+2 дауыс
5.6k көрілді
Балаларға қатал тәрбие берген дұрыс па?

5 жауап

+1 дауыс
Меніңше дұрыс емес. Баларды ешқашан бетінен қақпау керек екен. Ерке болып бара жатса кіштай кезінде бетінен қақпай, алдап-сулап сөйлесу керек. Мысалы бала бір бір жаман бірдеңе туралы білгісі келсе оның ойын басқа жаққа бұрып, мейлінше оны ойлатпауға тырысу керек.
+1 дауыс
Жоқ дұрыс емес!!Қатал тәрбие берер болса бала тұйық ешкіммен араласпайтын болып өседі!!
+1 дауыс
Тәрбиеде ұруға болмайды

1- Баланы ұру мінез-хұлқының бұзылуына, ашуланшақ болуына себеп болады.
2- Таяқ жеп өскен бала жұмсақ мінезді болмайды.
3- Таяқ жеу балада әке-шешесіне қарсы ашу-ызаға жол ашады. Бала өзінің істегенін жаман нәрсе деп ойламайды, өзін кінәлі деп сезінбейді, керісінше өзін ұрған адамды кінәлі деп көреді.
4- Таяқ жеп өскен бала ашуланған кезінде ол да күш қолдануға кірісетін болады, басқаларды ұрады. Осылайша таяқ жеуі қызбалыққа себеп болады.
5- Сөз түсінетін жастағы баланы ұруға болмайды. Сөз түсінбейтін баланы болар-болмас қана ұру жеткілікті. Бастан, беттен ұру, таяқпен сабау өте зиянды.
Баланы тәрбиелеу үшін ұру дұрыс емес. Тек қателік істейтін болса, жазалануы мүмкін екендігін сезіндіру керек. Пайғамбарымыз бала-шағаны ұрмауды әмір еткенімен, тәрбиелеу үшін жазаланатынын, ұрылатынын сезіндіру керек екендігін білдірген. Бұл тұрғыдағы хадис шәрифтердің бірі мынадай:
«Үй халқын тәрбиелеу үшін таяқтарыңды олар көретін жерге іліп қойыңдар!» (Табарани)
+1 дауыс

Мен дұрыс деп есептеймін.Бұрын ата-бабаларымыз балаларын молдаға бергенде "Сүйегі меніке еті сіздіке"-деп берген, сол балалардан керемет адамдар, қайраткерлер шыққан. Қазіргі балардың бозөкпе болуы осы тәрбиенің әлсіздігінен,мектептегі мүғалімдердің көбінің әйел балалары болғандығынан. Суйцидтің көптігі де осы бір әздек тәрбиенің кесірінен, жас кезінен бастап етіне таяқ тимей,қатты сөз естімей, шыбық тимес шыңқ етер болып өске бала ертең әскерде біреуден сөз естісе, жоғарғы оқу орнында оқу қыйындаса, үйленгеннен соң келіншегімен ұрысып қалса соныда көтере алмайды, өлуге даяр тұрады. Сондай адам ертең бетін аулақ қылсын, Отанды жаудан қорғай ала ма? КСРО кезінде келешек офицерлерді Суворов училищесі сияқты мекемелерде неге қатал жағдайда тәрбиелеген дейсіңдер? Жас кезінен қатал тәрбиеде болған бала ертең қандай қиындықты болса да оңай көтереді, сол үшін ер баланы еркекше, қыз баланы қыздарша тәрбиелеу керек. Қазір жігіттер қызтеке болып барады. Сондықтан да қыздарымыз түрік, араб жігіттеріне құмар. Олар қатал патриархаттық тәрбиемен өседі, бар сыры осында.

0 дауыс
Қыз балаларды еркелетіп, ал ұл балаларды еркекке тән мінез қалыптастыру үшін қаталдау тәрбиелеу керек. Себебі, балабақша мен мектепте оны тәрбиелейтін кілең әйел адамдар. Сондықтан, ұлға кішкентайынан балға-балта ұстатқызып, балық аулауға апарып, велосипед жөндеткізіп, спортпен айналыстырып, еркек мінез қалыптастыру керек.
...