+1 дауыс
6.1k қаралым

Бақшада 49 ағаш өсіп тұр. Әрқайсысында 7 ағашы бар 7 қатар бар. Бақташы ағаштың көп екенін көріп, оны азайтуға шешім қабылдайды. Артық ағаштарды аралап(кесіп) тастамақшы болады. Жұмысшыны шақырып былай дейді:

- Әрқайсысында 4 ағашы бар 5 қатар қалдыр.

Жұмыс аяқталған соң бақташы жұмыс нәтижесін көруге шығады. Бақша тіптен босап қалған екен. 20 ағаш қалдырудың орнына жұмысшы 39 ағашты аралап 10 ағаш қалдырып қойыпты.

- Неге сонша көп ағашты аралап тастағансың, саған 20 ағаш қалдыр деп айттым ғой?,- дейді Бақташы. Сонда жұмысшы:

- Сіз маған 20 ағаш қалдыр деген жоқсыз, әрқайсысында 4 ағашы бар 5 қатар қалдыр дедіңіз, - депті.

Бақташы бақта шынында да 10 ағаштың 5 қатар, әрқайсысында 4 ағашы бар екенін байқапты. Жұмысшы бұны қалай жасаған.

мен жауабын білмеймін ғой. Қалай жеңілдік айтамын. Шын айтамын. Барлығы дәлелмен жауап жазылса ЖЖ басамын.

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

image

Толық ақпарат беруге тырысыңыз (15 әріптен кем болмасын)

0 дауыс
Бұл жерде 1қатардағы 4ағашымызды 2ге бөлеміз сонда 2шығады ал енді 2ні 5ке көбейтеміз сонда 10шығады.

(4:2)х5=10

Сонда әр қатарда 2/2ағаштан болып тұр......

Жұмысшы осылай жасаған.

Меннен сізге +1
бұл жауап дұрыс емес сияқты, әрқайсысында 4 ағашы бар 5 қатар болуы керек қой
+1 дауыс
image Осылай
Жарайсың Баука! Әрі дұрыс, әрі түсінікті! Рахмет!
127,974
сұрақ
322,914
жауап
153,166
пікір
73,056
қолданушы
...