады. Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері педагог- ғалымдар С. Қалиев, М.Смайылова, М.Оразаев, С. Ұзақбаева, К. Қожахметова, Ж.Б. Қоянбаевтардың еңбектерінде жан-жақты сөз болған. Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы сол халық отбасы тәрбиесінің де өзіне ғана тән мәдени құндылықтары қалыптасады. Қазақ отбасы тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктері оның халықтық педагогика мұраларының мазмұны мен түрлерінде бейнеленген. Көне заманнан-ақ қазақ халқында жазбаша педагогикалық еңбек жазып қалдырмаса да білгір педагогтар, тәрбиешілер, ұстаздар болған. Олар өз көзқарастары мен әрекеттерінде белгілі бір дәстүрлі дүниетанымды ұстанып, халықтың мұраттары мен арман тілектеріне сүйеніп отырған. Қазақ отбасында дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген. Қазақ отбасында аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудың мақсаты жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу болды.Отбасындағы дене тәрбиесінің мақсаты бала денесін дамыту, денсаулығын нығайту, ағзасын шынықтыру және күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу болды. Қазақ халқы еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күретамыры деп қарастырды. Еңбекке асыл мұрат деңгейінде қарады. Еңбек тәрбиесі деп баланы еңбекке сүйіспеншілікпен, еңбек адамдарына құрметпен қарауға, халық шаруашылығының салаларындағы еңбек түрлеріне баулу, еңбек іс – әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру, болашаққа мамандық таңдауға дайындауды түсінді. Отбасында еңбекке тәрбиелеу, баулу мен кәсіптік бағдар беру баланың қоғамға пайдалы , өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген сапалы көзқарасты тәрбиелеудің, жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады. Қазақ отбасы баланы қоғамның моральдық нормасын орындауға қатыстыру, олардың тәртіп және мінез құлық тәжірибесін қалыптастыру, Отанға, халқына, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке жауапкершілік сезімін тәрбиелеу арқылы адамгершілікке тәрбиелей білді. Сондай-ақ, қазақ отбасында адам зиялылығының негізі – ақыл-ой тәрбиесі деп есептелінді. Ақыл-ой тәрбиесі арқылы баланы ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорымен қаруландыру, негізі ойлау операцияларын меңгерту, зиялылық біліктері мен дүниетанымын қалыптастыру міндеттері шешілді. Тәрбиенің басқа да салаларымен тығыз байланысты тәрбиенің түрі экономикалық тәрбиеге де қазақ халқы ерекше мән берген. Қазақ халқы бала тәрбиелеуде экономикалық тәрбие деген ұғ,ымды пайдалабағанымен, тәрбиенің бұл түрі отбасында мақал, өсиет айту, өнеге көрсету арқылы жүзеге асқан. Мысалы, «Еңбегі қаттының ембегі тәтті», «Еңбек- өмірдің тұтқасы, тіршіліктің көзі», « Еңбек – түбі береке», «Үнемшілдік-сараңдық емес», «Ескі киімді баптағаның, жаңа киімді сақтағаның», «Сараң дүниенің малын жыйса да тоймайды» деген мақалдары дәлел бола алады. Бұл ата-бабамыздың экономикалық тәрбиенің негіздері еңбек тәрбиесінде екенін жақсы түсінгенін байқатады. Қазақ отбасында экономикалық тәрбие арқылы айырбас, бөлісу және табыс табу сияқты негізгі экономикалық қатынастарды тәжірибеде меңгеру жүзеге асты. Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін бөліп қараған. Ұлды мал бағуға, отын шабуға, қолөнер шеберлігіне, мал табуға, отбасын асырауға, ал қыз баланы ас пісіруге, кесте тігуге, өрмек тоқу сияқты үй ішінің ішкі жұмыстарына үйрету арқылы экономикалық тәрбиенің көзі болып табылатын үнемшілдікке, тәуекелшілдікке үндеп, сараңдыққа салынып кетуден жирендіріп отырған. Қазақ халқының күнделікті кәсібінде, тұрмыс- тіршілігінде төрт-түлік мал бағу, аң аулап кәсіп етуді ұйымдастыруында да экономикалық тәрбиенің нышандары айқын аңғарылады.. Мәселен, «Мал өсірсең – қой өсір, өнімі оның көл-көсір» деп қой малының пайдасының зор екенін ұғындырса, ешкінің өсімталдығымен оның да пайдасы көп екендігін: «Есің кетсе ешкі жи, ешкі жи да, есіңді жи» деп нақты ұғымды кеңестер береді. Ал, ата-бабаларымыздың қоршаған ортаны аялауы мен оған деген,ізгі, мейірбан қарым-қатынасын мақтанышпен айтуға тұрады. Себебі олар көшпенді өмір сүргендіктен әркез өздерін табиғаттың бір бөлігіміз деп есептеген. Жер Анаға деген құрмет пен ізет олардың санасында ғасырлар бойы қалыптасқан. Сондықтан, экологиалық нормалардың, ережелердің қажеттілігін жастардың мінез-құлқында тәрбиелеу және экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру әрекеттері қазақ отбасында бала аяғы шығып, апыл- тапыл жүре бастаған кезден-ақ қолға алынған. Мысалы, баланың тұсауын көк шөппен кесудің терең тәрбиелік мәнімен бірге тірі табиғатқа деген көзқарасын білдірген. Қазақ отбасындағы тәрбие құралдарының бірі болып есептелетін тыйым сөздердің мазмұны ата-бабаларымыздың экологиялық тәрбиеге зор мән бергенінің дәлелі болып табылады. Мәселен «суға дәрет сындырма», «көк шөпті жұлма», «отқа түкірме» және т.с.с. Қазақ халқы адамның сұлулық сезімдерінің тұлға өмірінде зор рөл атқаратынын жете түсінген.Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады және өнер деп білген.Қазақ отбасындағы сұлулық тәрбиесінің мақсаты баланы көркемдік пен сұлулықты тануға, оған баға беруге, күнделікті өмірдегі адамның жеке басының, қатынас, үй-жағдай және киім-кешек мәдениетін,сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасуының қалыптастыру және талғампаздыққа тәрбиелеуді көздеді. Қазақ отбасында баланың ерте есеюіне көп көңіл бөлген . Оны жүзеге асыруда олар үлгі-өнеге көрсету, жауапкершілікке арту әдістерін шебер пайдаланған. Баланы ерте жастан-ақ жауапты іс-әрекетке тартып отырған. Мысалы, бес жасында атқа мінгізіп, бәйгеге қосу, қозы баққызу, үлкендердің арасындағы дауды шешу, келіссөз жүргізу т.с.с. істерге бірге ертіп жүрген. Сондай-ақ қазақ отбасы тәрбиесінде ғасырлар бойы қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан отбасы мүшелерінің қатынасының маңызы зор.Қазақ халқының отбасы тәрбиесіндегі өзіне тән жарасымдылықтын бір ұшы олардың жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде деп есептемейміз. Және қазақ отбасындағы бала тәрбиесін ұл тәрбиесі, қыз тәрбиесі деп жеке- жеке мән беріп қарастыруда оның өзіндік ерекшеліктерінің ішіндегі маңыздысының бірі. Үлкенді құрметтеу отбасы мүшелерінің бір-бірінің тәрбиесіне жауапкершілік, борыштылық, адамгершілік сезімдерін туғызған. Қазақ отбасындағы арнайы жазылып бекітілмеген «заңдары» әке мен ұлдың, шеше мен қыз баланың, әке мен қыздың , қыз бен жеңгенің, келін мен ененің, келін мен атаның, нағашы мен жиеннің, бажа, жезде, бөлелердің арасындағы өзара қарым- қатынастары әрқайсысын әдептілікке тәрбиелеудің ерекше қымбат үлгісі іспетті. Егер жапон халқы басқалар үшін тұйық халық болса, онда ағылшын