0 дауыс
54.7k көрілді
Арықтау жолдары туралы ақпарат керек еді? Артық салмақтан қалай құтылуға болады. Азу жолдарын жазып, кеңестеріңізбен бөліссеңіздер.

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

арықтаудың 70 пайызы дурыс тамақтанудан тәуелді.

дурыс тамақтану - ол майлы, ұннан жасалған, майға қуырылған, кондитерлік тағамдар, жартылайфабрикаттар сиақты және шошқа майы бар тағамдардан басқа , суға не парға пісірілген, суға піскен жұмырта мен майсыздандырылған сүт өнімдері, құс төс еті, жеміс жейдектер мен көкөністер, дәнді дақылдар (күріш, сұлы, геркулес, қарақұмық), кукуруз бен горох сиақты тағамдарды өз тізіміне қосады. Ең алдымен сізді қандай тамақ түрі семіртеді соны анықтаңыз, ол мысалға ұннан жасалған тағамдар болуы мүмкін. Яғни осы тағамды күнделікті тамақтану рационыңыздан алып тастаңыз. 

Бұған қоса белсенді өмір салтын қолдасаңыз нәтиже көпке кешікпей сіздің алдыңыздан шығатын болады. Негізгі мәселе яғни көбіне май жинайтын дене мүшеңізді анықтаңыз, мысалы, аяқ не бел, көбіне кыздар ішіне және бөксеге май жинайды. Осы проблемный жерді анықтайсыз, содан кейін сол жермен жұмыс істейтін боласыз, тек жай жұмыс емес көбірек жұмыс істеңіз, көп көңіл бөліңіз. Егер ішке жинасаңыз обруч айналдырыңыз (мен күніне 1 сағат айналдырам, көп комегі бар) және пресс жасау керек болады, 40 реттен күніне 5 рет қайталасаңыз күшті эффект береді. ОЛ үшін ауелі 1рет 40 рет істеп көріңіз де күнен күнге қоса бересіз осылайша күніне 5рет 40рет пресс жасаңыз. Ал аяқ пен галифе, саныңызда болса отырып тұру, скакалкамен секіру, аяқты екі жаққа кезек кезек көтеру, арқамен жерде жатып аяқ көтеру сиақты жаттығулар көмекке келеді, Жалпы салмақ жоғалтқыңыз келсе жүгіріңіз? таңеретен не кешке қай кез сізге ыңғайлы және турникке күніне 3реттен жоғары тартылуды әдетке айналдырыңыз.

Қолыңызда май болса қолды жоғары көтерудің түрлі жаттығулары бар, кішкене 2-5 кг гантельдерді көтеруге болады

Бір ескертетінім!!! өкініштісі, осы жоғарыда айтылғандарды сақтап жүріп, кейін бұрынғы тамақтану салтына көшсеңіз бұрынғы қалпыңызға қайтып оралатын боласыз.

Сондықтан бұл Дұрыс тамақтану мен Өмір сүру салтын үнемі жүргізіп отыру қажет болады.

Сізге арықтау үшін ең алдымен ҮЛКЕН КҮШ, сол МАҚСАТЫҢЫЗДЫ ШЫНЫМЕН ҚАЛАУЫҢЫЗ керек. Яғни бір сөзбенн айтқанда ЖЕЛАНИЕ болса, барі қолыңыздан келеді

Онын бари шын болсада мен билемин 1 кунде 10 кели арыктау жолын :( и 707 деген дари бар аптекада 100 тенге турады тексерип кориндер
сәлеметсізбе! осындай дарі ішу сиақты жолдары адам ағзасын біріншіден стресске алып келеді
Есіңізде болсын!!! арықтау үшін қолданып жүрген әдісіңізбен қаншалықты тез арықтасаңыз ол соншалықты кейін орнына кайтып келу қауіпі бар, егер сіз сол әдісті тастап кетсеңіз
+2 дауыс
Белсенді түрде жаттығулар жасап, спортпен шұғылданыңыз. Жаттығулар барысында тезірек арықтау үшін кейбір айлаларды біліп жүріңіз.

Жаттығу кезінде ағзаңыз майлар мен көмірсуларды энергия көзі ретінде пайдаланады. Алайда ол артық майды көбірек құрту үшін не істеу керек?

    * Жаттығулардың алдында көмірсулары мол тағам жемеңіз. Салат, ботқа, шоколад, шырын... Ағза жаттығу кезінде соңғы келген көмірсуларды ғана кетіреді.
    * Жаттығуыңыз неғұрлым ұзақ болса, соғұрлым көбірек май жойылады. Сондықтан спортзалға кем дегенде 1,5 сағатқа барыңыз.
    * Жаттығулардың түрі де үлкен рөл ойнайды. Аэробика май кетіруге бағытталса, тренажерлар көбінесе көмірсуларға әсер етеді. Ең дұрысы екеуіне де қатысыңыз.
0 дауыс

Ақпарат менікі емес, мына сұрақтың жауабы мына жерде бар екен.

1. Диета. Серьезный диеталарды ұстай алмасаң тамақты аз жеп, арбуз секілді  арықтауға көмектесетіндерді же.
2.Спорт. Спорт дегенде волейболистка немесе баскетболистка бол демеймін... Күнде таңертең кешке жаттығу жаса. Скакалкамен секір, жүгір, көп қимылдауға тырыс, обруч айналдыр.
3.Йога. Йога жаттығуларының жеңілдерін жаса. Йога арықтауға, жасаруға және де фигураны қалпында сақұтауға (жақсартуға) көмектеседі. Йога жаттығуларын интернеттен қарап көр.
Жалқау болма, ерінбей осы айтылғандарды жасасаң 1-2 айда 10 кг-ға дейін тастауың мүмкін. Қаншалықты арықтағаныңды білу үшін весымен өлшеніп, бастапқыңды жазып, кейіннен тағы өлшеніп  қанша кг арықтағаыңды байқауға болады))) Сәттілік*

0 дауыс
Арықтағанда да әдемі арықтау керек) 1 айда 3 кг артық арықтау денсаулыққа зиян. Арықтаймын деп тамақтану режимін бұзып асқазаннан жара шығап жатқандар жетерлік. Горомнға да байланысты, тұқымында толық адамдар көп болса арық болу екі талай, мүмкін емес деген сөз емес. Майлы тағамды азайт, ешкашан тойым тапақтанба, дене еңбегімен көп айналыс, жаяу көп жүр, жемістерді көп пайдалан, олар тез қорытылады және арықтауға да энергия керек, сол үшін тамақтанбай қойғаннан арықтамайсын, жемістерді көп жей бер қайта. Шемішке шақпа, ол майлы)))
0 дауыс
Бұл бетте айтылып жатқан кеңестер  барлығына белгілі. бірақ кеңес иелері мойындағандай, тастасаңыз, кейін бұрынғыдан да көп қосып аласыз, Салмақ тастау  үшін диета ұстауға болмайды. Дәріге жүгінбеңіз (фармацевт ретінде айтамын), Мен кісілерге тамақ ішу әдеттерін дұрыс қалыпқа келтіру арқылы арықтауға көмектесемін, хабарласыңыз; 87773429994
0 дауыс
Алмагул сiздiкi оте дурыс ертен тагы салмак косып алсам а айтпакшы менiн 12 де салмагым 49 тым семiрiп кеттiм канша дурыс тамактанам десем де озiмдi тежей алмайм

Ұқсас сұрақтар

+4 дауыс
13 жауап
0 дауыс
9 жауап
+3 дауыс
6 жауап
Белгісіз 14.11.2011 Денсаулық сұрақ қойды
+4 дауыс
6 жауап
...