халқы басқаларды қойып, өз ішінде тұйық халық. Олардың отбасындағы әр адам жеке өмірінің құпия болғанын қалайды. Бір сөзбен айтсақ, ағылшындықтардың жаны-өз үйінен де жақын, яғни берік қамалмен тең. Басқа халықтар үшін жанұя қиыншылық пен қуанышты бірге бөлісетін ең басты байлық болса, ағылшын халқы қиыншылық кезінде жақындарынан көмек күте қоймайды. Тіпті жақындарына көмек көрсетуді өз жауапкер- шіліктеріне алмайды. Ағылшын халқында ең алғашқы сәби дүниеге келісімен (бай болса да) отбасындағы бар байлық тек сол балаға ғана мұраға беріледі. Оның басқа іні, сіңлілері болғанымен оларға ештеңе берілмейді олар өз тірліктерін өздері жасайды. Француздар мен немістерге қарағанда ағылшындар қыз баланың жасауына да аз көңіл бөлген. Олар баланың өмірін қамтамасыз еткеннен гөрі, олар талпынған сәтте ұядан итеруге әрекет етіп, өздіктерінен ұшуға жағдай жасайды. Ағылшын әжелері өз немерелерін өте жақсы көргенімен, тек сенбі, жексенбі күндері ғана немерелерін қонаққа шақырып, күтеді немесе ата-аналары демалыста жүргенде бір-екі апта ғана немерелеріне қарайды. Бірақ олар тегін және үнемі бала бағушы болуға ешқашан да келіспейді. Ағылшын отбасы баланы ішкі әлемінен аз қорғайды. Олар баланы өз ортасында, өз құрбыларымен қатар өскендіктерін қалайды. Сол себепті бала кішкентай кезінен бастап өз өзіне жауап бере алатын және әлеуметтік жауапкершілігі бар тұлға болып қалыптасады. Ағылшын жасөспірімінің білімі аз болғанымен, қарым-қатынаста адамгершілік қасиетінің жоғары екенін, үлкендер арасында басқа шет елдік құрбыларынан гөрі өзін өте жақсы ұстай алатындығын көрсете біледі. Өзінің жанұясына жақындығы да аз сезіледі, алайда қоршаған әлеуметтік ортада өзінің құқығы мен міндеттерін жақсы біледі. Әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеу Британияда ең басты адамгершілік характердің бірі болып есептеледі. Саяси-қоғамдық жауапкершіліктер белгілі бір жаттығулар мен оқытудың арқасында емес, олар бала бойына ағылшын біліміне бағытталған тәрбие мен әр түрлі бағыттағы еркін еңбектің өмірлік тәжірибелері арқылы сіңіріледі. Өз қалау бойынша еңбекке араласу ағылшындықтар үшін кең таралған және игі іс болып есептеледі. Өз сөздеріне қарағанда ағылшындықтар қызметтік міндеттемесі жоқ кез- келеген жұмысқа өте үлкен ықыласпен беріледі, ал қоғамдық міндет олар үшін «әлеуметтік хобби». Қорыта айтқанда, ағылшындықтарУ.Черчиллидің : «Егер жалғыз ағаш тірі қалса, ол мықты болып өседі» деген сөзін көп қолданғанды жақсы көреді екен. Ал Лондонда: Француз жанұя мен мемлекет тұрғысынан ойласа, ағылшындықтар үшін жеке тұлға мен қоғам ең басты бағыт. Бүгінде жаңашыл Ұлыбритания мектептерінде адамгершілік пен ұлтжандылық тәрбие мәселелерін қарастыратын жаңа реформа жасалған.
0 дауыс
Отбасы - ұрпақтар арасындағы байланыс, рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы.
Отбасы институтын және неке мен отбасы қарым-қатынастарын нығайту,   отбасының беделін көтеру, отбасы және неке құндылықтарын насихаттау, ұрпақтардың әлеуметтік және мәдени сабақтастығын қамтамасыз ету үшін отбасы қарым-қатынастарында гендерлік теңдікке жету, азаматтық қоғамның тұрақтылығы мен орнықты дамуының факторы болып табылатыны белгілі.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабына сәйкес «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала қоғам мен мемлекеттің қорғауында болады».

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі отбасы-неке қатынастарын белгілейді және реттейді. Олардың негізгі принциптері - отбасында ерлі-зайыптылардың құқықтарының теңдігі, ал теңдікке жету қоғамдағы және отбасыдағы теңдікке бағытталуы тиіс, сондай-ақ балаларды отбасында тәрбиелеудiң басымдылығы, кәмелетке толмағандар мен мүгедектер отбасы мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау.
Сондай-ақ, келесі фактіні атап өткен жөн, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің  «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына Жолдауында, ана мен баланы қорғау, сонымен қатар неке және отбасы саласындағы заңнамалық базаны жетілдіруге  ерекше назар аудару қажеттігін атап өткен.

Ұзақ уақыт бойы, Қазақстандағы халықтың ділін ескере отырып, отбасы патриархалды-авторитарлық сипатта болды және тиісінше, көптеген түрі дәстүрлі отбасының ерекшелігіне тән, отбасылық қарым-қатынас және отбасылық мінез-құлық сипаты мен түрі бойынша ресми және бейресми деңгейде қоғамда қабылданған отбасылық мінез-құлық нормалары мен ережелерiне сәйкес келген.

Соңғы онжылдықта, отбасының рөлі, оның мәні белсенді түрде әр түрлі алаңдарында талқыланып жатыр. Дамыған елдердің үрдістері, бүкіл неке және отбасы жүйесіндегі бұдан бұрын болған жағдайдан сапалы түрде өзгеше жаңа жынысаралық қарым-қатынасты ұсынуда.
Неке және отбасы институтының бастауы ретінде, ерлер мен әйелдердің рөлі мен лауазымды мәртебесінің түбегейлі өзгеруі  - өзгерістің негізі болып табылады.

Статистиканы айта отырып, 2010 жылдан бастап 2013 жылға дейінгі кезеңде тіркелген неке санының тұрақты өсуі байқалатынын атап өткен жөн. Алайда, аталған жылдар ішінде, бұзылған некелердің де саны ұлғайған. Орта есеппен, қиылған некелердің  санының шамамен 28 пайызы ажырасқан.

2014 жылы қиылған некелердің саны, 2013 жылмен салыстырғанда төмендеді, ал бұзылған неке саны артты, тиісінше бұзылған некелер үлесі өсіп, тіркелген некенің 33 пайызын құрады.
Туған балалардың саны тұрақты өсу үрдісінде. Әкелікті анықтауды тіркеу фактілер санының өсуі, туған балалардың жалпы санының шамамен 15 пайызы, кейбір жұптардың ресми некеге қарағанда,  мәртебесі тіркелмеген,  азаматтық неке деп аталатын жұп құруды қалайтынын куәландырады.

Екінші жағынан, жоғарыда аталған жыныстардың әлеуметтік жағдайындағы елеулі өзгерістер, ХХІ ғасырдағы неке және отбасы қарым-қатынастарындағы жаңа гендерлік сапасының қалыптасуын анықтаған. Күйеудің басым рөлімен дәстүрлі патриархалдық некенің орнын ауыстырып,  ерлі-зайыптылардың айқын және нақты теңдігі бар, оданда некенің ашық нысаны келді. Бұл отбасының қаржылық өміршеңдігіне тең үлес салу, неке таңдауындағы міндетті өзара келісім жағдайында өз көрінісін табады.

Қазақстанда гендерлік сұрақтарға үлкен назар аударылуда. Конституция және барлық ұлттық заңнама өмір мен қызметтің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын қамтамасыз етеді. Әйелдер құқықтары жөніндегі негізгі халықаралық келісімдер ратификацияланды, соның ішінде БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы Конвенция және оған Факультативтік хаттама. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы отбасы істері мен гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия жұмыс істейді. 2005 жылы, ҚР гендерлік саясат тұжырымдамасы қабылданды, 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік жөніндегі ұлттық стратегиясы бекітілген.

Әділет органдары неке және отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы беделін арттыру, неке және отбасылық қарым-қатынастары институтын нығайту, әсіресе отбасында гендерлік теңдік қатысты, гендерлік теңдік стратегиясын іске асыруға мүдделі.

Халықтың құқықтық сауаттылығын және құқықтық мәдениетін қалыптастыру, отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында бұдан бұрын да Әділет органдарымен үздік отбасылық дәстүрді қайта жаңғырту шаралары өткізіледі «Tұсaу кесу», «Азан шақыру», «Неке қию», «Бет ашар», «Бесікке салу» атты отбасылық және басқа да мерекелер өткізілуде.

Осы жылдың басынан бастап, азаматтық хал актілерін тіркеу функциясы, яғни, жастар мен отбасымен тікелей жұмыс жүргізу жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне ауысқан. Әкімдіктердің құзыретінде әлеуметтік саланың барлық мәселелерін шешу  қамтылғанын ескере отырып,  жоғарыда көрсетілген функцияларды беру, отбасын қолдау үшін, сондай-ақ отбасы құндылықтары мен дәстүрлерін насихаттау, отбасы беделін арттыру үшін, соның ішінде көп балалы және жас отбасыларға көмектесу бойынша жұмыстарды аймақтағы туындаған мәселелерді шешу үшін үлкен мүмкіндік береді деп санаймыз.
0 дауыс
Жания Тәңірберген сенсіңбе?

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 6.10.2021 Мектеп сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
...